Геологиялық бөлім Кен орын туралы жалпы мәліметтер


Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнайбергіштікті арттыру әдістерін қолдану



бет9/26
Дата07.05.2023
өлшемі0,55 Mb.
#90832
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
ТНХП-2021 курсова (копия)

2.1.5 Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнайбергіштікті арттыру әдістерін қолдану

Бұрғыланған аумақта қабат қысымын ұстау және мұнайбергіштікті арттыру үшін ВВГ ауданында қабатқа ыстық су, ал ПТВ ауданында бу, ыстық және салқын су айдалады. Жаңа, бұрын бұрғыланбаған аумақ қабат қысымы сарқылуының табиғи режимінде игерілуде.


Кен орынның бұрғыланған аумағында қабатқа 2003 жылы 1799,1 мың м3 бу, 1439 мың м3 су, 2004 жылы 1961,6 мың м3 бу, 1658,9 мың м3 су, 2005 жыл-дың бірінші жартысында 750,3 мың м3 бу және 1020,5 м3 су айдалған. Келтірілген мәліметтерден көрініп тұрғандай 2004 жылы айдау көлемі артқан, ал 2005 жылдың бірінші жартысында су айдау көлемі артып, бу айдау кеміген. Ағымдағы компенсация контур сыртындағы жұту ұңғыларын ескермесе 30 пайызды, ескерсе 120 пайызды құрайды.
Игеру басталғаннан бері I объектіге ВВГ ауданынан 213,126 мың м3 ауа, 117,73 мың м3 суық су, 1593,66 мың м3 ыстық су айдалған. 1997 жылдан бері I объектіге ВВГ ауданынан тек ыстық су айдалады. Алынған сұйықтың жұмыс агентімен ағымдағы компенсациясы 38 пайызды құрайды. Айдау ұңғыларының қоры 36 дана, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 12 ұңғы. Айдау ұңғыларының 66 пайызы істен шығуына байланысты және айдаумен қамтылу аз болуына байланысты I объектіге ВВГ ауданынан жұмыс агенттерін айдау біртексіз және жеткіліксіз көлемде жүргізілуде.
I объектіге игеру басталғаннан бері ПТВ ауданынан 7112,6 мың м3 бу, 7616,72 мың м3 ыстық су, 270,76 мың м3 салқын су, 0,0663 мың м3 мұнай, 0,354 мың м3 ауа айдалды. 2003-2004 жылдары ПТВ ауданынан жұмыс агенттерін айдау көлемі артты: бу 399,5 мың м3-тан 432,2 мың м3-қа дейін, ыстық су 377,1 мың м3-тен 415,1 мың м3-қа дейін. Ағымдағы компенсация 62 пайызды құрайды. ПТВ-2 ауданында I объектіге айдайтын 9 ұңғы бар. Олардың барлығы ағымдағы уақытта істен шыққан. ПТВ-3 ауданындағы 100 айдау ұңғысынан 49 ұңғы ғана жұмыс істеп тұр. 3 ұңғы арқылы бу, қалған 46 ұңғы арқылы ыстық су айдалады.
II объектіге ВВГ ауданынан қабат қысымын ұстау және мұнайбергіштікті арттыру үшін 1997 жылдан бері тек ыстық су айдалады. 2004 жылы айдау көлемі 2003 жылмен салыстырғанда екі есе артып 350,8 мың м3 болды. 2005 жылдың бірінші жартысында ВВГ аймағынан 228,8 мың м3 жұмыс агенті айдалған. Айдау ұңғыларының қоры 75 дана, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 22 ұңғы. Игеру басталғаннан бері II объектіге ВВГ ауданынан 3996,7 мың м3 салқын және ыстық су, 9,9 мың м3 бу, 1388,3 мың м3 ауа айдалған. Ағымдағы компенсация 35 пайызды құрайды.
Игеру басталғаннан бері II объектіге ПТВ ауданынан 17022,7 мың м3 салқын және ыстық су, 29898,7 мың м3 бу, 8,7 мың м3 ауа, 2,4 мың м3 мұнай, 254 мың м3 полимер айдалған. 01.07.2005 ж. жағдай бойынша бұл ауданда қабат қысымын ұстау үшін бу, салқын және ыстық су айдалады. Салқын су тек бір ұңғыға, ыстық су 37 ұңғыға, бу қалған 21 ұңғыға айдалады. II объектінің мұнай кеніштерін ПТВ ауданында игеру кезінде негізгі технология-аудандық жылулық әсер етуден басқа контур сыртынан су айдау қолданылады. Қазіргі уақытта ағын суды нұсқа сыртындағы аймаққа айдау 39 жұту ұңғысы арқылы жүргізілуде. Нұсқа сыртынан су айдағанға дейін(1988 жыл) кеніштегі қабат қысымы жеткіліксіз компенсация себебінен әрдайым төмендеп отырды. 1988 жылдан кейін нұсқа сыртынан су айдау басталуына байланысты жинақталған компенсация 119-140 пайызға жетіп, 100 пайыз деңгейде 1998 жылға дейін ұсталды. Қабат қысымы 3,7 МПа-ға жетті. Одан кейін айдау көлемінің азаюына және жеткіліксіз компенсацияға байланысты қабат қысымы 2 МПА-ға дейін төмендеді.
Игеру басталғаннан бері III объектіге ВВГ ауданынан ауа, ыстық және салқын су айдалды. 2004 жылы 355 мың м3 жұмыс агенті айдалды. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 43 мың м3-қа кем болды. 2005 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша бұл ауданда қабат қысымын ұстау үшін тек ыстық су айдалды. Ағымдағы компенсация 59 пайызды құрады. Жинақталған су айдау көлемі 3234,2 мың м3, жинақталған компенсация 64 пайызды құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет