Уақыттық когеренттілік. Толқын монохроматтылыққа жақын болған сайын, (және ) үлкен болады. Толқындардың монохроматтық дәрежесін анықтайтын, кеңістіктің бірдей нүктесінде жүретін тербеліс когеренттілігін уақыттық когеренттілік деп атайды.
Кеңістіктік когеренттілік.Өлшемдері мен өзара орналасылары интерференцияны бақылауға мүмкіндік беретін екі жарық көздері кеңістіктік когерентті деп аталады.
Жарық интерференциясы екі немесе бірнеше когерентті жарық толқындарының беттесуі кезіндегі жарық ағынының қайта үлестірілуі; нәтижесінде бір жерлерде интенсивтіліктің максимумдары, ал басқа жерлерде — минимумдар бақыланады.