Географияны оқыту процесіндегі қолданылатын технологиялар



бет20/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#18689
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Акпарат технология Айнабаев с-б

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе, оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушының географияны терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

Көптеген география оқулықтарына енгізілген, журнал беттерінде жарық көрген оқытушылардың жұмыс тәжірибесінен және мақалаларда жарияланған технологияларының бірі -оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы. Бұл технологияда оқу әрекеті оқушылардың дәрістегі белсенділігінің ерекше бір түрі ретінде қарастырылады. Олар оқу тапсырмаларын шешу көмегімен білім алуға бағытталған. Етер қалыптасқан әдістеме мұғалімге не істеу керек екенін жазса , оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы оқушы оқу тапсырмасын қалай шешу керек екеніндігін түсіндіреді. Сабақ алдында сыныпқа оқу тапсырмалары таратылады, ол сабақ барысында шешіледі де сабақ соңында нәтижесіне тесттің көмегімен диагностикалық тексеру жүргізіледі. Оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы , оқу тапсырмаларының жүйесін мұғалім қандайда бір курс, тарау немесе тақырып бойынша құрастырады. Өз қызметінің және соған байланысты оқушылар әрекетінің өзара байланысын ұйымдастыру жобаларын жасайды және де тест тапсырмаларын дайындайды. Оқу тапсырмалары мен тесттер жүйесін әдістемелік құралдардан (практикум, мектеп түлектерін дайындау сапасын бағалау жинақтары және т.б.) алуға болады. Бұл технологияны қолдану В.П. Сухов, В.Я. Ромм және В.П. Дроновтың оқулықтарында және журналдардың бірқатар мақалаларында жақсы ашылып көрсетілген. География мұғалімдері жұмысы практикасында ойын сабақ әрекеті технологиясы кеңінен тараған. Бірақ оны іске асыру бір сәтті ғана (эпизод), болады онда танымдық әрекетті ұйымдастыру жүйесі жоқ.Ойынмен оқыту ұзақ дайындық жүргізгенде ғана оң нәтиже береді. Оқу тапсырмаларында ойынның әрбір позициясы айқын белгіленген, күрделі жағдайдан шығудың мүмкін болатын әдістемелік тәсілдерді анықталған және нәтижелерді бағалау тәсілдері жоспарланған ойын сценарийі ерекше орын алады.

Коммуникативтік оқыту технологиясы мұғалімнен оқу процесін ұйымдастыруға творчестволық дайындықты, эвристикалық сұхбаттың тәсілдерін итеруге, оқушылар арасында пікірталас тудыру үшін жағдай жасауды талап етеді. Мектепте оқытылатын географияның коммуникативтік оқыту технологиясын қолдануға үлкен мүмкіндіктері бар. Курстың әрбір тақырыптарында оқу тартысын ұйымдастыру үшін проблемалар тудыруға болады.

Мұғалімге технологияның осы түрін қолдануға көптеген география оқулықтарының бай әдістемелік аппараты көмек береді.

Модульдік технология географияны оқытуда да кеңінен қолданылуды. Модуль деп- оқыту материалының мазмұны мен оны оқушылардың итеру технологиясын біріктіретін ерекше функциялық түйінді атайды. Мұғалім берілген оқу материалын итеру мақсаты айқын көрсетеді, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі үшін арнайы нұсқаулар жасайды, ақпарат көздерін пайдалануға дәл нұсқалар береді және оны ақпаратты итеру тәсілдерін түсіндіреді. Осы нұсқаларды тексеру тапсырмаларының үлгілері келтіріледі (тестің әртүрлі формаларын жасау).

Соңғы жылдары практикада оқытудың үмытылған әдістеріне көңіл бөлінуде. География мұғалімдері оқушылардың жобалық іс-әрекетінің технологиясы деп аталатын жобалар әдісіне жирек көңіл бөле бастады. Бұл технологияның мағынасы, өлкетану жұмысы негізінде зерттеу қызметін ұйымдастырудан тұрады.

География пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:



  • Мәтіндік редакторы- географиялық құжаттарды құру құралы (реферат, таблицалар)

  • Графикалық редактор- шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың көрінісі, температураның, жауын- шашынның, желдің графигін сызу)

  • Мультимедиялық редактор- сабақта табиғи процестерді құру құралы(геологиялық, климаттық).

  • Презентациялық- елдің, объектінің презентациясын жасау.

  • Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта, анықтамалық, энциклопедия)

  • Локальдық тестілеу.

  • Интернет жүйесіне кіру. әлемнің кез- келген жеріне виртуалды саяхат жасау;

  • География ғылымы бойынша өзінің интернет- қорын құру; тәжірибе алмасу; тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары.

  • Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.

  • Білім мазмұнының заман талабына сай болуы.

  • Қажетті білімді толығымен алу.

  • Білімді өздігімен меңтеру.

  • Өзін-өзі бағалау

  • Жалған ақпарат алу қаупінен құтылу

  • Жалған бағадан арылу

Жаңа ақпараттық технологияны география сабағында пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, орта мектептерде география пәнін оқыту кезінде компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады.

Ақпараттық технологияны география сабағында үздіксіз пайдалану, әсіресе сарамандық сабақтарда.

Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс уақыттарда георгафия пәнінен өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.

Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану. Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушының географияны терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етедігі қамтылды..

Мамандар жасаған ғылыми болжам әлемде жер көлемі жөнінен 9-орын алатын, 2,7 миллион шаршы шақырым аумақты қамтып жатқан мемлекеттің картографиясын дамытуға жыл сайын 1 миллиард теңгедей қаржы бөліну керектігін дәлелдеп бердігін қамти келе, дамыған АҚШ, Канада секілді елдер өздерінің картографиялық қызметіне ерекше мән беріп, әр бес жыл сайын жаңа ақпараттармен толықтырып, барлық деңгейдегі карталарын жаңартып отыратындығын көрсете білдім.
ҚР «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі (2004, 2005 жылдары өзгерістер енгізілген) заңы бар. Бізге қажеті – осы заңға негізделген «Ұлттық картографияны дамыту» тұжырымдамасы. Елімізде картографтарды бірнеше жоғары оқу орнында дайындайды, олардың ішінде – ҚарМУ, ҚазҰТУ, Атырау мемлекеттік университеті, Қазақ сәулет институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар. Мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешудің бірден-бір жолы – картография факультетінің ашылуы. Бұл өз кезегінде сапалы, Ұлттық картаны құрастыра алатындай, картографтар даярлауға негіз болады. Қазіргі таңда Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді әзірлеумен айналысатын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Осы ретте тұжырымдамада Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор жанынан ғарыштық қор құру мәселесі қарастырылуы тиіс. Бұл тарапта әлемде санаулы ғарыш айлақтарының бірін иемденіп, өз «ҚазСат» ғарыштық жер серігін аспан көгіне ұшырған Қазақстанның Ғарыштық қорын құру мәселесі туындайды. Бұл қордың негізгі қызметі – ғарыштан түсірілген суреттер мен ақпараттар арқылы Жер бетінде болып жатқан геологиялық, тектоникалық, географиялық өзгерістерге баға беріп, талдап-сараптап отыру және жаңа деңгейде жасалатын карталардың бетіне тың мәліметтерді енгізу. Осы арқылы отандық карта өнімдерінің сапасы мен саны артып, бәсекеге қабілеті де кейінгі жылдары өсе түсуде.

Қазіргі заманғы компьютерлік картографияда виртуалды нактылық жасанды құрылым сияқты қаралады. Оған оны басқару кейбір мәселелерді шешу және анықталған бағдарламалардың мәселелерін қабылдау бірлесіп әсер етеді. Кез келген геобейнелеудің графикті сызба формасында проекциясы, масштабы және гене­рализациясы бар. Мұнда бейнелеуді жасау үдерісі виртуалды үлгілеу деп аталады. Кейбір кезде синоним түрінде "виртуалды картографиялау" терминін қолданады.

Виртуалды нақтылықты шолу, ең алдымен, үш өлшемді эффекттер және анимацияны қолдануға сүйенеді. Тек қана солар көлемдік кеңістікке араласу және бар болу иллюзиясын құрайды.

Сондықтан мұнда 4 қасиет құралады:



  • Бір бейнелеудегі карталардың қасиетін болашақ суреттегі блок диаграммалармен, анимациялармен байланыстыру.

  • Осы құралған геобейнелеудің бағдарламалық басқару мүмкіндігі.

  • Геобейнелеудің және оның виртуалды ортасының интерактивті бірлесіп әрекет егуі.

  • Геобейнелеудің құрам белгілерінің азаюы және оған сызба берілуі.

Виртуалды карталардың жасалу жолдары. Біріншіден, топографиялық карталардағы әуе ғарыштық суреттегі рельефке сандық үлгілеу береміз, содан соң бұл рельефті блок диаграммаға ара қашыктықтан түсіру арқылы алынған, түзелген фотобейнелі орынды жабамыз. Содан құралған фотоблок диаграммасының тематикалық мазмұнын белгілеудің түстерін қалыпқа келтіреді.

Келесі кезең - жалғаулы кадрларды анықтау және қөзғалыс траекторияларын немесе үлгілік айналуын таңдау. Осы арқылы компьютерлік бағдарламалар тез уақыт аралығында кадрлар арқылы анимация жібереді. Осыдан кейін қоршаған ортаның сыртқы эффекттерін (күннің түсуі, тұман, жаңбыр және т.б.) және интерактивті байланыстарды құрып, дыбыстарды (жаңбырдың тарсылы) да қосуға болады. Бұл алгоритмнің жеке операциясында толықтырушы зерзатты әкелуі, қоршаған ортаның жағдайын таңдауы, мультимедиялық эффекттерді шығаруы, өткізіп жіберілуі мүмкін. Басқа косымшалар мысалы: қаланың немесе таулардың көлеңкелерінің болуы.

Электрондық карталар жұмысын жасау өзінің белгілеуінедүры-лымына, қолдану кезінде қабылданған құралына байланысты.

Электрондық карталар жұмысы өзінің құрылысы, безендендірілуі, толық атрибуттық ақпаратыңда көрініс береді. Электрондық карталар қарапайым суреттер - шарты белгілерге (туристік қала схемасы), құнды карта - ГАЖ-дың негізгі талдауына және үлгілеуіне жол беретіні белгілі екендінін қамтыдым..

Электрондық карталар құрылысы көп зерзаттарда оператордан жоғарғм бақылауды және күшті жүмылдыруды талап етеді. Қате санын айтуға, тез арада автоматтандыруға міндеттейді, онсыз жаңа қателермен толығады. Автоматтандырудьг Maplnfo-да жұмыс кезівде қолдану негізгі бағдарламалау және тіл сүрау - SQL-re негізделген. Құрьшған функциялардың көмегімен SQL сүрактарын орындауға және Map Basic терезесі қарапайым операциялық жұмыс кезінде маліметтер базасымен есеп беруді автоматтандыруға болады. Maplnfo жумысын басқаруда күрделі операцияларды автоматтандыру арнайы Map Basic тілімен бағдарлама қорытындысын құрады. ГАЖ-да Maplnfo жұмысының тәжірибесі векторландыру дайындығында электрондық карталар құрылымын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Векторлан-дыруда Map EDIT бағдарламасын қолданады. Осы векторизатор атрибуттық мәліметтер базасының зерзаттарыньщ жәнс сандық үдерісін орындауына көмектеседі.

Диплом жұмысында Қазақстан картографиясының перспективасы мен даму бағыттары толық қамтылу қажет. Алайда, бұл осы бағыттағы жұмыстардың алғашқысы болғандықтан, алда да жалғасын табады деген ойдамын. Ең басты атап өтетін бағыттар ретінде ғарыштық мүмкіндіктерді пайдалану, Ұлттық Атлас бағытындағы жұмыс, сандық картографияның дамуын жақсарту мүмкіншілігін пайдалана біліу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет