«География» пәні бойынша Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы


Экономикалық география. Табиғи-аумақтық кешендер



бет4/7
Дата14.03.2023
өлшемі128,5 Kb.
#74192
1   2   3   4   5   6   7
Экономикалық география. Табиғи-аумақтық кешендер. Географиялық қабық, мұхиттар және материктер, зоналар және белдеулер, ландшафтар табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді.
Табиғи ресурстардың жіктелуі. Табиғи ресурстарды жіктейді; Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды; Табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді; Дүниежүзінің жекелеген аймақтарының табиғи ресурстық әлеуетін бағалайды; Табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлерін топтастырады.
Әлеуметтік-экономикалық ресурстар. Көлік инфрақұрылымы. Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді.
Әлеуметтік инфрақұрылым. Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде адам әлеуетінің даму индексі көрсеткіштерін анықтап, елдерді салыстырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары: ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп. Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп шаруашылық салаларын жіктеу арқылы маңыздылығын түсіндіреді; Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды; Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салаларын анықтап, мамандануын түсіндіреді; Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктейді. Қазақстан аймақтарын шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы мен экономикалық даму көрсеткіштері бойынша салыстырып талдайды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері. Дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері Дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілерін сипаттайды; Халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі. Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтайды; Халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет