Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы


Қара емес денелердің сәуле шығаруы



бет40/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
оптика лекция

Қара емес денелердің сәуле шығаруы

Табиғатта кездесетін барлық нақты денелердің сәуле жұтқыштық қабілеттері бірден кем (а<1) болады. Жер бетінде кездесетін денелердің ішінде ең қара дене деп саналатын жарық жұтқыштық қабілеттері а = 0,99; қара қағаздың а = 0,95. Сол себептен белгілі температурада нақты денелердің сәуле шығарғыштық дене қабілеті сол температурадағы абсолют қара дене сәуле шығарғыштық қабілетінен кем болады. Сонымен қабат нақты денелердің толық жарқырауы абсолют қара денелердің толық жарқырауынан аз болады. Нақты денелердің сәуле шығарғыштық қабілетінің толқын ұзындығына байланысты өзгеруі абсолют кара дененің сәуле шығарғыштық қабілетінің өзгеруіне ұқсас бола бермейді. Егер дененің а< 1 және барлық сәулелер үшін бірдей болса, ондай денелердің толық жарқырауының, (R’) температураға тәуелділік заңы Стефан-Больцман заңына ұқсас, яғни



,

мұндағы k -— «қаралық» коэффициент делінеді, оның сан мәніне дененің табиғатына, оның бетінің күйіне, температурасына т.т. байланысты болады. Мысалы, температурасы Т=1500°К вольфрамның k = 0,15; егер оның температурасы T=3500°K болса, онда k =0,35 болады.



Қөптеген денелердің қаралық коэффициенті бірден кем болады, мысалы температурасы 1500°К күмістің k = 0,04. Бұл күмі бетіне түскен жарық аз жұтылып, көп шағылатындығына келеді.
Негізгі әдебиет: [1,2,7]

Қосымша әдебиет: [10,11].

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет