3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты – геоморфология зерттеуінің негізгі объектісі – рельеф- құрлық
беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығын қарастыру, рельефтің пайда болуына ішкі және
(эндогенді) және сыртқы (экзогендік) процесстердің әсер етеуін қарастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- Эндогендік процесстерге таужаралу, жер сілкіну, жангартау әрекеті, тектоникалық
құбылыстар т.б. жатады;
- Экзогендік процесстер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының үгілуі, жел,
ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан рельеф пішіндерін зерттеу
үшін оларды құратын тау жыныстарының құрамын, қасиетін және оларға әсер ететін процесстерді
анық білу керек болады;
- Эндогендік күштердің әсерінен жердің бір түсы көтеріліп, тау мен қыраттар түзіледі, ал
екінші тұсында төмен майысып, ойпаттар пайда болады. Экзогендік күштер тауды мүжиді, ойпат
жерлерді борпылдақ материалмен толтырып тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет
жасайды және олар әр жерде, әр түрлі қарқынды ұдайы болып жатады;
Рельеф пішіндерінің қай бағытта дамуы, оның тектүрі, ерекшелігі – мұның бәрі сол жер
қыртысының қасиетіне байланысты..
|