А С D
АВ гипотенузасын В нүктесінен АС түзуіне жүргізілген көлбеу деп атайды. Ал АС катетін АВ көлбеуінің АС түзуіндегі проекциясы деп атайды. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышы оның өзге бұрыштарынан үлкен болғандықтан, гипотенуза оның кез келген катетінен үлкен болады. Онда қандай да бір нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр осы нүктеден берілген түзуге түсірілген көлбеуден кіші болады. Көлбеудің проекциясы көлбеудің өзінен кіші.
В үктесінен АС түзуіне дейінгі қашықтық деп ВС перпендикулярының ұзындығын айтады.
Практикалық бөлім: №№166,167,182,183
Үйге тапсырма беру:
Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 7 сынып
Реті:37
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түзулердің параллельдігін, екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды білу
Дамытушылық: Түзулердің параллельдігін, екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды есептей білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру
Қайталауға арналған сұрақтар:
- үшбұрыштың теңдігінің белгілері
- тең бүйірлі үшбұрыштар. Қасиеттері
3. Жаңа тақырып
Теорема,1.
Егер екі түзу дің әрқайсысы үшінші бір түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады.
Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған: 1) айқыш бұрыштар тең болса; 2) сәйкес бұрыштар тең болса; 3) ішкі тұстас бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болса, онда бұл екі түзу параллель болады.
Достарыңызбен бөлісу: |