7
«География пәнінен оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті
тапсырмалар жинағы»
әдістемелік құралы
Мақсаты:
География пәні бойынша оқушылардың функционалдық
сауаттылығын
дамытатын
креативті
ойлау
дағдысын
қалыптастыруға
негізделген
тапсырмаларды
құрастыру,жинақтау.
Құзыреттілігі:
Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;
Креативті идеяларды ойлап табу,жобалау;
Идеяларды бағалау
және жетілдіру, өмірмен байланыстыру;
Міндеттері:
Тірек
сөздер арқылы ақпарат іздеу;
Зерттеу жүргізу процестерін талдау;
Қолда бар деректерге сүйеніп болжам жасау;
Ғылыми фактілер мен зерттеу деректерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың
ғылыми-жаратылыстану
функционалдық
сауаттылықтарын арттыру;
Креативті ойлау дағдысы артып, мәселені коллаборативті ортада
шешу;
Креативті ойлау тапсырмаларын
ұтымды шешуге арналған
стратегиялар мен дағдыларды анықтау;
8
PISA-2022-нің басым инновациялық бағыты- креативті ойлау
Креативті ойлау халықаралық бағалау білім беру саясаты мен
педагогикалық саясатта оң өзгерістерге ықпал етеді.
Дамытуға болатын шығармашылық ойлау қабілетін бағалау және
проблемалардың шығармашылық шешімін табу.
Идеяларды іздеуде және сипаттауда
оқушылардың қаншалықты
дәрежеде шығармашылық ойлауға қабілетті екендігін, бұл
қабілеттің оқыту тәсілдеріне, мектептің қызметіне және
басқа да
білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне қалай байланысты
екендігін сипаттайды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) оқу
жетістіктерін бағалаудың төртінші бағыты ретінде «Жаһандық
құзыреттілік» бағытын енгізген.
PISA тесті 15 жастағы
оқушылардың креативтілігін, сын
тұрғысынан ойлау, көшбасшылық және алдын ала жобаланған
стандартты емес жағдайға бейімделе білу қабілетін бағалайды.
Оқушылар өз бетінше шешім қабылдауды және таптаурын болған
стереотиптерді ұстанбауды үйренуі керек.
Назар аударуды қажет ететін маңызды мәселелер –
автоматтандыру
және жасанды интеллект, … компьютерлік
ойлау тұжырымдамалары мен цифрлық
технологияларды ұтымды
қолдана білу.
Достарыңызбен бөлісу: