«География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата08.12.2023
өлшемі1,32 Mb.
#135034
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
«География п нінен о ушыларды функционалды сауаттылы ын арттыр

 
Жауабы:
Сумен, сутегімен, этил спиртімен ,күн батареясымен 
жүретін таза экологиялық автомобильдерді көптеп шығарып 
қолдану. 
Жанар-жағармаймен жүретін көліктерден бас тарту. 


20 
Велокөлікпен жүруді өмір салтына айналдыру. 
21-тапсырма 
Үйде краннан ағып тұрған су құбырлармен жеткізілген. Не үшін 
су құбырларын жердің астымен өткізеді? 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы:
-Қыста ауа температурасы өте төмендеп кететіндіктен 
-Қыста жер бетіндегі тым суынған ауаның құбырдағы суды 
қатырып тастамауы үшін. 
-Ауа температурасы өте төмендегенде су бір күйден екінші 
күйге, яғни сұйық күйден қатты күйге өтпес үшін. 
-Су құбырына қалың төселген (жауып жатқан) топырақ қыста өте 
суық ауадан ,аяздан қорғайды. 
22-тапсырма
Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына 
түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км 
биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан 
ауаның қысымы биіктік бойынша өзгереді.Асқар ата-
анасымен
Астана 
қаласына
ұшақпен 
баруды 
жөн 
көрді.Ұшақ әуежайдан көтерілерде стюардесса жер бетіндегі 
атмосфералық қысым 750 мм екендігін хабарлады. Ұшақ 5000 
м 
биіктікке 
көтерілгенде
Асқар 
ұшақ 
сыртындағы 
атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады.Асқарға 
көмектесіңіз, 
ұшақ 
сыртындағы 
қысымды 
анықтаңыз және қорытынды шығарыңыз. 
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін 
айналдыра сызыңыз. 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет