Геологиялық бөлім Кен орын туралы жалпы мәліметтер


Өнімді горизонттардың геологиялық - өндірістік сипаттамасы



бет6/26
Дата07.05.2023
өлшемі0,55 Mb.
#90832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ТНХП-2021 курсова (копия)

1.4.1 Өнімді горизонттардың геологиялық - өндірістік сипаттамасы

Қаражанбас кен орнының газ су мұнай жапсарысы орта юра және төменгі мел шөгінділерімен байланысты.


Төменгі мел шөгінділернің тілігінде келесі қабаттар бөлек қаралды: А1, А2, Б, В, Г, Гп және Д. Төменгі мел шөгінділері бірқалыпсыз орналасқан. Көбінесе, генезисі бойынша теңізді, құмтастардың кішкене қуыстары бар, қабат-қабаттасып жатқан алевролит және сазды жыныстар. Неокома және төменгі апта жыныс коллекторлары орташа ұсақ бұршақты, қатпарсыз құмтастармен; ұсақ бұршақты құмтастармен, ірі және түрлі бұршақты, қатпарсыз немесе сирек сазды қабатшалары және саз ұяшықтары бар алевролиттермен көрсетілген.
Орта юра шөгінділерінде Ю-I және Ю-II өнімді қабаттары есепке алынды. 1993 ж. Пайдалану ұңғыларының тығыз торының бұрғылау материалдары бойынша структураның батыс переклиналь құрамындағы Ю-I горизонтында үш дербес объект бөлініп алынды: үстінгі, төменгі және ортаңғы пласттар; Ю-II горизонтында негізгі қабат және оның астында линза тәріздес қабаттар байқалды.
Орта юралық өнімді қалыңдық континентальды және аллювиальді-көлді генезисі бойынша ұсақсынықты және сазды жыныстармен қосылған. Олардың бірқалыпсыз қатпарлануында сазды топталанулармен бөлінген жыныстар пайда болады. Коллектор-жыныстардың құрылысы ұсақ бұршақты құмтастар, алевролиттер, ұсақ және ірі түйірлі құмтасты алевролиттерден тұрады.
Қабат сипаттамалары 1.7-1.8 кестелерінде көрсетілген.
Бастапқы мұнайлылық (Кбм) 1-Кқм секілді анықталған. Мұндағы Кқм – әктасты битумды ерітіндіде бұрғыланып, 145 ұңғыманың кернінің анықтамалары бойынша алынған қалдық мұнайлылық. Бастапқы мұнайлылық коэффицентінің орташа мәнін есептеу үшін, керн консервациясы методикасын сақтай отырып, тілімнің мұнайлылық бөлігінен жыныс коллекторлары үшін алынған мәліметтер қолданды. Шекті мәндерінен жоғары кеуектілік және өткізгіштігі бар үлгілер қолданды, және де кеуектіліктің анықталуысыз, бірақ өткізгіштігі 0.02мкм2 көп. Керн бойынша мұнайлылық тек Г қабаты және Ю-I, Ю-II горизонттары үшін анықталды және сәйкесінше 0.73, 0.74, 0.79-ды құрайды (кесте 1.7). ГИС бойынша ол игерудің барлық объектілері бойынша анықталған, және I – 0,72, II – 0,74, III – 0,69 тең. Бастапқы мұнайлылықтың максималды айырылысы юра дәуірінің өнімді қабатынан байқалады. Ол керн бойынша ақпараттың жетіспеушілігіне байланысты.
Гидрогеоелогиялық тұрғыдан Қаражанбас кен орны Батыс Қазақстандағы қаралып жатқан бөліктерінің ең түбегейлі зерттелген альб-сеноманды комплексі бойынша орнатылған, салыстырмалы түрде жоғары емес минерализациялы хлоркальцийлі сулар зонасының дамуына жатқызылады. Стратиграфиялық тілімде алты сулы горизонт ашылып сыналған. Барлық өнімді горизонттардың жер асты қабат сулары фонтандалады немесе 9 дан 340 м3/тәу дебитімен құйылады. Неком және юра дәуірінің гидродинамикалық жүйесі суарынды болып сипатталады. Ең суы мол болып Ю-I, «Г» и «А» өнімді горизонттар саналады.

1.7-кесте - Қабаттар бірқалыпсыздығының сипаттамасы



Параметр
(сорташа мәні

Қабат, горизонт

А

Б

В

Об. I

Г

Гп

Д

Об. II

Ю-Iорт,

Ю-Iн,

Ю-I, шығ

Ю-IIо, б

Ю-II,

Об. III

Таралу коэффиценті

0,97

0,81

0,86

1,00

1,00

0,52

0,88

1,00

1,00

0,83

0,69

0,97

0,86

0,90

Құмтастық коэффиценті

0,81

0,73

0,65

0,34

0,77

0,88

0,89

0,59

0,79

0,87

0,80

0,83

0,72

0,62

Бөлшектену коэффиценті

1,39

1,32

1,54

3,73

3,05

1,20

1,33

4,24

2,50

1,70

2,20

1,98

2,20

4,71

Қабат өткізгіштігі 1,02*10-15м2 – 6*10-15м2 .
Гидрогеоелогиялық тұрғыдан Қаражанбас кен орны Батыс Қазақстандағы қаралып жатқан бөліктерінің ең түбегейлі зерттелген альб-сеноманды комплексі бойынша орнатылған, салыстырмалы түрде жоғары емес минерализациялы хлоркальцийлі сулар зонасының дамуына жатқызылады.


1.8-кесте - Қалыңдықтар сипаттамасы

Қалыңдық, м
(орташа мәні)

Қабат, горизонт

А

Б

В

Объект I

Г

Гп

Д

Объект II

Ю-Iср, батыс

Ю-Iн, батыс

Ю-I, шығ.

Ю-IIо, батыс

Ю-II, батыс

Объект III

Жалпы

5.0

6.0

5.9

29.7

15.7

2.7

4.4

27.4

11.9

7.3

14.8

14.6

17.4

35.8

Пайдалы

3.7

3.9

3.1

9.3

12.2

2.2

3.8

15.2

8.6

6.2

10.6

11.9

10.4

20.6

Мұнайлы

3.7

3.9

3.1

9.3

11.7

2.1

2.9

14.6

8.5

6.6

11.8

12.2

7.4

19.2

Газды




























3.6










3.6



2 Технологиялық бөлім


2.1 Кен орынды игеру жүйесі


2.1.1 Игерудің ағымдағы жағдайын, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау

Кен орынды игеру үрдісінің тиімділігі көп жағдайда оның геологиялық құрылымының қаншалықты дәрежеде зерттелгеніне байланысты екені белгілі. Сол себепті 2001 жылы кен орынның шығыс және батыс аудандарында 3D сейсмикалық зерттеулері жүргізілді. 2005 жылы 3D сейсмикалық зерттеулері кен орынның солтүстік және орталық бөліктерінде жүргізілді және қазіргі кезде сол зерттеулерді интерпритациялау нәтижелері алынды.


Қазір пайдаланып жүрген «Қаражанбас кен орнын игеру жобасын» дайындаған кезде(01.01.2001ж.) кен орнында бұрғыланған ұңғылардың саны 1636 еді. Олар негізінен ВВГ және ПТВ аудандарында орналасты.
2003 жылдың сәуіріне дейін кен орнында 100-ден аса жаңа ұңғы бұрғыланды. Оның жартысы жаңа аумақтың шығысында III игеру объектісін пайдалануға арналды. 2002 жылы жаңа ұңғылардың орташа шығымы жобадағыдан 7,6 есе, ал шығыс аумақтағы III объектіден мұнай өндіру жобадағыдан 9 есе артық болды.
01.07.2005 ж. жағдай бойынша кен орнындағы ұңғылар саны 1962-ге жетті, яғни игеру жобасы бекітілгеннен кейін 326 жаңа ұңғы бұрғыланды. Олардың барлығы дерлік жаңа аумақта орналасқан.
Жаңа ұңғыларды бұрғылаудан кейін алынған геологиялық-өндірістік материалдарды, 2001 жылы және 2005 жылы жүргізілген 3D сейсмикалық зерттеулер нәтижелерін жан-жақты талдау нәтижесінде бүкіл кен орынның сейсмикалық моделі жасалды. Алынған нәтижелер Қаражанбас кен орнының құрылымы көптеген тектоникалық бұзылыстарға байланысты бұрын қарастырылып жүргеннен күрделі екенін көрсетті.
2000 жылдан бастап мұнай өндірудің барлық объектілер бойынша артуы байқалады. Ол істеп тұрған ұңғылар санының және айдалатын жұмыс агенттері көлемінің артуына байланысты. Өндірудің ең көп артуы ВВГ ауданында I объектіден және ПТВ ауданында II объектіден байқалған.
Игеру жобасы бойынша 2005 жылы кен орыннан 13120 мың т сұйық, 3015 мың т мұнай, 17,2 млн. м3 газ өндіру көзделген. Ағымдағы мұнай алу коэффициенті 10 пайызды құрайды. Өнімнің сулануы 77 пайыз, айдалатын бу мөлшері 2650 мың м3, су мөлшері 5324 мың м3 болады деп жоспарланған.
Қазіргі таңда кен орынды игеру негізінен 2001 жылы қабылданған «Қаражанбас кен орнын игеру жобасын» басшылыққа ала отырып жүргізілуде. Оған сәйкес кен орнында үш игеру объектісі бөлінеді: I объект-А, Б, В қабаттары, II объект-Г және Д қабаттары, III объект-Ю-I және Ю-II қабаттары. Кен орын аумағы бұрғыланған және жаңа деп екіге бөлінеді. Бұрғыланған аумақта ВВГ (қабат ішінде ылғалды жану) және ПТВ (бужылулық әсер ету) аудандары, ал жаңа аумақта шығыс және батыс аудандар ерекшеленеді. Бұрғыланған аумақта ұңғылардың қалыптасқан орналасу сұлбасы(ұңғылар мен қатарлар арасындағы қашықтық 150 м болатын үш қатарлы сұлба) сақталған. Жаңа аумақта ұңғылар мен ұңғы қатарлары арасындағы қашықтық 300 м болатын бір қатарлы сұлба бойынша бұрғылау қарастырылған. Бұрғыланған аумақта әсер ету агентітері-бу және су, жаңа аумақ қабат энергиясының табиғи сарқылу режимінде игерілуде.
Игеру жобасын талдау нәтижесінде нақты көрсеткіштердің жобадағылардан айырмашылықтары бар екені анықталды. Соған байланысты 2003-2007 жылдарға арналған кен орынның технологиялық және экономикалық көрсеткіштерінің түзетілген жобасы дайындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет