Географияны оқыту процесіндегі қолданылатын технологиялар



бет5/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#18689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Акпарат технология Айнабаев с-б

Тақырыптың жаңашылдығы: Оқу процесін интенсификациялау, оның тиімділігі мен сапасын көтеру мақсатында жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын тиімді пайдаланылуын анықтауға бағытталған, психологтік-педагогикалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу маңызды мәселенің бірі.

Орта оқу орнының негізгі мақсаты – жаңа ақпараттық кеңістікте актуалды педагогикалық міндеттерін шешу мен қажетті біліммен қаруланған, инновациялық процестерді басқару үшін компьютерлік техниканы пайдалана алатын жаңа типті мамандарды дайындау. Бұл мақсатқа жету төмендегі міндеттерді орындаумен байланысты:



  • педагогикалық оқу орнында оқу – тәрбие процесінің интеллектуалды ақпараттық жүйесін жасау, яғни жоғары оқу орнының ақпараттануының мақсаттары мен міндеттерін түсіну, әдістемелік, ұйымдастырушылық және техникалық жасақталуын қамтамасыз ету;

  • келесі сұрақтар бойынша барлық мамандықтардың педагогикалық мамандарының біліктілігін жоғарылату мен дайындау; компьютерлік техниканы пайдалану, математикалық модельдеу мен программалауды, жаңа ақпараттық технологиялар негізінде магистранттар, аспиранттар, докторанттарды дайындау, жоғары оқу орнынан кейінгі біліктілігін көтеру;

  • программалық құралдар жасау, стандартты қолданбалы программалар пакетін меңтеру, эксперттік жүйелерді жасау, педагогикалық міндеттерге қатысты білімтерлерді дайындауды қамтамасыз ететін оқыту материалдарын жасау;

  • жоғары оқу орны сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізінде үздіксіз бағалау мониторингін ұйымдастыру; оқыту сапасын бағалау жүйесін жасау және жоғары оқу орын рейтингісін анықтау(лицензиялау, аттестация, мемлекеттік аккредитация, рейтинг); білім сапасын бағалаудың жоғары оқу орын жүйесін жасау;

  • ақпараттану құралдарын жоғары оқу орнында, жатақханада және мекен-жайында тәрбиелеу процесінде пайдалану;

  • қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация құралдарын білімтерлер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысында қолдану; білімтерлердің шығармашылық ой санасын дамыту;

  • оқу, педагогикалық, дипломдық практикаларында білімтерлер болашақ педагогтарды дайындауды басқаратын жүйелер жағдайында жұмыс істеуді үйрену;

  • үнемі компьютерлер паркін, видеотехника және байланыс құралдарын жаңарту; материалдық техникалық қамсыздандыру мен ақпараттық технологиялар орталығын сервистік қызмет етуді ұйымдастыру;

  • сырттай оқитын білімтерлер үшін ара қашықтықта оқытуды енгізу;

  • жоғары оқу орын сайтын ұйымдастыру .

Ақпараттық қоғамда сапалы оқыту мәселесі бар және үздіксіз білім беру әрбір адам өмірінің бөлігі болып табылады. Базалық ақпараттық технологиялар актуалды. Оларға ақпаратты сақтау мен өңдеу технологиялары, офистік технологиялар, мультимедия технологиялары, геоақпараттық технологиялар, ақпаратты қорғау технологиялары, CASE – технологиялары, телекоммуникациялық технологиялар. Оқытудағы жоғарыда көрсетілген технологиялар ғылыми-техникалық прогресс этапында кең тараған: 

  • электронды оқулықтар, оқу пособиялары, тренажерлер, зертханалық практикумдар, білімді тестілеу жүйелері түріндегі оқытушы жүйелер.

  • видеотехника, CD-ROM – ды пайдалану арқылы құрылған мультимедиа-технология базасы негізгі жүйелері.

  • оқыту процесі мен оқыту зерттеулерінде практикалық мәні бар интеллектуалды оқытудың экспертті жүйелері.

  • ақпараттық ресурстарға тікелей және қашықтықтағы мәліметтер базасы мен білім негізіндегі ақпараттық орталар;

  • электронды үстелді типография;

  • электронды кітапханалар;

  • геоақпараттық жүйелер;

  • әртүрлі қызметтегі ақпаратты қорғау жүйелері;

  • электронды поштамен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жүйелер, телеконференция және әлемдік коммуникациялық желілерге шығу.

Ақпараттық қоғамның құрылу және оны құрайтын білімді ақпараттандыру мәселелері цивилизацияның тұрақты дамуы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылуы қажет. Білім беру жүйесінің моделі цивилизацияның тұрақты дамуы моделіне білімнің бейімделуін ескере отырып, қалыптасуы қажет, осыған байланысты болашақ ақпараттық қоғамның қажеттілігін өтеуге бағытталған білім беру жүйесінің дамуы мәселесі пайда болады. Тек қана білім жаңа ақпараттық мәдениеттің негізі бола алады; қазіргі кезде педагогтің, тәрбиешінің, мектеп мұғалімінің және жоғарғы оқу орнының оқытушысының ақпараттық мәдениетіне ерекше көңіл аудару керек .

Білімді ақпараттандыру мәселелері информатиканың қазіргі заманғы жетістіктерімен және олардың білім саласында пайдалану методолгиясымен анықталады. Осы жерде информатиканың үш деңгейін көрсетуге болады:



  • есептеуіш техниканың физикалық – программалық – ақпараттық құралдары және байланыс техникасы;

  • логикалық технологиялар;

  • қолданбалы-пайдаланушы ақпараттық жүйелер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет