Жарық толқындары интерференциясының пайда болу шарттары. Когерентті шоқтарды алу үшін бір жарық көзінен шығып жатқан жарықты екі бөлікке бөлу керек (немесе бірнеше), сосын интерференцияланатын сәулелердің арасындағы жол айырымы когеренттіліктің ұзындығынан аз болатындай етіп, оларды бірінің үстіне бірін қабаттастыру керек. Толқындық шепті бөлу арқылы когеренттік шоқтарды алу әдісінің мәні мынада: негізгі жарық көзінен шығып жатқан шоқ екіге бөлінеді, мысалы бір-біріне жақын орналасқан саңылау немесе айнаның беті арқылы шағылу т.с.с.