Геологиялық бөлім Кен орын туралы жалпы мәліметтер


Игеру жүргізу жүйесінің анализі



бет16/26
Дата07.05.2023
өлшемі0,55 Mb.
#90832
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Игеру жүргізу жүйесінің анализі
Қолданып келе жатқан игеру жүйесінің негізгі сипаттамалары:

  • Екі негізгі техология – іштен ылғал жандыру және бумен әсер ету. Екеуі де су айдау арылы жаслады. Қабат ішінен ылғал жану әдісі I және II блоктарда, ал бумен әсер ету III және IV блоктарда жүргізіледі.

  • Өнімді тілімде 3 пайдалану объектісін I, II, III бөліп шығарады. Сәйкесінше А және Г қабаттары және Ю- I горизонтымен әр объектіге өздігінше ұңғы торлары бұрғыланған. Өнімді қабаттың ауданың таралуына байланысты көп бөлікте ұңғылардың 2 торын бұрғылады.

  • Игеруді реттеудің негізгі әдісі – айдау арқылы ретеу. Осыған байланысты айдау ұңғыларын әр қабатқа бұрғылайды.

  • Қатар арасындағы және қатардағы ұңғылар арасындағы қашықтықтары бірдей ұңғылардың үшқатарлы сызықты орналасу жүйесі керек кезде жеті нүктелі аудандап және бір қатарлы сызықты әсер етуге мүмкіндік береді.

  • Ұңғылар қатары су мұнай жапсарысына параллель орналасуы.

  • Тілімдегі бұрғыланатын барлық объектілердің бірдей бұрғылануы және игеруге берілуі.

  • Қабат ішінен ылғал жандыру және бумен әсер ету технологиялары пайдаланушы ұңғылар түбіне бумен әсер ету көмегімен жүргізіеді.

  • Барлық пайдаланушы ұңғылар бу айдаушы ұңғылар конструкциясымен бұрғыланады.

  • Технологиялық процесстер елесі параметрлерде жүргізіледі:

а) ұңғы торы 150х150;
б) қабыршақ өлшемі – қабат кеуегі көлемінің 0,8-і
в) айдау қарқыны – 7 т/тәу.м (жылутасымалдағыш және су) және 2000м3/тәу.м (ауа)
Негізгі технология - қабат ішінен ылғал жану және бумен әсер ету арқылы жылу қабыршағын жасап, оны қайнамаған су әсерінен одан әрі ілгері қозғалту болып табылады. Жылу әсері негізінен 2 сатыдан тұрады.
Бірінші сатыда айдау ұңғыларында сызықты жылу фронты пайда болып, жұмыс агенттері (ауа, жылу, су) жылу қабыршағын жасау үшін керекті көлемде айдалады(айдаушы және пайдалнушы қатарлардағы жыныс коллекторларының кеуегінің 0,6-0,8-і). Бумен әсер ету кезінде бу айдау қысымы 5,5 МПа, температурасы 268,7 0С және будың құрғақтылық дәрежесі 0,6 кезінде жүргізіледі.
Одан кейін айдау ұңғыларының қатарына қайнамаған су айдалады. Бұл әсер 40-50 0С жылу фронты пайдаланушы ұңғылардың бірінші қатарына жетіп олпрда мұнай шығымының төмендемеуі байқалмағанынша дейін жүргізіледі.
Екінші сатыда жылу айдауды бірінші қатардан екінші қатарға көшіру жүргізіледі. Бұл кезде бірінші қатарлағы пайдалану ұңғылары біреуін тастап біреуі жұмыс агенттерін айдауға беріледі. Осы қатардағы қалған пайдаланушы ұңғылары максималды шығым жұмыстарыменен жұмыс істейді. Оларға қабат температурасынан 5-10 0С жоғары бу конденсаты өткен соң, олар да жұмыс агенттерді айдауға беріледі. Айдау ұңғыларының қатарына қайнамаған су айдала береді. Жаңадан пайда болған сызықты фронты шықаннан кейін және керекті көлемде жылу қабықшасы пайда болған соң, бірінші қатардағы(бұрынғы пайдаланушы қатар) айдау ұңғыларына қайнамаған су айдалады.
01.01.2011 жылға кен орында 1636 ұңғы бұрғыланан. Оның ішінде II объект бойынша 899 үңғы.
Ұңғылар жоба бойынша ара қашықтығы 150 м етіп бұрғыланған. II объектте Ұңғылардың орналасуы батыстан ортаға қарай (11 айдау ұңғыларының қатары және олардың арасында 3 тен пайдалану ұңғылары.) шоғыр жатысына перпендикуляр орналасқан.
Бірақ айдау және пайдалану ұңғыларының қоры өндірушіден төмен болған соң ұңғылардың орналасуы барлық жерде үш қатарлы емес. Әсіресе айдаушы ұңғылардың қатары бұзылған. Жалпы кен орын бойынша айдау ұңғыларының пайдалану ұңғыларына қатынасы 1/6,5, яғни 1 айдау ұңғымасына 6-7 пайдалану ұңғысы бар. Одан әрі қиындататын мәселе игеру объекті бойынша айдау және пайдалану ұңғыларының пайдалану жүйесінен пайдалану ұңғыларының көп бөлігі мұнайды табиғи режимде игереді. Себебі оларға жақын айдаушы ұңғылардың көбісі жасамайды. Кейбір учаскелерде керісінше пайдалану ұңғылары жоқ бола тұра айдау ұңғыларынан агенттер айдала береді.
Мұнайдың жобалық алынуы тек 1985-88ж. ғана болды. Пайдаланушы ұңғымалардың саны жобадан көп болу себебінен.
Термиялық әдістерді қолдану кезінде кейбір қиыншылықтар пайда болады. Кен орынды игеру периодында жұмыс агенттерін айдаудың нақты мәні (ауа, бу, су) жобалықтан аз болды және осы кезде жылудың жобалық параметрлері температура, бу құрғақтылығы да керекті мәнге жетпеген. Айтылған 2 жылу әсері сатыларының тек біріншсі аяғына дейін жүргізілді. Ол сызықты жылу фронтын, қабат ішінен ылғал жандыру және бумен әсер ету көмегімен айдау ұңғыларында жасау және айдау ұңғыларына қайнамаған суды айдау. Ал екінші саты – жылу айдауды пайдалану ұңғыларының бірінші қатарына көшіру – енгізілмеген. Сөйтіп Қаражанбас кен орнында игерудің негізгі технологиясы толық жүргізілмеген.
1996ж. қабатты іштен ылғал жандыруды тоқтату шешімі қабылданды, яғни 1996ж. баста қабатқа ауа айдау тоқтатылды.
Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, Қаражанбас кен орнындағы игеру жүйесі жобадағыменен сай келмейтіні көрініп тұр. Атап айтқанда айдау ұңғыларының қорының аздығына байланысты игеру жүйесі бұзылған, кен орынның көп бөлігі айдаусыз табиғи режимде игерілуде. Қазіргі уаытта игеру жүйесін қайта қарастыру қажет, себебі осы игерумен ары қарай жүре берсе жобалық мұнайды пайдалану коэффиценті 41,2 пайызға жетпейді.
Бумен әсер етудің техникасы.
Жылумен әсер ету – мұнай бергіштікті көбейту және өнімділікті қарқындату үшін қабатқа әсер етудің ің тиімді әдістердің бірі болып саналады. Жылумен әсер етуде ұңғы өнімділігін көбейту бір қатарлы құбылыстармен анықталады: асфальтенді-шайырлы заттардың және парафиндердің кеуек қабыршақтарындағы шөгінділерін бұзу, мұнайдың геологиялық қасиеттерінің өзгеруі, термиялық кернеудің пайда болуы және тау жынысатрының микробұзылуларымен сипатталады.
Температура көтерілгенде бөлінген асфальтенді-шайырлы және парафинді заттар мұнайда ериді. Нәтижесінде кеуек жолдарының радиусы үлкейіп, сәйкесінше өткізгіштік те өседі. Одан әрі, өткізгіштік жылыту кезіндегі микробұзылыстар әсерінен де өсуі мүмкін. Ол жыныс материалының біртексіздігімен түсіндіріледі, яғни материалдың әр түрлі компоненттенрі әр түрлі серпімді модульдерінен және термиялық ұлғаю коэффиценттерінен бөліненді. Жылыту кезінде әр микроэлементтер әр түрліше ұлғаяды, темоструктуралық кернеу пайда болады. Олар температураның аз көтерілуінде де жыныстыңағындық шегін үлкейте алады.
Температураның реологиялық қасиеттерінің өзгеруінен мұнайдың өндіру қарқындылығына әсер етуі анағұрлым күрделірек. Жылыту кезінде тұтқырлықтың және ысырылыстың шекті кернеуінің күрт төмендеуі байқалады, нәтижесінде ұңғы шығымы өседі, бірақ ол кезде мұнайдың серімді қасиеті төмендейді. Бұл қасиеттердің бар болуы ағыс профилін теңестіреді. Сол себепті жылытуда мұнайдың тұтқыр серпімді қасиеттерінің азаюы, мұнай шығымының жалпы өсуіне қарамастан, ағыс профилінің біртексіздігіне әкеп соқтырады.
Ұңғылардың түп аймағын бу айдау арқылы термохимиялық әсермен немесе ұңғылық электр жылытқыш көмегімен жылытады.
Ұңғылық электрожылытқышты кабель-троспен ұңғыға түсіреді. Оны түсіру үшін СУЭПС – 1200 құрылғысын қолданады. Түпаймақты электржылытқышпен өңдеу арасына уақыт сала жүргізіледі. Әсер ету, белгілі шарттарға байланысты, бірнеше күнді құрайды, ал екі әсер ету арасында ұңғылардың жұмыс жасау мерзімі – бірнеше ай.
Түп аймақты бумен өңдеу кезінде, қабатты оған айдаған қайнған бу әсерінен жылытады. Уақыт өтісіменен ұңғы сағасын жауып тастайды. Сосын оны пайдалануды жаңартады.
Бумен өңдеуге таңдалған ұңғы ішіне, термотұрақты пакері бар компрессорлы сорап түсіреді. Оны фильтрдің үстінгі саңылауларына оорнатады. Пакер бу өтетін фильтр аймағын саңылаусыздандырады және оны ұңғыға айдалатын жоғары тмпературалы будан сақтайды.
Ұңғы түбін жылыту үшін керекті бу ППУА-1200/100 өндіруі сағатына 12т. бу генераторларынан айдалады. Бу айдау әсерінің мүмкіншіліктерін шектейтін негізгі фактор болып, ұңғы тереңдігі болып саналады. Себебі ұңғы тереңдеген сайын жылу жоғалту да көп болады. Демек ұңғы түбіне тек конденсатталған су жетеді, әсер ету пайдалылығы төмендейді.
Парафинді мұнай өндіретін ұңғыларда срапты компрессорлы құбырлардың парафинделуі байқалады, яғни оның ішкі диаметрі азаяды. Нәтижесінде гидравликалық жоғалтуоар өседі. ол өз есебінде шығымның төмендеуіне әкен соғады. Парафинді құбырдың ішкі бетін бумен немесе қырнауышпен тазалайды. Бұл мақсаттар үшін буды қозғалмалы бу қондырғыларында алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет