Дененің линзадағы кескінін салу келесі сәулелердің көмегімен атқарылады:
1. линзаның оптикалық центрінен өтетін және өз бағытын өзгертпейтін сәуле;
2. бас оптикалық оське параллель жүргізілетін сәуле; линзадан сынған соң бұл сәуле (немесе оның жалғасы) линзаның екінші фокусы арқылы өтеді;
3. линзаның бірінші фокусы арқылы өтетін сәуле (немесе оның жалғасы); сынған соң ол бас оптикалық оське параллель линзадан шығады.
Дененің жинағыш және шашыратқыш линзадағы кескін салу мысалдары 7-суретте келтірілген: шын (а) және жалған (б) кескіндер — жинағыш линзадағы, жалған — шашыратқыштағы.
Достарыңызбен бөлісу: |