Геологиялық бөлім Кен орын туралы жалпы мәліметтер


Мұнайжәне газ қорларының өндіруін талдау



бет7/26
Дата07.05.2023
өлшемі0,55 Mb.
#90832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
ТНХП-2021 курсова (копия)

2.1.2 Мұнайжәне газ қорларының өндіруін талдау

Қаражанбас кен орнында 01.07.2005 жылғы жағдай бойынша 1962 ұңғы бұрғыланған. Оның ішінде 1344 өндіру ұңғысы, 442 айдау ұңғысы, 89 бақылау ұңғысы, 43 жұту ұңғысы, 43 жойылған ұңғы және 1 консервациядағы ұңғы.


Объектілер және жалпы кен орын бойынша ұңғылар қоры 9-кестеде көрсетілген.
Кесте 9-Қаражанбас кен орнындағы ұңғылар қорының жағдайы

Ұңғылар
қоры

Категория

Объектілер бойынша ұңғылар саны

Барлығы


I

II

III

I+II

I+II+III

I+III

II+III




Өндіру ұңғылары

барлығы

310

670

199

149

1

3

12

1344

істеп тұрған

204

520

144

130

1

1

9

1009

фонтанды

5

17

0

0

0

0

0

22

ҰШСҚ

70

161

54

71

0

1

1

358

ВШСҚ

129

342

90

59

1

0

8

629

істен шыққан

94

143

49

19

0

2

3

310

фонтанды

30

58

8

7

0

2

0

105

ҰШСҚ

58

79

37

12

0

0

2

188

ВШСҚ

6

6

4

0

0

0

1

17

игерілуде

12

7

6

0

0

0

0

25

Айдау ұңғылары



барлығы

144

257

40

1

0

0

0

442

істеп тұрған

61

81

23

0

0

0

0

165

істен шыққан

69

156

17

1

0

0

0

243

игерілуде

14

20

0

0

0

0

0

34

Арнайы ұңғылар

бақылау

6

78

5

0

0

0

0

89

жұту

0

19

10

0

0

0

14

43

Консер-вацияда

барлығы

1

0

0

0

0

0

0

1

Жойылған

барлығы

30

10

2

1

0

0

0

43

Барлығы




491

1034

256

151

1

3

26

1962

Кестеден көрініп тұрғандай ұңғы қорының басым бөлігін II игеру объектісінің ұңғылары құрайды. Өндіру және айдау ұңғыларының нақты қоры жобалық қордың сәйкесінше 95 және 72 пайызын құрайды. Жоба бойынша кен орынның жеке аудандарында бірнеше объектіден біріктіріп өнім алу қарастырылған. Ағымдағы уақытта ондай ұңғылардың саны 165, оның ішінде іске қосылып тұрғаны 141 ұңғы.


2004 жылдан бері істен шыққан ұңғылар қорының жақсаруы байқалады. Негізінен істен шыққан ұңғылар бұрғыланған аумақтың ПТВ және ВВГ аудандарында орналасқан. Өндіру және айдау ұңғыларының жұмыс істемеуінің негізгі себептері: құм тығынын жою үшін күрделі жөндеуді күту, жер асты жабдықтарын алмастыру, өнімнің жоғарғы деңгейде сулануы, ұңғыны механикалық тәсілге ауыстыруды күту, ұңғы герметикалығының бұзылуы және технологиялық себептер.
Объектілердегі ұңғылардың ағымдағы шығымдарының сипаттамасы
Бұрғыланған аумақта I объектіден өндіретін іске қосылып тұрған ұңғылар саны 253. Бұл жоба бойынша қарастырылған қордан 62 ұңғыға кем. Өндіру негізінен механикаландырылған тәсілмен жүзеге асырылады. 4 қана ұңғы фонтанды тәсілмен жұмыс істейді. Істен шыққан өндіруші ұңғылардың ағымдағы саны 112. Айдау ұңғыларының саны 145, оның ішінде 70 ұңғы істен шыққан. Сонымен бірге объект бойынша 5 арнайы ұңғы, 12 жойылған ұңғы және игеріліп жатқан 4 өндіру ұңғысы бар.
Бұрғыланған аумақта I объектіден өндіретін ұңғылардың мұнай және сұйық шығымы бойынша бөлінуі 10-кесте көрсетілген.


Кесте 10–Қаражанбас кен орны. Бұрғыланған аумақ. I объект.
Ұңғылардың мұнай және сұйық шығымы бойынша бөлінуі.

Көрсеткіштер

Шығымдар диапазоны, т/тәулік

Барлығы

<2

2-5

5-10

10-20

20-50

>50

мұнай шығымы бойынша

Ұңғылар саны

142

91

16

3

1

0

253

Пайызбен

56.1

36

6.3

1.2

0.4

0

100

сұйық шығымы бойынша

Ұңғылар саны

11

20

30

37

94

61

253

Пайызбен

4

8

12

15

37

24

100

Көрініп тұрғандай ұңғылардың барлығы дерлік(98,4 пайызы) тәулігіне 10 тоннадан кем орташа шығыммен жұмыс істеген.
Бұрғыланған аумақта II объектіден өндіруге арналған ұңғылардың жалпы саны 687. Іске қосылып тұрған өндіру ұңғыларының саны 521. Өндіру негізінен механикаландырылған тәсілмен іске асырылады. 16 ұңғы ғана фонтандайды. 4 өндіру ұңғысы меңгерілуде. 258 айдау ұңғысынан іске қосылып тұрғаны 81, 20 ұңғы меңгерілуде. Объект бойынша 78 арнайы ұңғы және 11 жойылған ұңғы бар.
II объектідегі өндіру ұңғыларының мұнай және сұйық шығымы бойынша бөлінуі 11- кестеде көрсетілген.


Кесте 11–Қаражанбас кен орны. Бұрғыланған аумақ. II объект.
Ұңғылардың мұнай және сұйық шығымы бойынша бөлінуі.

Көрсеткіштер

Шығымдар диапазоны, т/тәулік

Барлығы

<2

2-5

5-10

10-20

20-50

>50

мұнай шығымы бойынша

Ұңғылар саны

255

192

48

23

3

0

521

Пайызбен

49

37

9

4,4

0.6

0

100

сұйық шығымы бойынша

Ұңғылар саны

17

29

36

81

139

219

521

Пайызбен

3,3

5,6

6,9

15,5

26,7

42

100

Кестеде көрсетілгендей 3 қана ұңғы мұнай бойынша 20-50 т/тәулік шығыммен, ал қалған ұңғылар тәулігіне 20 тоннаға дейінгі шығыммен жұмыс істеген. Жоба бойынша II объектіден өндіретін ұңғылардың орташа мұнай шығымы 4,9 т/тәулік болу керек. Сұйық бойынша көпшілік ұңғы(42 пайыз) тәулігіне 50 тоннадан артық шығыммен жұмыс істеген. Сұйықтың орташа жобалық шығымы 44,9 т/тәулік болуы керек.


Бұрғыланған аумақта III объектіден өндіруге арналған ұңғылар саны 110. Олардың тек 56-сы ғана іске қосылып тұр. 4 ұңғы меңгерілуде. Өндіру тек механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі, себебі фонтанды ұңғылар істен шыққан. Айдау ұңғыларының саны 40, оның іске қосылып тұрғаны 23. Объекті бойынша 5 арнайы және 2 жойылған ұңғы бар.
III объектіні пайдалануға арналған ұңғылардың мұнай және сұйық шығымы бойынша жіктелуі 12-кестеде көрсетілген. Көрініп тұрғандай барлық дерлік ұңғылардың тәуліктік шығымы 10 тоннаға дейін болған. Олардың 65 пайызының шығымы 2 т/тәуліктен кем болған. Сұйық бойынша да III объект ұңғылары аз шығыммен сипатталады. 42 пайыз ұңғыда сұйықтың орташа шығымы тәулігіне 10 тоннаға дейін болған.


Кесте 12– Қаражанбас кен орны. Бұрғыланған аумақ. III объект.
Ұңғылардың мұнай және сұйық шығымы бойынша бөлінуі.

Көрсеткіштер

Шығымдар диапазоны, т/тәулік

Барлығы

<2

2-5

5-10

10-20

20-50

>50




мұнай шығымы бойынша

Ұңғылар саны

37

15

4

1

0

0

57

Пайызбен

65

26

7

2

0

0

100

сұйық шығымы бойынша

Ұңғылар саны

8

11

5

12

11

10

57

Пайызбен

14

19

9

21

19

18

100

Жаңа, бұрынғы бұрғыланбаған аумақта барлығы 393 ұңғы бұрғыланған. Оның ішінде 329 өндіру ұңғысы, 43 жұту ұңғысы, 19 жойылған ұңғы, 1 бақылау ұңғысы және 1 консервациядағы ұңғы бар. Жаңа аумақта айдау ұңғылары жоқ, себебі пайдалану қабат энергиясы сарқылуының табиғи режимінде жүргізілуде. өндіру ұңғыларының көпшілігі II объектіні игеруге арналған.16 ұңғы бірнеше объектіден біріктіріп өнім алады.


Аудандар бойынша ұңғылар қоры келесідей бөлінген: батыс ауданда 87 ұңғы(22 пайыз), шығыс ауданда 297 ұңғы(76 пайыз), солтүстік ауданда 9 ұңғы(3 пайыз).
I объектіден өндіретін ұңғылардың жалпы саны 84. Одан 36 ұңғы шығыста, 43 батыста және 5 ұңғы солтүстікте орналасқан. Шығыстағы 36 ұңғыдан 20 ұңғы жаңадан бұрғыланған болып табылады. Жаңа ұңғылардан 3 ұңғы 100-150 т/тәулік шығыммен, 6 ұңғы 40-80 т/тәулік шығыммен, 6 ұңғы 5-20 т/тәулік шығыммен жұмыс істеген. Тағы 5 ұңғы әлі меңгерілуде. Қалған 16 ұңғы 30 т/тәулік мұнай шығымымен жұмыс істеді. Батыстағы ұңғылардан 42 ұңғы тәулігіне 50 тоннаға дейінгі орташа мұнай шығымымен, 1 ұңғы 72 т/тәулік шығыммен жұмыс істеді. Солтүстіктегі ұңғылар 8-57 т/тәулік мұнай шығымымен жұмыс істеген.
II объектіден өнім алатын, іске қосылып тұрған ұңғылардың саны 139. Олардан 122 ұңғы шығыс ауданда, 13 батыста, 4 ұңғы солтүстік ауданда орналасқан. Шығыстағы 12 ұңғы объектілерді біріктіріп пайдаланады, 16 ұңғы жаңадан бұрғыланған, 2 ұңғы меңгерілуден ауыстырылған. Жаңа ұңғылардан 1 ұңғы тәулігіне 2 тоннаға дейін, 7 ұңғы тәулігіне 10 тоннаға дейін, 7 ұңғы тәулігіне 50 тоннаға дейін, 1 ұңғы 115 т/тәулік шығыммен жұмыс істеген. Шығыстағы ұңғылардың көпшілігі( 79 ұңғы) тәулігіне 20 тоннаға дейін, 12 ұңғы тәулігіне 50 тоннаға дейін және 1 ұңғы 67 т/тәулік шығыммен жұмыс істеді. Батыс аудандағы 10 ұңғы тәулігіне 20 тоннаға дейін, 3 ұңғы 30-50 т/тәулік шығыммен жұмыс істеді. Солтүстіктегі 4 ұңғы тәулігіне 1 тоннадан 9 тоннаға дейін мұнай берген. III объектіде іске қосылып тұрған 95 өндіру ұңғысы бар. 24 ұңғы шығыста, 71 ұңғы батыста орналасқан. Батыстағы 15 ұңғы тәулігіне 10 тоннаға дейін, 8 ұңғы 10-50 т/тәулік және 1 ұңғы 1 т/тәулік шығыммен жұмыс істеген.
Игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
2008-2009 жылдардағы және 2010 жылдың алғашқы жартысы үшін жалпы кен орын бойынша игерудің негізгі технологиялық көрсеткіштері 11-кестеде көрсетілген.Кестеден көрініп тұрғандай 2008 жылы да, 2009 жылы да мұнайды жылдық өндіру кен орын бойынша жобадағы көрсеткіштен 1,4 пайызға жоғары болды. Бұл жағдай негізінен жаңа аумақтағы артық өндіруге байланысты.
2008 жылы бұрғыланған аумақта жобадағыдан 6,8 мың тонна кем, ал жаңа аумақта жобадағыдан 34,4 мың тонна артық мұнай өндірілді. Жалпы кен орын бойынша нақты өндіру жобадағыдан 27,6 мың тонна немесе 1,4 пайызға артық болды.2009 жылы бұрғыланған аумақта жобадағыдан 95,4 мың тонна кем, ал жаңа аумақта 127,1 мың тонна артық мұнай өндірілді. Жалпы кен орын бойынша нақты өндіру жобадағыдан 31,7 мың тонна немесе 1,4 пайызға артық болды.


Кесте 13-Игерудің жобалық және нақты технологиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштер



Жылдар

2008

2009

2010 ж.
1-шілде

жоба

нақты

жоба

нақты

Мұнай өндіру, мың т

1895

1922,1

2294

2325,9

1135,5

Жинақталған мұнай өндіру, мың т

20174,5

20211,5

22468,8

22537,4

23673,6

Сұйық өндіру, мың т

10528

11198.7

10778

14911

7456,9

Жинақталған сұйық өндіру, мың т

70205

70891,6

80982

85802,6

93263,5

Орташа сулану, %

82

82,8

78,7

84,4

84,8

1 ұңғының мұнай бойынша орташа шығымы, т/тәулік

8,1

7,8

8,9

7,8

7,1

1 ұңғының сұйық бойынша орташа шығымы, т/тәулік

46,5

45

43,4

50

46,4

Мұнай алу коэффициенті

0,089

0,09

0,1

0,1

0,1

Мұнай газын өндіру, млн. м3

10,8

15,4

13,1

18,6

9,1

Жинақталған газ өндіру, млн. м3

137,7

161,7

150,8

180,3

189,4

Бу айдау, мың м3

2219

1799,1

2644

1961,6

750,3

Су айдау, мың м3

3900

1439

4604

1658,9

1020,5

Жұту ұңғыларына айдалғанағынсу, мың м3




5902,5




7883,6

4191

Жұту ұңғыларын ескермегендегі ағымдағы компенсация, %

58

29

67

24

23,7

Жұту ұңғыларын ескергендегі ағымдағы компенсация, %

58

82

67

77

97,5

Айдау ұңғыларының орташа бу қабылдағыштығы, м3/тәулік

83,1

69,6

73,6

73

80,1

Айдау ұңғыларының орташа су қабылдағыштығы, м3/тәулік

78,8

70,3

72,4

72,3

66,8

Жаңа өндіру ұңғыларын еңгізу

48

55

100

106

46

Жыл соңында өндіру ұңғыларының қоры, дана

1190

1197

1298

1299

1344

Жыл соңында істеп тұрған өндіру ұңғыларының қоры, дана

825

803

923

972

1009

Жыл соңында айдау ұңғыларының қоры, дана

442

441

441

443

442

Жыл соңында істеп тұрған айдау ұңғыларының қоры, дана

144

141

190

164

165

2010 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша нақты өндірілген мұнай 1135,5 тоннаны құрады. Жинақталған мұнай өндіру 23673,6 мың тоннаға жетті.Сұйық өндіру 2008 жылы жобадағыдан 6,4 пайыз, 2004 жылы 38 пайыз асып түскен. 2009 жылдың алғашқы жартысында сұйық өндіру сол жылғы жобаның 57 пайызын, жинақталған сұйық өндіру 99 пайызын құрады.Жоба бойынша 2008-2010 жылдары алынған сұйықты сәйкесінше 58, 67 және 61 пайыз компенсациялау көзделген. Нұсқа сыртындағы жұту ұңғыларына айдалатын суды ескермегенде кеніш аумағындағы айдау ұңғыларына айдалған жұмыс агенттерінің көлемі жобадағыдан кем. Сәйкесінше компенсация жеткілікті емес. Ал нұсқа сыртындағы ұңғыларды ескерсе компенсация жобадағыдан асып түседі. Кеніш шегіндегі жеткіліксіз компенсация істеп тұрған айдау ұңғыларының жеткіліксіздігімен және айдау ұңғыларының су бойынша жобадағыдан кем қабылдағыштығымен байланысты. Қаражанбас кен орны бойынша өндірілген мұнайдың орташа сулануы 2003 жылы 82,8 пайыз, 2009 жылы 84,4 пайыз, 2005 жылдың бірінші жартысында жобадағы 77 пайыздың орнына 84,8 пайыз болды. Ағымдағы мұнай алу коэффициенті жалпы кен орын бойынша 10 пайызды құрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет