Географияны оқыту процесіндегі қолданылатын технологиялар


Сызба 1. Дәстүрлі емес түрде өткізілетін сабақтар



бет9/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#18689
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Сызба 1.

Дәстүрлі емес түрде өткізілетін сабақтар

Бүгінгі заманның мектебінде білім беру оқытудың дәстүрлі емес, оқушының оқу-танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін, оқушыларды өздігінен білім алуды үйретуді, тұлғаның ізденімпаздығын және шығармашылығын дамытуды қамтамасыз ететін технологияларды қолдануды талап етеді [7].

Оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану білімді толықтырады, жүйелендіреді, бекітеді, оны саналы түрде пайдалануды қолдайды. Оқушылар оқу үрдісіне белсенді қатысып, қызығушылығы артады және стандартты ойлау бағытына сүйенбей, өз ой-пікірлерін еркін жеткізе алады.

Білім берудегі озық технологиялардың бірі «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын география сабағында пайдалануды тиімді деп есептеймін.

Географияның әртүрлі пәндермен кіріктіруге мүмкіншілігі зор пәндердің бірі екендігі белгілі.

Сондықтан СТО технологиясын қолдану арқылы ұйымдастырылған сабақтар дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда айрықша есте қаларлық, тұлғаның эстетикалық-эмоционалдық сезіміне тәрбиелейтін оқушыны жан-жақты дамытатын сабақ болып табылады. Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру жұмысымда СТО технологиясының стратегияларын қолданып, сабақтарымды келесі үлгімен: ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ – МАҒЫНАНЫ АЖЫРАТУ – ОЙ ТОЛҒАНЫС кезеңдерін ұстанып ұйымдастыру қажет.

«Қызығушылықты ояту» кезеңінде қолданылатын әдістер оқушылардың тақырыпқа байланысты бұрынғы алған білімдерін қолданып, қайта жаңғыртып, естеріне түсіруін қажет етеді. Бұл кезеңде «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» кестесін толтыру, ассоциациялар жүйесін құрастыру, «Болжам жасау сияқты» әдістерді қолдануға болады.

«Мағынаны ажырату» кезеңінде оқушылар тақырыпқа ене отырып, оның негізін ашады. Бұл жаңа материалдың мағынасын ашу үшін мәтінмен жұмысты әртүрлі – топтық, ұжымдық, жұптық немесе жеке түрде ұйымдастырамын. Мұнда «Аялдамамен оқыту», «Кернез жазу», INSERT кестесін толтыру әдістері тиімді [8].

«Қызығушылықты ояту» және «Мағынаны ажырату» кезеңдерінде қолданылған әдіс тәсілдер «Ой-толғаныста» шарықтау шегіне жетеді. Негізгі жұмыс аяқталғаннан кейін, оқушылар топтық немесе жұптық формада бір-біріне сұрақ қойып жұмыс атқарады. Оқушыларға «мағынаны ажырату» кезеңінде негізгі мәтінмен жұмыс барысында алған білімдерін «ой толғанысқа» салады. Мысалы үшін, «5 жолды өлең құрастыру», «Эссе жазу», «Дөңгелек үстел» тесттік жұмыс әдістерін қолдану да тиімді. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың ойын қозғап, жаңа материалдан алған теориялық білімдерін қолдану арқылы практикалық тапсырмаларды орындауға көмектеседі.

Осы технологияны қолдануда оқушылардан күтілетін нәтиже: оқушылардың

- өмірге бейімделген, алған білімін практикада қолдана алатын;

- өзі шешім қабылдайтын, жаңашыл, шығармашыл;

- ақпарат құралдарымен сауатты жұмыс істей алатын;

- коммуникативті дағдысы жетілген, әртүрлі саладағы адамдармен тіл табыса алатын;

- өз білімін, мәдениет деңгейін көтере алатын тұлға алу.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін, олардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру әртүрлі арнайы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызметіне деген мотивтерін тудырып, материалды түсінуін қамтамасыз етуі қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет