Географияны оқыту процесіндегі қолданылатын технологиялар


Сызба 3. Электронды оқулықтың тиімділігі



бет12/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#18689
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Акпарат технология Айнабаев с-б

Сызба 3. Электронды оқулықтың тиімділігі
Жаңа ақпараттық технологияны география сабағында пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, орта мектептерде география пәнін оқыту кезінде компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен,компьютерлік технологияны география сабағында пайдаланудың үш негізгі түрі бар:

Ақпараттық технологияны география сабағында үздіксіз пайдалану, әсіресе сарамандық сабақтарда.

Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс уақыттарда георгафия пәнінен өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.

Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану. (дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия ) [12].

Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушының географияны терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет