№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
Оқыту мақсаттары
|
01
|
Географиялық зерттеу әдістері
|
01
|
Географиялық зерттеу объектілері. География ғылымының дамуы. Географиялық деректер көздері. Географиялық тәжірибелер. Жалпы географиялық әдістер. Өзекті географиялық зерттеу әдістері
|
географияны зерттеу нысандарын анықтау; саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға беру; далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолдану; географиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеу: карталар, суреттер, мәтіндер, фотосуреттер, графикалық материалдар; географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтау; зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану; зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолдану;
|
02
|
Географиялық карталар. Географиялық деректер базасы
|
02
|
Географиялық карталар. Географиялық номенклатура
|
маңызды Қазақстандық географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттау; статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасау; географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсету; Қазақстанның географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсету
|
03
|
Географиялық деректерді ұйымдастыру. Географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі
|
географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсету; ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастыру; геоақпараттық әдістер мен геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен байланыстарын түсіндіру;
|
04
|
Жерді қашықтықтан зерделеу әдістері. Геоақпараттық жүйелер технологияларын қолдану аясы
|
жерді қашықтықтан зерделеудің әдістерін сипаттау, маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіру; шаруашылық пен ғылым салаларында геоақпараттық технологияларын қолданудың маңыздылығын сипаттау;
|
03
|
Физикалық география
|
05
|
Литосфера. Литосфераның тектоникалық қозғалыстары. Литосфералық катаклизмдер
|
литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтау; жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсету және сипаттау; жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу; қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіру және транслитерациясын үш тілде ұсыну; жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдау: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг; дүние жүзінде және Қазақстанда литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіру; Қазақстандық компонент негізінде литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру; тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктеу; тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасау; тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтау; тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіру; геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырату; жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға беру; Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтау; Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтау; Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттау; Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру; минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастыру
|
06
|
Атмосфера және оның құрамдас бөліктері. Ауа райы және метеорологиялық элементтер. Қолайсыз атмосфералық құбылыстар
|
атмосфераның құрамын сипаттау, атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіру; «Ауа райы» ұғымын түсіндіреді метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сипаттау; зерттеу маңыздылығын анықтайды; метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін өлшеп, метеорологиялық құрал-жабдықтарды қолданумен тіркеу; атмосфераның ғаламдық циркуляциясын талдап, түсіндіру; климаттық белдеулерді талдау; жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсыну, климат қалыптастырушы факторларды талдау; әр материкте орналасқан ұқсас климаттық белдеулерді салыстыру; жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға беру; адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастыру, шешу жолдарын ұсыну; Қазақстан климатын қалыптастырушы факторларды талдау; Қазақстанның климаттық жағдайын талдау; Қазақстанның климаттық ресурстарын бағалау; Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсету
|
07
|
Гидросфера және оның құрамдас бөлігі. Су ресурстарының маңыздылығы. Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы. Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері.
|
гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттау; су ресурстарының маңыздылығын түсіндіру; өзен аңғарының құрылысын түсіндіру; Қазақстанның ішкі суларын топтастыру; көрсеткіштерін талдайды және сипаттау (өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулары); дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттау; мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттау; мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтау; мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіру; мұхиттар және теңіздермен байланысты апаттарды топтастыру, дүние жүзінің және Қазақстанның көлдері мен мұздықтарын жоспар бойынша сипаттау
|
08
|
Биосфера және оның құрамдас бөліктері. Туған өлкенің флорасы мен фаунасы. Қазақстанның топырақ түрлері. Топырақтың экологиялық проблемалары. Табиғи-аумақтық кешендерді қалыптастыру
|
биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтау; өлкеге тән өсімдіктер мен жануарларды анықтау және «Қызыл кітапқа» енген түрлерін атау; Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтау; жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде топырақ ресурстарына баға беру; топырақтардың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсыну; географиялық қабық, мұхиттар және материктер, зоналар және белдеулер, ландшафтар табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіру; табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын түсіндіру; әр материкте орналасқан ұқсас табиғат зоналар мен биіктік белдеулерді салыстыру; мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтау; Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасау; қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар ерекше қорғалатын аумақтардың құрылу мақсатын түсіндіру; Қазақстанның табиғи мұрасына баға беру
|
04
|
Әлеуметтік география
|
09
|
Халық географиясы
|
дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіру; дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтау; халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени өркениеттік аймақтарының қалыптасуын түсіндіру; қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ұлтаралық және дінаралық келісімнің қажеттілігін дәлелдеу және қалыптастыру жолдарын ұсыну; халық санын анықтау әдістерін түсіндіру; дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктеу; елдердің демографиялық жағдайын талдап, басты демографиялық көрсеткіштерін есептейді: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам; елдердің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып, түсіндіру; дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктеу; «демографиялық саясат» ұғымын түсіндіре отырып дүниежүзінің жекелеген елдеріне қатысты демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсыну; Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтау; дүниежүзі халқы миграцияларының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіру; Қазақстандағы көші-қон үдерістерді талдап, басты бағыттарын анықтау; көші-қон саясатының өзіндік үлгісін ұсыну; қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштері мен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға беру; Қазақстанның демографиялық жағдайын талдап, демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады; Қазақстандағы елді мекендерді жіктеу; елді мекендердің түрлері мен функционалды зоналарын сипаттау; Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіру және транслитерация сын үш тілде ұсыну; Қазақстанның елді мекендері проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсыну; урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсыну; Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға беру
|
05
|
Экономикалық география
|
10
|
Табиғи ресурстар. Әлеуметтік-экономикалық ресурстар. Көлік инфрақұрылымы. Әлеуметтік инфрақұрылым
|
табиғи ресурстарды жіктеу; жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдау; табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсету; жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды талдап, шешу жолдарын ұсыну; табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды; дүниежүзінің жекелеген аймақтарының табиғи ресурстық әлеуетін бағалайды; қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде жекелеген табиғат ресурстарын өңдеу технологиясын сипаттай отырып, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атау; Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау; Қазақстанда жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттап, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атау; табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлерін топтастыру; тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарын сипаттау; Қазақстанда табиғатты пайдалану проблемаларын анықтап, шешу жолдарын ұсыну; жергілікті компонент негізінде; табиғатты пайдалануға байланысты зерттеу жүргізу; Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға беру; Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде адам әлеуетінің даму индексі көрсеткіштерін анықтап, елдерді салыстыру;
|
11
|
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары: ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп
|
ауыл шаруашылық, өнеркәсіп шаруашылық салаларын жіктеу арқылы маңыздылығын түсіндіру; Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдау; Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салаларын анықтау, мамандануын түсіндіру; дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу; Қазақстан аймақтарын шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы мен экономикалық даму көрсеткіштері бойынша салыстырып талдау
|
12
|
Дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі. Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері
|
дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілерін сипаттау; халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттау; халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтау; халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттау
|
06
|
Картография және геоинформатика
|
13
|
Картография. Геоинформатика негіздері
|
тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану, қашықтықтан зерделеу әдістерінің ерекшеліктерін түсіндіру; геоақпараттық әдістер мен геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен байланыстарын түсіндіру
|
07
|
Табиғатты пайдалану және геоэкология
|
14
|
Табиғатты пайдалану
|
табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау; табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға беру (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде); табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде); тиімді табиғатты пайдаланудың қағидаттарын анықтау
|
15
|
Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
|
геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын және бағыттарын графикалық түрде ұсыну; геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіру; геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын түсіндіру; дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру; табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру; табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну; ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіру; геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтау; Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру
|
08
|
Геоэкономика
|
16
|
Геоэкономика негіздері
|
геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру; геоэкономиканың негізгі категорияларын түсіндіру; геоэкономика мен экономикалық география арасындағы айырмашылықтарды анықтау; дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру; Қазақстан аймақтарының экономикалық дамуын теңестіру жөнінде идеяларды ұсыну; Қазақстан аймақтарының экономикалық даму әлеуетін анықтау
|
09
|
Геосаясат
|
17
|
Геосаясат негіздері: Геосаясаттың өзектілігі
|
геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін түсіндіру; геосаясаттың негізгі категорияларын түсіндіру; негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау; Қазақстанның геосаяси жағдайына кешенді баға беру
|
10
|
Елтану
|
18
|
Дүниежүзі елдері
|
саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерін талдау; дүниежүзін аймақтарға аудандастыру қажеттілігін аргументтер келтіріп түсіндіру; елдерді басқару формасы және мемлекеттік құрылымы бойынша топтастыру; елдердің саяси-географиялық жағдайына баға беру
|
11
|
Адамзаттың ғаламдық проблемалары
|
19
|
Ғаламдық проблемаларды шешу
|
адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру; ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтау; ғаламдық проблемаларды шешу жөнінде әлемдік тәжірибені зерттеу; Қазақстанның аумағында көрініс тапқан ғаламдық проблемаларды анықтау
|
Мәнмәтіндік тапсырмалар (мәтін, кесте, графика, статистикалық ақпараттар, суреттер және т.б).
|