Географияны оқыту процесіндегі қолданылатын технологиялар


кесте Шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу динамикасы



бет8/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#18689
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
1 кесте

Шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу динамикасы




Қабілеттер

Зерттелген оқушылар саны

Барлық балалар санынан %

1

Тапсырманы тиімді шешу жолдарын іздестіру

8

24

2

Тізбек жасау

9

26

3

Қосымша ақпарат көздерін таба білу

15

44

4

Қажетті ақпарат табу және жеткізе білу

13

38

5

Тез ойлау

8

24

6

Өз ойын анық жеткізе білу

8

24

7

Тапсырманы тиімді орындау

21

61
Нәтижесінде оқушылардың 61% тапсырманы тиімді орындай алатыны көрінді. Ал тапсырманы тиімді шешу жолдарын іздестіру, тез ойлау, өз ойын анық жеткізе білу қабілеттерін дамыту үшін жұмыс жүргізу қажет.

Зерттеудің нәтижелерінен оқушылардың танымдық қызығушылық қабілеттерінің орташа деңгейден төмен екіндігі анық болды

География сабағын өту барысында мынадай міндеттер туындап отыр:


  • Оқушыларды өз білімдерін қажет ететін қызметке итермелейтін жағдайларды қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту формаларын қолдану;

  • Үрдістерді, жағдаяттарды сапалы бағалау тәсілдеріне үйрету, оқушыларға саналы білім беру үшін ақпараттық материалдарды жүйелеу;

  • Шығармашылық бастамасын дамытуға, білімді үздіксіз толықтыруға талпындыру, балалардың өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру үшін, ізденістік, зерттеушілік іс әрекетке баулу.

Қазіргі заманда ең басты мақсат – біліммен қаруландыра отырып, инттеллектісі жоғары дамыған, білімге құштар тұлғаны тәрбиелеу. Жоғары оқу орындарына білімді, жаңашыл түлектер қажет. Осыған байланысты, заманымызға сай мұғалім сабақта тұлғаны белсенді оқу-білім қызметіне кірістіру арқылы дамыту керек. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыруының маңызды факторларының бірі – оқытуды ұйымдастырудың алуан түрлілігі. Оқушылардың танымдық қызметінің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып белсенді білім алу жұмысына кірістіру, сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіншіліктерін әлдеқалай кеңейтеді [5].

Білім стандарты жаппай міндетті білім, білік, дағдының орнына күтілетін нәтиже ретінде тұлға құзырлылығын қойып отыр. Құзырлылық бірінші орынға оқушының ақпаратпен қамтамасыз етілуін емес, тапсырма жауабын ісі арқылы шешудегі дайындық әлеуеті. Педагогикалық жобалау шығармашылық қызметінің компоненті ретінде білім беру мазмұнын оқушы тұлғасының жетістігі етуді, оны баланың жадына емес, жанына, интеллектісіне жақындатуды талап етеді.оқушыға нақ осы сәтте не қажет екендігін нақтылау оның даму бағытын белгісіздік қағидаларына сүйене отырып жобалау – субъектілердің ойлануына, жаңа білім үлгісіне тән субъект-субъектілік қатынастың орнауына мүмкіндік туғызады.

Осы жерде айта кету керек білім-беру үрдісіндегі өзара қарым-қатынастың маңызы өте зор. Адамның өмір сүру қабілеті өзінен тыс өмір сүре алмайды және өзгелердің сыртқы әсерінен де пайда болмайды, ол тек қана оның өз мәселелерін қалай шеше алатынына байланысты.білім алу үрдісіндегі өзара қарым-қатынас әр түрлі құрылымдардағы, сабақтағы және сабақтан тыс, оқушылар мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мұғалімдермен ата-аналардың,қоғамдық ортаның, әкімшіліктің арасындағы ақпараттық, әрекеттік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және басқа да байланыстардың тұлғалық бағдарлы сипатын беретін ұғым болып табылады. Аталған қатынастар педагогикалық үрдісте: мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім өзара «субъектаралық қатынастар», мұғалімдер ұжымы, оқушылар ұжымы «ұжымдық диалогтік» және «тұлғалық рефлексиялық қатынастар» деп аталатын педагогикалық шарттар ретінде қарастырылады.

Субъектаралық қатынастардың шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз дамуының, білімінің субъектісі болып табылады.

Ұжымдық диалогтік қатынас шарттары мұғалімдер ұжымына да, оқушылардың сыныпішілік, мектепішілік ұжымына да әкімшілік топтарына да қатысты орындалады.

Тұлғалық рефлексиялық қатынастар шарттары тұлғаны педагогикалық үрдістегі субъект ретінде танып, оның бойындағы әлеуеті мен мүмкіндіктерінің дамуы үшін қолайлы орта туғызуды көздейді [6].

География сабағында оқушылардың ББД деңгейі мен мемлекеттік тапсырыс арасындағы қарама-қайшылықтарды ескере отырып төмендегідей қорытында жасауға болады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру барысында мынадай бірнеше бағыттар ұсынуға болады:

-Оқушыларға заманымызға сай ғылым қозғалысын алға басуын көрсете алатын деректермен, мәліметтермен таныстыру;



  • қызықтыратын мәліметтермен таныстыру идеяларының туындауын, ғылыми ізденістерінің мағынасын ашу;

  • өзекті оқытуға сүйене отырып оқушылардың алдына әртүрлі қарама-қайшылықтар қойып, ғылыми деректермен идеяларды түсіну үшін диалектикалық тәсілдерді қолдануға үйрету;

  • Оқыту барысында оқушылардың өздік жұмыстарын түрлендіру, танымдық қызметінің әдістерін жетілдіру. Оқушыларды мұғалімге, құрбыларына сұрақтар қоюға итермелеу;

  • Сабақта үрдістің топты және жеке оқушылардың жұмысына талдау жасауды үйретуді ұйғардым.

9 сыныптың география курсы мазмұнында республикамыздың ЭГЖ баға беру үшін әртүрлі өзекті сұрақтармен мәселелерді кірістіруге зор мүмкіншілік бар. Мәселелерді шешу жолдары оқушылардың білімдерін өмірмен тығыз байланыстыруды талап етеді және мәселе шешу құзыреттілігін дамытады.

Мысалы:


Жаңа алюминий зауытын қай жерге орналастыруға болады?-деген мәселені шешу үшін оқушы алюминий шығару үшін қажетті шикізат алу көзінің орналасу жерін, осы өндіріс көп қажет ететін энергияның арзан көздері және еңбек ресурстарына бай, яғни елді мекендерге жақын орналасу қажеттілігін ескеру қажет .

Оқушының танымдық қызметін арттырудың кең тараған тәсілі – сұрақ қою. Сұрақтарды танымдық қызметті басқару, ойды қозғау, яғни, салыстыру, сипаттау, себеп-салдарды анықтау, қорытынды жасау үшін пайдалану керек. Мысалы, 7-сынып географиясының курсында «Еуразия» және «Солтүстік Американы» солтүстік жарты шар материктері деп ерекшелендіреді. Осы себептен оқушылардан оларды салыстыруды талап етуге де болады.

6-сынып географиясында пәннің бастапқы, ең негізгі түсініктері оқытылады, сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру, тереңдету міндетті. Осы мақсатпен оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мынадай жұмыстарды ұйымдастырған дұрыс: сабақтарымды ойын түрінде немесе ойын элементтерін қолданып жоспарлаймын «Ол кім? Бұл не?», эстафета, көңілділер және тапқырлар клубы. Үйге сөзжұмбақ, ребус, жасырынды сөйлемдерді құрастыру сияқты шығармашылық тапсырмаларды беру де маңызды.

Әрине, оқушылардың танымдық қызметін арттыру үшін оқулықты пайдаланудың мәні өте зор. Оқулықта берілген сызбаларды, графиктерді, суреттерді түсіндіру, мәтінмен жұмыс барысында мәтіннің негізгі ойын табу, жаңа түсініктермен сөздік жұмыс жүргізу, параграфтың жоспарын құру өздігінен тірек сызба нұсқаларымен кестелер құрастырып, конспект жасау оқушылардың ойын қозғап, қызығушылығын арттыруға көмектеседі.



География пәніне оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда: а) табиғи нысандармен (тау жыныстарының жинақтары, үлгілер, кеппешөптер т.с.с), ә) географиялық картамен, б) суреттермен в) тәжірибе жасау жұмыстарының маңызы зор (сызба 1).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет