2.3.1. Бумен әсер ету кезінде қолдана отырып жоғары тұтқырлықты мұнайды алу процесстерін зерттеу Қаражанбас кен орнының көп бөлігінде жылу әдістерін жобаға алынды.Кен орынның игеруінің динамикалық көрсеткіштері негізінен осы БЖӘ-нің көрсеткіштеріменен сипатталады, оның үлесіне бүткіл өндірудің 73% кіреді. 01.01.2010ж. БЖӘ учаскелерінен 10,020 млн.т мұнай, 31,661 млн. т сұйықтық алынған, 5,646 млн м3 салқын су, 13,973 млн.м3 ыстық су, 254,054 м3 ПАА ертіндісі, 28,623 млн.т бу және 9,513 тыс.м3 ауа, 4,801 мың т мұнай айдалған, ағымдағы сулану 84,1% құрайды, жетілген мұнайьергіштік 5,5%.
Бу айдау әдістерін қолдана жүргізіліп жатқан кен орынның игеру көрсеткіштері 2.6 кестесінде және 2.5-2.8 суреттерінде көрсетілген.
БЖӘ учаскесінің игеру анализінің көрсеткіштері бойынша, әдісті пайдалану мерзімінен 1990 ж дейін өндірудің өсуі ба йқалады. Оның максималд жылдық өндіруі 953 мың т. 1990 ж жетті. Кейін одан арғы жылдарда жылжық мұнай игерудің мцні үздіксіз иүскені байқалады. 1999 ж. 365 мың т. құрайды.
БЖӘ учаскелерінде сұйықтықты өндірудің көбеюі игеруден бастап 1993 ж дейін өскені(3263 мың т.), 1994-1995 ж. төмендеп, 1996-97ж. қайта өсуі байқалады. 1997 ж. сұйық өндірудің максималды деңгейі тіркелді оның көлемі 3448,5 мың т.
Су айдау көлемі біртіндеп өсе келді өсе келді, максималды деңгейіне 2009ж жетіп,2263 мың м3 құрайды. Келесі жылдары үздіксіз төмендеу жүреді де 2010ж су айдау көлемі 973 мың м3 жетті.
Бу айдалудың өсуі 1984-1993ж аралығында байқалады, 2004 жылдан бу айдау күрт төмендеді(бу генераторларында қолданатын қаламқас газының қымбаттауына және бу тасымалдауыштардағы жиі аппатарына байланысты.) 1996 – 2010жж. бу айдау қайта көбейтіліді(2443 мың т. максималды көрсеткіш).
Бу айдау көбейюімен өнімнің көп сулануы да байқалады. 1994 ж. бастап бу және су айдалудың төмендеуіне байланысты, алынған өнімнің де сулануы азаяды. 2011ж ол қалпына келіп 81,1 % құрайды.