Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы


Жарық толқындарының интерференциясы



бет15/41
Дата07.04.2022
өлшемі1,27 Mb.
#30139
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
2cf48276162e74461fb9ee10267ab894672e48b9

Жарық толқындарының интерференциясы

Жарық интерференциясы дегеніміз толқындар интерференциясының жалпы құбылысының дербес жағдайы. Жарық сәулесінің энергиясы электромагниттік толқындардың суперпозициясы кезінде кеңістікте таралады. Кез келген толқындар үшін интерференция болуының қажетті шарты олардың когеренттілігінде. Когеренттілік дегеніміз - уақыт аралығында кеңістікте бірнеше тербелістердің немесе толқындық процесстердің өзара үйлесуі.

Тек қана жиіліктері, амплитудалары және бастапқы фазалары тұрақты және уақыт аралығында кеңістікте шектелген монохромат толқындар шын когерентті бола алады. Монохроматты толқындардың осы сипаттамалары шектелген уақытта тұрақты. Кез келген нақты жарық көзінен шыққан жарықтың қасиеттері осындай бола бермейді.

Жарық көзінің сәулеленуі көптеген атомдардан шығатын толқындардан құралады. Кез келген атом жарықты жеке қысқа импульстар - толқындық цугтар түрінде шығарады. Олардың ұзақтығы 10-8с-тан аспайды. Жеке цугтар арасында сәйкестік болмайды, яғни олар когерентті емес. Осы себептен макроскопиялық көзден шыққан жарық монохроматты болмайды.

Монохроматты емес жарықты бір-бірін ауыстыратын тәуелсіз цугтардың жиынтығы ретінде көрсетуге болады. Бір цугтың орташа ұзақтығы τс - когеренттілік уақытпен анықталады; егер толқынды екі шоққа бөлгеннен кейін оның біреуінің кешігу уақыты жеке цугтың ұзақтығынан үлкен болса, онда осындай екі шоқтар интерфереция бермейді, яғни олар өзара когерентті болмайды.



Сондықтан когеренттілік тек бір цуг шегінінің ішінде болады және когеренттілік уақыты атомның жарықтану уақытынан артық болмайды: τс<τ. Толқын вакуумда когеренттілік уақыты бойынша Δс ара қашықтық өтеді. Осы ара қашықтықты когеренттілік ұзындығы деп атайды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет