Диплом жұмысының мақсаты: географияны оқыту процесіндегі экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің маңызын ашып көрсету.
Диплом жұмысының міндеті: орта және жоғары оқу орындарындағы география сабағындағы экологиялық білім мен тәрбие беру процесі.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1.1Географияны оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық
технологиялар
Қазіргі таңда жалпы орта білім беру мақсаты өзгерді. Жаңа үрдістік іс- әрекеттерге негізделген мазмұнымен қатар оқыту нәтижелеріне де талап қойылған білім берудің жаңа концепциялары, стандарттары жасалуда.
Барлық педагогикалық жүйе құрамы бөліктерінде“инновациялық”, “жаңалық тану” үрдісі іске асуы үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс. Біріншіден , өсіп келе жатқан ұрпақтын білім алуын жаңа бағытқа салу үшін оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс – тәсілдерден қолдану. Екіншіден, жалпы білім беретін мектептегі оқу жүйесінің мазмұнына өзтерістер енгізу. Үшіншіден, оқушылардың ойлау қаблеті жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру және ол жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Бірақ оқыту технологиясын енгізу оқытудың дәстүрлі әдістерін алмастыру емес, қатарластырып қолдану, себебі ол да пәннің әдістемелік құрамдас бөлігі болып табылады [1].
“Технология” термині шетел әдістемесінен алынған. “Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан- жақты ойластырылған үлгісі”. Педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Педагогикалық технология ұғымы 3 деңгейде қолданылады: жалпы педагогикалық-педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен обьектілерінің әрекет алгоритмі кіреді; салалық (пәндік) - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұны жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы; локольдік (модульдік) - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттері қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңтерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді [2].
Оқыту технологиясы – оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесіне қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе қызметін атқарады
Технологияның екі түсінігі бар: а) тиімді оқыту әдістемесін жасауды білдіретін оқыту технологиясы ; б) оқыту барысында технологияны пайдалану. Соңғы оқыту технологиясы технологиялық құралдарды оқыту үрдесінде пайдалану деп түсіну керек. (ЭВМ, компьютер бағдарламалары, оның ішінде географиялық жаңа мультимедиалық оқулықтары және т.б.). Бірақ екі жағдайда технологияны қолдану- дидактикалық есептерді шығару кезінде оқушыларға әсер ету тәсілдерін жетілдіруге бағытталған .
Оқыту технологиясының негізгі белгілері:
оқушылар алдында оқудың мақсатты мен міндеттерін айқындап беру, олардың әрқайсысы үшін оқытылатын материалдың маңыздылығын түсіндіру, оқушылардын белсенділігін арттыру;
оқытудың белгілі бір құралдары арқылы, оқушылардың әрекетін ұйымдастырудың формалары мен қарқынды әдістері көмегімен қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізетін процедураны құру;
үлгілер бойынша оқыту (оқу дәптерлері, практикумдар, оқулықтар бойынша, мұғалімнің нұсқауларын орындау);
оқу міндеттерін шешуге бағыталған оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру;
оқыту нәтижелерін тексеру үшін тест тапсырмаларының әртүрлі формаларын кеңінен қолдану;
Географияны оқыту әдістемесінде оқыту технологиясын қолданудың едеуір тәжірбиесі жинақталған. Оның ішінде ең танымалы оқыту технологияларының бірі –оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясы. Оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясында ережелер, үлгілер, алгоритмдер және географиялық обьектілердің жазбалары мен сипаттамаларының жоспары келтіріледі. Бұл технгология бірқатар география оқулықтарында, әдістемелік нұсқауларда жеткілікті түрде орын алған және көптеген география мұғалімдері жұмысында жақсы итерілген [3].
Географияны оқыту процесінде бұрыннан бері Шаталовтың тірек – сигналдары технологиясы (логикалық тірек конспектілері – ЛОК ) жеткілікті түрде қолданылып келе жатыр. Географияны оқытудағы логикалық байланыстар схемасының ролі туралы Н.Н. Баранский былай деп жазған! «схемалар басты және негізгіні айыруға үйретеді, логикалық байланыстарды іздеуге, анықтауға және сабақты итеруге оқушыларға едеуір көмек береді». Байланыс схемаларын мұғалімдер үнемі пайдалануда. Жасалынған тірек конспектілер, оқушылардың танымдық әрекетін басқаруда мұғалімдерге көмек береді, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытады, және де оқу жұмысы нәтижелерін өз бетімен бақылауды іске асыруда тіреу болады. Практикум мұғалімдер бұл технология жақсы меңтерген. Бұл технологияға байланысты бір қатар мақалалар және кітаптар жарық көрді.
Көптеген география оқулықтарына енгізілген, журнал беттерінде жарық көрген оқытушылардың жұмыс тәжірибесінен және мақалаларда жарияланған технологияларының бірі -оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы. Бұл технологияда оқу әрекеті оқушылардың дәрістегі белсенділігінің ерекше бір түрі ретінде қарастырылады. Олар оқу тапсырмаларын шешу көмегімен білім алуға бағытталған. Етер қалыптасқан әдістеме мұғалімге не істеу керек екенін жазса , оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы оқушы оқу тапсырмасын қалай шешу керек екеніндігін түсіндіреді. Сабақ алдында сыныпқа оқу тапсырмалары таратылады, ол сабақ барысында шешіледі де сабақ соңында нәтижесіне тесттің көмегімен диагностикалық тексеру жүргізіледі. Оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы , оқу тапсырмаларының жүйесін мұғалім қандайда бір курс, тарау немесе тақырып бойынша құрастырады. Өз қызметінің және соған байланысты оқушылар әрекетінің өзара байланысын ұйымдастыру жобаларын жасайды және де тест тапсырмаларын дайындайды. Оқу тапсырмалары мен тесттер жүйесін әдістемелік құралдардан (практикум, мектеп түлектерін дайындау сапасын бағалау жинақтары және т.б.) алуға болады. Бұл технологияны қолдану В.П. Сухов, В.Я. Ромм және В.П. Дроновтың оқулықтарында және журналдардың бірқатар мақалаларында жақсы ашылып көрсетілген.
Дифференциалдық оқыту технологиясы да география әдістемесінде жақсы белгілі. Оны қолдану кезінде сынып оқушыларының типологиялық ерекшеліктері ескіріліп, шартты топтарға бөлінеді. Топтарды жинақтау кезінде, оқушылардың оқуға деген жеке көзқарасы, білімділік деңгейі, пәнді оқуға қызығушылық деңгейі ескеріледі. Тапсырманы орындау мазмұны, көлемі, күрделілігі, әдісі мен тәсілдері бойынша және де оқыту нәтижелерін диагностикалау үшін әртүрлі деңгейлестірілген бағдарламалар жасалады.
География мұғалімдері жұмысы практикасында ойын сабақ әрекеті технологиясы кеңінен тараған. Бірақ оны іске асыру бір сәтті ғана (эпизод), болады онда танымдық әрекетті ұйымдастыру жүйесі жоқ.Ойынмен оқыту ұзақ дайындық жүргізгенде ғана оң нәтиже береді. Оқу тапсырмаларында ойынның әрбір позициясы айқын белгіленген, күрделі жағдайдан шығудың мүмкін болатын әдістемелік тәсілдерді анықталған және нәтижелерді бағалау тәсілдері жоспарланған ойын сценарийі ерекше орын алады.
Коммуникативтік оқыту технологиясы мұғалімнен оқу процесін ұйымдастыруға творчестволық дайындықты, эвристикалық сұхбаттың тәсілдерін итеруге, оқушылар арасында пікірталас тудыру үшін жағдай жасауды талап етеді. Мектепте оқытылатын географияның коммуникативтік оқыту технологиясын қолдануға үлкен мүмкіндіктері бар. Курстың әрбір тақырыптарында оқу тартысын ұйымдастыру үшін проблемалар тудыруға болады. Мысалы: «Жел- адамның жауы ма, досы ма?», «Атом энергетикасының дамытудың болашағы бар ма?» және т.б. Мұғалімге технологияның осы түрін қолдануға көптеген география оқулықтарының бай әдістемелік аппараты көмек береді.
Модульдік технология географияны оқытуда да кеңінен қолданылуды. Модуль деп- оқыту материалының мазмұны мен оны оқушылардың итеру технологиясын біріктіретін ерекше функциялық түйінді атайды. Мұғалім берілген оқу материалын итеру мақсаты айқын көрсетеді, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі үшін арнайы нұсқаулар жасайды, ақпарат көздерін пайдалануға дәл нұсқалар береді және оны ақпаратты итеру тәсілдерін түсіндіреді. Осы нұсқаларды тексеру тапсырмаларының үлгілері келтіріледі.
Соңғы жылдары практикада оқытудың үмытылған әдістеріне көңіл бөлінуде. География мұғалімдері оқушылардың жобалық іс-әрекетінің технологиясы деп аталатын жобалар әдісіне жирек көңіл бөле бастады. Бұл технологияның мағынасы, өлкетану жұмысы негізінде зерттеу қызметін ұйымдастырудан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |