«География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы»


Мазмұны:  1. Кіріспе ........................................................................................4



Pdf көрінісі
бет2/32
Дата08.12.2023
өлшемі1,32 Mb.
#135034
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Мазмұны: 
1.
Кіріспе ........................................................................................4
 
2.
Инновациялық бағыт-креативті ойлау.....................................8 
3.
«Атмосфера» тарауы бойынша тапсырмалар..........................9 
4.
«Литосфера» тарауы бойынша тапсырмалар..........................23 
5.
«План және карта» тарауы бойынша тапсырмалар................31 
6.
«Аспан денелері» бойынша тапсырмалар...............................35 
7.
«Дүниежүзілік мұхитты зерттеу» бойынша тапсырмалар.....37 
8.
«Табиғат және қоғам» бойынша тапсырмалар........................39
 
9.
« Қазақстан географиясы».........................................................45 
10.
Қорытынды..............................................................................58 
11.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................60 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Кіріспе 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі 
әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елімізде жүргізіліп 
жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға 
бағдарланған. Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін 
реформалау құзырлылық ұстанымына және әлемдік білім беру 
кеңістігіндегі оқытудың озық әдістемелері мен амал-тәсілдеріне 
негізделген.
Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі 
аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД 
елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық орынға шығып, 
2021 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық 
деңгейде 
нәтиже 
беретінін 
айқындайды. 
Cондай-ақ 
оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын 
дамыту 
жөніндегі 2012-2021 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын 
іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында 
өкізілетін 
оқушылардың 
ғылыми 

жаратылыстану 
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда. 
Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық 
білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге 
бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде.
PISA (Programme for International Student Assessment) – 
халықаралық зерттеудің мақсаты 15 жастағы оқушылардың 
математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын 
бағалау болып 
табылады. 
Зерттеудің 
негізі 
мектептің 
бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы 
білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда 
шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау. 
Жаратылыстану бағытында деңгейлеп оқыту жүйесі 
еуропалық стандарт талаптарына сәйкестендіріліп, әлемдік білім 
кеңістігіне шығу, қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, 
білік, дағдылар мен тілдік құзіреттілікке ие бәсекеге қабілетті 
тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып 
табылады. География сабағында креативті ойлау тапсырмаларын 
қолдану арқылы оқушылардың кеңістік, қоршаған әлемді және 
оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және 
географиялық тұжырымдамалар мен географиялық мәселелерді 
талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік 



туғызады. Оқушылардың күнделікті өмірде туындаған көптеген 
мәселелерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілеттерін 
қолдана алуға әсер етеді. 
География сабағында креативті ойлау тапсырмаларын 
қолдану арқылы жаңа тақырыпты жылдам, өз бетімен игеріп, 
дұрыс түсінетін, кездескен мәселелерді шеше алатын, істің 
мағынасын терең және нақты түсінуге тырысатын байқағыштық 
қасиеті жақсы дамыған, сауатты сөйлеп, білімді игерген, оны 
практикада асыратын, картаның тілін, теориялық білімді 
теңгеріп, географиялық үрдістердің жүруін болжай алатын жеке 
тұлғаны қалыптастыру. Мұғалім арнайы тапсырма дайындап, 
оны сабақта қолдану арқылы оқушының зерттеушілік, 
ізденушілік 
дағдысы 
қалыптасады. 
Оқушылардың 
шығармашылық қабілетін, 
сабаққа 
деген 
ынтасы 
мен 
бейімділіктер жүйелі түрде дамытуға жағдай жасау арқылы 
арнайы қабілеттілікті жоғары деңгейге жеткізуге болады. 
PISA
 з
ерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы 
қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап 
өткен жөн: 
1. 
Оқушыларға 
тапсырмаларды 

деңгейлі 
Блум 
таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан 
гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру. 
2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды 
орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай 
тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу. 
3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын 
жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын 
өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, 
оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын 
жағдаятты өзгертіп отыру. 
4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін 
алдын-ала ескерту. 
5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік 
есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата 
отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, 
өзін-өзі бағалауға үйрету. 
Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары 
деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін 



мұғалімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары 
деңгейде болуы керек. 
Құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру тәсілдерінің бірі – білім 
беру үдерісінде креативті ойлау тапсырмаларды құрастыру және 
пайдалану. Креативті ойлау тапсырмасының ерекшелігі көбінесе 
шарттар мен сұрақтар дербес ретінде белгіленіп, бір қарағанда 
бір-бірімен байланысты емес. Жағдай мен сұрақтарды 
байланыстыру-оқушының міндеті. Мұндай "байланыстыру" үшін 
жеке тәжірибені, қосымша ақпаратты тарту қажет, контекстпен 
жұмыс 
істеу 
қажет. 
Осы 
жерден 
креативті 
ойлау 
тапсырмаларының дизайны - олар көбінесе нақты өмірлік 
практикадан алынған жағдайды сипаттайды. Тапсырмалар 
шарттары да, сұрақ формасы да пәндік жағдайға байланысты 
емес. Керісінше, өмірлік жағдайды пәнге аудару және 
тапсырмалардың күрделілігін құрайды. Әрбір тапсырма-шешім 
талап ететін жағдай, жағдай. Креативті ойлау тапсырмалары 
оқушылардың танымдық қызығушылығын, ойлау дербестігін, 
зерттеу іскерлігін қалыптастыру мақсатында сабақтың әртүрлі 
кезеңдерінде танымдық тапсырмалар ретінде қолданылады. 
Креативті ойлауға құзыреттілік-бағытталған тапсырмаларды 
орындау кезінде оқушылардың географиялық білімді әртүрлі 
жағдайларда қолдану қабілеттерін қалыптастыруға басты назар 
аударылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет