Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет2/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
оптика лекция

Жарықтың толық шағылуы.

Жарықтың толық шағылуы мынадай екі жағдайда болады: а) жарық оптикалық тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аз ортаға өткенде; ә) оптикалық тығыз ортаның бетіндегі түсу бұрышы шектік бұрыш болғанда.




Жарықтың сыну заңы екі ортаның салыстырмалы сыну коэффициенті бірден кіші болғанда, яғни жарық оптикалық тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аз ортаға өткенде, болатындығын көрсетеді

Жарық оптикалық тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аз ортаға түскен кезде, түсу бұрышы шартына сәйкес болғанда, толық ішкі шағылу құбылысы бақыланады, яғни бұл кезде жарық екі ортаны бөлетін шекарадан бірінші ортаға толығымен шағылады. Толық шағылу болатын бұрышты шектік бұрыш деп атайды. Шыны-ауа шекарасы үшін шектік бұрыш 42° шамалас болады. Сондықтан бұрыштары 45°-тан болатын үшбұрышты шыны призмада жарықтың толық шағылуын алуға болады. 2-суретте призмалардың толық ішкі шағылу мысалдары келтірілген.

Жарықтың толық шағылуы табиғатта кеңінен таралған, оптикалық техникада (перископ, дүрбі), талшықты оптикада көп пайдаланылады.

Линза деп екі тегіс дөңес немесе ойыс беттермен шектелген мөлдір денені атайды (беттердің біреуі жазық болуы мүмкін). Көбінеше линзалардың бетін сфералық етіп жасайды да, ал линзаның өзі сыну көрсеткіші тандап алынатын шынының арнаулы сорттарынан жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет