Сабақ №9 «білім беру мазмұнын қалыптастырудың теориялары, дереккөздері, факторлары, критерийлері мен негізгі принциптері»



Дата27.11.2023
өлшемі22,54 Kb.
#128589
түріСабақ
Байланысты:
201 Серікханқызы Жания практикалық 9


Серікханқызы Жания, 201-топ
Практикалық сабақ №9
«БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ, ДЕРЕККӨЗДЕРІ, ФАКТОРЛАРЫ, КРИТЕРИЙЛЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ».
Тапсырма:
Білім беру мазмұнын қалыптастыру теорияларының дамуын және олардың негізгі ережелерін зерттеу және теориялардың авторлары мен олардың берген анықтамаларын кестеде толтыру.

Теория атаулары

Өкілінің аты жөні

Анықтамасы

  1. Дидактикалық материализм

Я.А.Коменский,Джон Мильтон,Г. Спенсер.

Бұл теорияны жақтаушылар мектептің негізгі мақсаты оқушыларға түрлі ғылымдар салаларынан барынша кең көлемді білімдерді беру деп санады.«Энциклопедистің» ойынша оқушылардың қоршаған ортаның кейбір фрагменттерін түсіну тереңдігі оқылған материалдың көлеміне тікелей пропорциялы. Өз пәнінің маңыздылығын түсіне отырып, ол сонымен қатар, басқа ғылымдар өкілдерінің дәл сондай позициясын қабылдамайды да, өз пәнінің бағдарламасына мейлінше көп материалдарды енгізуге тырысады.

  1. Дидактикалық формализм

Гераклит,Цицерон

Оқушылардың танымдық
қызығушылығын және даму қабілеттілігін оқытуды қарастыруы оқыту пәндерін таңдауда негізгі өлшем ретінде оқу пәнінің дамытушылық қызметі болып табылады, әсіресе классикалық тілдерде, математикада.
Дидактикалық формализмнің теориялық негізі бір іс-әрекет аймағынан келесіне алынған білім мен дағдының ауысуы туралы ережені құрайды.



  1. Дидактикалық утилитаризм

Дж.Дьюи,Г.Кершенштейнер

Дьюи бойынша, білім беруді біз «тәжірибені реконструкциялаудың» үздіксіз үрдісі ретінде қабылдауымыз қажет. Оның ойынша, білім берудің мақсаты мен үрдісі бір нәрсе, яғни, әрбір пәндердің оқу мазмұны арасындағы байланыс көзін табиғаттанудан, әдебиеттен, тарих немесе географиядан емес, оқушының қоғамдық және жеке басылық іс-әрекетінен іздеу қажет.

  1. Функционалдық материализм

В. Оконь

Автор оқушылардың білім алуын ғана қамтамсыз етіп қоймай, сонымен қатар шеберліктер мен дағдыларды игеруге және оларды өз іс-әрекетінде қолдана алатындай теория жасау қажеттігін атап көрсетеді. 

  1. Білім беру мазмұнын операциялық құрылымдау теориясы

Б.Скинер

Білім мазмұнын әдетте ғылыми білім, білік, дағды жүйесі деп атайды.
Білім мазмұнының негізгі элементі – білім. Білім деп қоршаған шындықтың құбылыстары мен объектілерін, сондай-ақ қоғамның да, табиғаттың да даму заңдылықтарын білу нәтижелерін айтады.
Білім беру мазмұнының тағы бір элементі – мектеп оқушыларының алған білімдері негізінде жүзеге асыратын белгілі іс-әрекеттер жиынтығы болып табылатын дағды.
Бiлiм мен дағды бiлiм мазмұнының элементтерi болып табылады. Адам үйренген материалды тәжірибеде үнемі қайталау арқылы дағдыға ие болады.

  1. Білім беру мазмұны педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе ретінде

В.В.Краевский , И.Я.Лернер, Скаткин

Жалпы орта білім беру мазмұнын қоғамның білім беруге қоятын талаптарының моделі деп қарастырды; оның тео-риясын жасау мен мәселелерінің әдіснамалық негіздерін ашып көрсет-ті; білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлерін анықтады: жалпы тео-риялық түсінік; оқу пәні; оқу материалы; оқыту үдерісі және тұлғаның құрылымыҒалымдар жалпы орта білім беру мазмұнын қалыптас-тырудың ұстанымдарын түзді.

Білетінім:Дәріс сабақтарынан өкілдер туралы, яғни есімдерін.


Жаңадан білгенім: Осы өкілдердің теория атауларын, мазмұнын.
Қиындық туғызды: Теориялардың анықтамасын тереңірек ізденіп,оларды түсіну.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет