«География» пәні бойынша Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы


Геоэкономика. Геоэкономика негіздері



бет6/7
Дата14.03.2023
өлшемі128,5 Kb.
#74192
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Geografiya kaz (1)

Геоэкономика. Геоэкономика негіздері. Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді; Геоэкономиканың негізгі категорияларын түсіндіреді; Геоэкономика мен экономикалық география арасындағы айырмашылықтарды анықтайды; Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстырады; Қазақстан аймақтарының экономикалық дамуын теңестіру жөнінде идеяларды ұсынады; Қазақстан аймақтарының экономикалық даму әлеуетін анықтайды.
Геосаясат. Геосаясат негіздері: Геосаясаттың өзектілігі. Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін түсіндіреді; Геосаясаттың негізгі категорияларын түсіндіреді; Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтайды; Қазақстанның геосаяси жағдайына кешенді баға береді.
Елтану. Дүниежүзі елдері. Саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерін талдау; дүниежүзін аймақтарға аудандастыру қажеттілігін аргументтер келтіріп түсіндіру; елдерді басқару формасы және мемлекеттік құрылымы бойынша топтастыру; елдердің саяси-географиялық жағдайына баға беру.
Адамзатың ғаламдық проблемалары. Ғаламдық проблемаларды шешу. Адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастырады; Ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтайды; Ғаламдық проблемаларды шешу жөнінде әлемдік тәжірибені зерттейді. Қазақстанның аумағында көрініс тапқан ғаламдық проблемаларды анықтайды.


5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет