Бу генераторлы қондырғылардың сипаттамасы
Қаражанбас кен орнында бу генраторларының екі түрі қолданады:УПГ 50/60 және Стразерс60/60. Қазіргі уақытта бу айдаушы үш аймақ бөлінген.
Бу генераторлары УПГ 50/60
Қазіргі таңда Қаражанбас кен орнанда бумен, жылумен ықпал ететін екі учаске қызмет етуде. Әрбір учаскеде 3 ұңғыдан орнатылған. Олардың әрқайсысының 2 ұңғымасы іске қосылған, ал біреуі резервте тұрады.УПГ-50/50 типті бу генераторлық қондырғылар қолданылады.
УПГ-50/50 бу генераторлық қондырғы мұнай кен орындарын термикалық әдістермен игеру кезінде судың буын өңдеуге арналған. Оның номиналды өнімділігі – 50 т/сағ., қысымы – 5,88 МПа, будың құрғақтық дәрежесі - 80% құрайды. Қондырғы сұйық отынмен қатар, газ түріндегі отынмен де қызмет көрсетуіге қабілетті. Қондырғының құрамын суды беткейлік көздермен қатар, артезиялық көздерді, электрлік сорғыларды, қосымша жабдықтары, құбырлары, сақтандырғыш және реттегіш арматуралары бар бу генераторларын қолдануды қамтамасыз ететін химиялық су даярлау және тертермикалық деаэрация жабдықтары, отын жүйелерінің жабдықтары, автоматика және КИП жүйесі, жылу және вентеляция, электрлік жабдықтау және жарық беру жүйесі жатады.
УПГ-50/50 бу генераторлық қондырғысы жұмысының нақты технологиялық сипаттамасы 6.4.2 кестеде берілген.
УПГ-50/50 бу генераторлық қондырғысының технологиялық сипаттамасы
№
|
Сипаттамалар
|
Көрсеткіштер
|
|
Бу генераторының номиналды өнімділігі, т/сағ.
|
71
|
|
Будың ұңғымаларға жіберілуі, МПа
|
50
|
|
Будың номиналды қысымы, МПа
|
5,88
|
|
Будың шығардағы температурасы, ºС
|
274
|
|
Құрғақтық дәрежесі, %
|
80
|
|
Азық суының температурасы, ºС
|
145
|
|
Жұмсалатын газдың температурасы, ºС
|
343
|
|
Отынның шығыны, кг. Шартты отынның/сағ.
|
5351,4
|
|
«Брутто» бу генераторының КПД, %, мұнай/газ
|
83,9/85,9
|
|
Бекітілген электрлік қауттылық, кВт
|
1294,5
|
|
Жұмыс электрлік қуаттылық, кВт
|
694,5
|
|
Қондырғының салмағы, т
|
300
|
Суды даярлау келесідегідей тәрттіппен жүзеге асырылады. Бастапқы су тұнбалық резервуарға түседі, онда механикалық қоспалардағы ірі көлшектер отырады, сөтіп, судың 60 т/сағ. көлемі қатарлас орнатылған бу және сумен жылытқыштар арқылы тасымалдауды қамтамасыз ететін сорғыларға жіберіледі, бұл сорғыларда су сәйкесінше плюс 20ºС-тан 40 ºС-қа дейін қыздырылады. Су жылығаннан кейін 3 екікамерлі механикалық сүзбелерден тұратын блок арқылы, жарық беру сүзбелері және Ку-2-8 катиондарымен толықтырылған бірінші және екнші баспалдақты nа-катиондық сүзбелер арқылы өтіп, судың жұмсақтығы үшін магний мен кальций сіңірілетін су даярлау блогына келіп түседі.
Ағартылған және терең жұмсартылған (қалдық кермектік 10 мкг-экв/кг-нан аспайды) су тазартылған су резервуарында жиналады.
Химиялық тазартылған су Ск-1-2 сульфокөмір ауыртпалығы бар бөгеліс сүзгілері арқылы сорғымен тартылып, темір байланыстарынан ажыратылады. Одан әрі су О және СО агрессиялық газдарынан арылу үшін плюс 49,5 ºС температурасы кезіндегі азық суының суытқыш арқылы ДП-80 аса жоғары қысымды деаэраторға түседі. Деаэратордың қысымы 0,58 МПа, ал температурасы плюс 120ºС болуы тиіс. Деаэратордан кейін су плюс 120ºС температуралы су суытқышында суытылып, ПЭ-90/110 нәрлі электрлік сорғымен су генераторына қысымдалады. ПГУ-да шығар алдындағы 4 МПа-ға дейінгі қысым кезінде будың нақты температурасы плюс 255 ºС құрайды, ал бұл көрсеткіш технологиялық көрсеткіштен анағұрлық өзгеше.
Достарыңызбен бөлісу: |