ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХОР ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Орындаған: МО-21-1у тобының ст-ті Бердіқожа Аймереке
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы О. А.Абдибекова
АҢДАТПА
Осы ғылыми жоба арқылы, Қазақстанда жалпы хор өнерінің даму кезеңдері зерттелген. Қазіргі кездегі хор өнерінің жағдайы, даму сатылары, Қазақстандағы осы өнер түрінің дамыған аймақтары мен хор ұжымдарына сипаттама берілген. Әлем және Қазақстан деңгейіндегі хор музыкасына еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің шығармашылығы. Әлемдік деңгейдегі хор өнері және оның бүгінгі жағдайы мен халықтың хор музыкасына көзқарасы баяндалған.
Ғылыми жетекші:
«Дәстүрлі музыка өнері және хореография» кафедрасының аға оқытушысы О.Ә.Әбдібекова
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: ҚР 2030 стратегиясының анықтап берген және ғылым мен білім беру жүйесінде тұрған жауапты міндеттердің бірі – еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын мәдениетті жастарды тәрбиелеу негіз болып табылады. Еліміздің болашағы жастарға білім мен тәрбие беруде музыкалық тәрбиенің ерекше маңызды .орын алары сөзсіз.
Әуен — адам өмірінің серігі, ал, хор өнері - эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыка жоқ жерде, адам тірлігі де жоқ деп Ю.Фучек өте тауып айтқан. Қазақстанда хор өнерінің даму кезеңдерінде хордың операдағы рөлі, Қазақстан композиторлары үшін үлкен өзгеріске ұшырады. Бүгінгі күн – ертең тарих. Кезінде қазақтың «қосылып айту» деген сөзі « хормен ән айту» деген атқа ие болды, бұл дегеніміз, опера жанырындағы хордың орны ерекше бөлек дегенді білдіреді, хор – ол осы жанрдың таптырмас бөлігі, басты кейіпкерлердің қатарына еңген ұжым болып калыптасты. Қазақ композиторларының шығармаларындағы хор жанрының даму тарихын, хор капелласының қалыптасуын, хор музыкасын дамытудағы Қазақстан композиторларының еңбегін, хор өнерінің қандай қарқынмен дамығанын өскелең ұрпақтың білу і өте маңызды деп есептеймін