«География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет10/32
Дата08.12.2023
өлшемі1,32 Mb.
#135034
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Тәжірибенің қорытындысы
: Бізді әрдайым айналамызда ауа 
қоршап тұратындығын байқадық, және ауа газ тәріздес зат екен. 
17-тапсырма 
Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер 
бетіндегі ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге 
ауысуын жел деп атайды. Адам желдің күшін өте ерте заманнан 
пайдаланып келеді. 
Адамзаттың желді пайдалануына үш мысал келтіріңіз. 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы:
Қуат көзі ретінде (Энергетикалық мақсатта) 
Жер астынан су тарту үшін 
Спорттық мақсатта (желкенді қайықпен, парашютті спорт) 
Ұн,астық (бидай) тарту үшін 
Желкенді кемелермен саяхаттау үшін 
Егінді суғару үшін, егістікке су жіберу үшін 
18-тапсырма 
Желдің пайда болуының себебі – ауа қысымының жер бетінде 
әркелкі таралуы. 
«Бриз» және «Муссон» сөздерін пайдаланып, олардың пайда болу 
үдерістерін түсіндіріңіз. Екеуінің ұқсастығын табыңыз. Бриз желі 
адамға пайдалы ма? 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы:
Бриз – құрлық пен судың үстіндегі ауаның әр-түрлі 
жылынуына байланысты бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін 
жел. 
Муссон — құрлық пен теңіз арасында тұрақты соғатын 
маусымдық жел. 


19 
Ұқсастығы екеуіде — құрлық пен су айдыны арасында соғатын 
жел. Бриз желі айналасындағы құрылықтағы күндізгі аптап 
ыстықты бәсеңдетеді. Бриз французша жеңіл жел,яғни теңізден 
соғатын жанға жайлы самал жел. Рекреациялық — емдік қасиеті 
бар, теңіз жағасында демалуға, денсаулығын нығайтуға, таза 
ауамен тыныстауға пайдалы. 
19-тапсырма
Желдің адамға тигізер пайдалы және пайдасыз жағын талдаңыз. 
Желдің зиянды әрекеттерінен адам өмірін қорғаудың қандай 
жолдарын ұсынасыз? 
______________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы: 
Пайдалы жағы: ауаны алмастырып тазартуы, таза әрі 
арзан қуат көзі, жел диірмені, спорттық мақсатта пайдалануға 
болатындығы 
Пайдасыз жағы: Апатты дауылдар-тайфун, боран, шаңды дауыл. 
Қорғану жолдары: Ауа-райын алдын-ала болжай білу керек. 
Алыс жолға табиғат аясына шығарда алдағы ауа-райы 
жайлы ақпараттармен танысу керек. (Теледидар. ғаламтор
газеттерден) 
Апатты дауыл жақындағанда қауіпсіз жерге кетуге тырысу қажет, 
үлгермесе тығылатын пана жер тезірек табу керек. 
Шаңды, құмды дауылға тап болғанда адам басын, бетін бүркеу 
керек. 
20-тапсырма
Автомобиль көлігінің ауаны ластауын тоқтату үшін қандай 
шаралар тиімді болар еді? Өз ойыңды, ұсынысыңды жаз. 
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет