География пәнінен негізгі білім беру мектептері үшін арналған емтихан билеттері
Сіздерге география пәнінен негізгі мектепті бітіруге арналған, 6- 9 сынып курсының негізгі бөлімдерінен алынған ауызша билет тапсырмалары ұсынылады. Сұрақтардың көп бөлігі Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясынан дайындалған. Үшінші сұрақ міндетті түрде оқушының карталармен, сызба- нұсқалармен, географиялық нысандарға сипаттама жасай алу қабілетін тексеруге бағытталған. Өткізілу түрі: ауызша емтихан билеттерін тапсыру.
№1 билет.
1/ Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет.
2/ Қазақстан Республикасының отын- энергетика кешені.
3/ Картадан (мұғалім таңдауы бойынша) нүктенің координатасын табу.
№2 билет
1/ Атмосфера, құрамы, құрылысы, маңызы.
2/ Қазақстан- әлем картасында (территориясы, экономикалық- географиялық жағдайы мен мемлекеттік құрылымы), қазіргі Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері.
3/ Ауыр және жеңіл металдар өнеркәсіптерінің орналасу ерекшеліктері.
№3 билет.
1/ Қазақстан территориясының зерттелу тарихы.
2/ Батыс Қазақстан.
3/ Африканың шеткі нүктелерін көрсету: солтүстіктен оңтүстікке қанша км-ге созылып жатқанын анықтау.
№4 билет.
1/ Қазақстанның жер бедерінің ерекшеліктері. Тектоникалық құрылысы.
2/ Қазақстанның шаруашылық құрылымы. Шаруашылықтың орналасу принциптері мен факторлары, кластерлер.
3/ Картадан (мұғалім таңдау бойынша) қаланың координатасын табу.
№5 билет.
1/ Қазақстанның климат қалыптастырушы факторлары.
2/ Қазақстан Республикасы машина жасау кешені.
3/ Картадан Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстың қара металлургиясының орналасу ерекшеліктерін ата.
№6 билет.
1/ Қазақстанның ішкі суларының орналасу ерекшеліктері.
2/ Қазақстанның экономикасы. Еліміз экономикасындағы шаруашылықтың өткені, қазіргі және болашақ негізгі даму кезеңдері.
3/Топографиялық картадан А және В нүктелерінің арақашықтығын анықтау.
№7 билет.
1/ Табиғат ресурстары. Табиғат ресурстарының республика аймағында кездесу ерекшеліктері.
2/ Қазақстан Республикасының қара және түсті металлургиясы.
3/ Жердің ішкі құрылысын сызба- нұсқа түрінде салып, сипатта.
№8 билет.
1/ Литосфера. Литосфералық тақталар теориясы.
2/ Қазақстан халқы «Халықтың табиғи және механикалық қозғалысы. Демографиялық жағдайы».
3/ Қазақстан Республикасының экономикалық аудандары және олардың құрамына кіретін облыстарды көрсету.
№9 билет.
1/ Ауыл шаруашылығына климаттың тигізетін әсері. Қазақстан Республикасының агроклиматтық қорлары.
2/ Урбандалу. Ауыл және қала халқы.
3/ Картадан дүниежүзілік мұхиттың тереңдігін анықтау.
№10 билет.
1/ Қазақстанның өзендері, қоректену ерекшеліктері, ірі бассейндері.
2/ Қазақстан Республикасының химиялық кешені.
3/ Атластан Еуразияның (оқушының таңдауы бойынша) еліне жалпы сипаттама беру.
№11 билет.
1/ Қазақстан Республикасының көлдері. Экологиялық проблемалары.
2/ Алматы, Байқоңыр- еліміздің ерекше қалалары, олардың экономика дамуындағы алатын рөлі.
3/ Атластан Павлодар облысының географиялық орнына сипаттама беру.
№12 билет.
1/ Еуразия материгінің географиялық орны мен табиғат жағдайлары.
2/ Қазақстан Республикасының көлік кешеніне сипаттама беру.
3/ Қазақстанның табиғат байлықтарына (таңдау бойынша) сипаттама беру.
№13 билет.
1/ Гидросфера, оның құрамы.
2/ Қазақстанның жеңіл және тамақ өнеркәсібі, орналасу ерекшеліктері.
3/ Қазақстан облыстарының урбандалудың жоғары және төмен деңгейін анықта, себебін түсіндір.
№14 билет.
1/ Солтүстік Америка материгінің географиялық орнына сипаттама бер.
2/ Қазақстанның экологиясы мен халықаралық экологиялық қарым- қатынасы.
3/ Климат картасынан Қызылорда мен Петропавл қалаларының климаттық ерекшеліктерін анықта.
№15 билет
1/ Биосфера. Қоршаған ортаға адамның тигізетін іс-әрекеті.
2/ Орталық Қазақстан.
3/ Қазақстанның мұнай және көмір өндіру аудандарына (таңдау бойынша) сипаттама бер.
№16 билет.
1/ Қазақстанның физикалық-географиялық, экономикалық-географиялық жағдайы.
2/ Шығыс Қазақстан.
3/ Диаграммаға қарап, климат типін анықта.
№17 билет.
1/ Биосфера
2/ Қазақстанның басқа шет елдермен саяси, сыртқы экономикалық, мәдени- гуманитарлық қарым- қатынасы.
3/ Өзің тұратын қаланың, ауылдың, елді мекеннің экономикалық жағдайын сипатта. Ерешке ұлттық шаруашылық түрлері мен өндіріс орындары. Сен тұратын елді мекеннің облыс, аймақ, республика экономикасындағы маңызы.
№18 билет.
1/ Географиялық қабық, оның құрамы, арасындағы байланыс.
2/ Солтүстік Қазақстан.
3/Картадан Қазақстанның ірі СЭС мен ГЭС табу.
№19 билет.
1/ Қазақстанның табиғи аудандары. Аудандарға бөлу себептері.
2/ Оңтүстік Қазақстан.
3/ Компос көмегімен көкжиек түстерін анықтау.
№20 билет.
1/ Оңтүстік Америка материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
2/ Астана- Қазақстан Республикасының астанасы, қаланың аймақ, мемлекет экономикасының дамуы мен жаңғыруындағы алатын рөлі, ЭКСПО- 2017 көрмесін өткізетін жер.
3/ Ертіс өзеніне сипаттама бер.
№21 билет.
1/ Қазақстанның топырағы. Топырақ эрозиясы.
2/ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені. Өсімдік және мал шаруашылығы.
3/ Қазақстан Республикасының әр түрлі сағаттық белдеуде орналасуын шешу жолдары.
№22 билет.
1/Қазақстан Республикасының қорғалатын аймақтары.
2/Қазақстанның инновациялы- индустриялдық бағдарламасы.
3/Халықтың тығыздығын анықтау.
№23 билет.
1/ Африка материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
2/ Қазақстанның еңбек ресурстары.
3/ Павлодар-Екібастұз аудандық-аймақтық комплексіне сипаттама.
№24 билет.
1/ Аустралия материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
2/ Қазақстанның геосаяси жағдайы.
3/ Картадан облыс орталықтарын көрсету.
№25 билет.
1/ Антарктида материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.
2/Қазақстан- әлем экономикасында (жетістіктері, тенденциялары, реформалары, халқының өмір сүру деңгейі мен ТКИ)
3/ Картадан Қазақстанның табиғат зоналарын көрсет. Бір зонаға (таңдау бойынша) сипаттама бер.
Достарыңызбен бөлісу: |