№3. Тігінен де, көлденеңінен де қайталанбайтындай етіп, сандарды орналастыр.
№4. Есепті шығар. 1. 3 кәмпит және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 кәмпит және 1 шоколад 27 теңге тұрады. 1 кәмпит қанша теңге тұрады? 1 шоколад қанша теңге тұрады? Жауабы:1 кәмпит-5тг, 1 шоколад-7тг
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? Жауабы: Менде 100 теңге болған. 3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап. Жауабы: Қыздары-2, ұлдары-2. №5. Боя. 1-көк, 2-қызыл, 3-жасыл.
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?