Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия



бет1/6
Дата14.02.2023
өлшемі30,88 Kb.
#67913
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
теория 2 лекция


Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді.
Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің жалпы принциптері
Медициналық этика
Егде жастағы және қарт науқастарды күтуде медициналық этика және деонтологияның ережелерін сақтау маңызды болып табылады. Кей жағдайда жалғыз басты пациент үшін мейірбике ең жақын адам болып саналады. Әрбір науқастың жеке бабын табу үшін пациенттің жеке басының ерекшеліктерін және оның өз ауруына көз қарасын ескеру қажет. Науқаспен дұрыс қарым- қатнас орнату үшін мейірбике онымен сабырлы сөйлесіп, үнемі сәлемдесу керек. Егер пациенттің көзі көрмесе күн сайын науқастың палатасына кіргенде өзін таныстыру қажет. Науқаспен сыпайы және сыйластықпен қатынасып, оны аты- жөнімен атаған дұрыс. «Апа», «ата» деген сөздерді қолдануға болмайды. Гериатриялық науқастар кей жағдайда «өзіне кетеді», өзінің жағдайын «тыңдайды» тітіркенгіштік, жылампаздық пайда болады. Пациентті әртүрлі медициналық емшараға дайындау, оны дұрыс тыңдай білу, жанашырлық көрсету және кеңес беру дұрыс емдеудің маңызды факторлары болып саналады. Дегенмен, мейірбике өз бетімен, дәрігердің айтуынсыз науқасқа немесе туыстарына оның ауруы және ауруының ақыр соңы туралы мәлімет беруге болмайды, тексеру және емдеу тәсілдерінің нәтижесін талқыламау керек.
Ұйқысыздық мәселесі
Егде жастағы науқастар жиі ұйқысыздыққа шағымданады, оларда ұйық-тау режимі өзгереді – олар көбінесе күндіз ұйықтап, түнде белсенділік көрсе-теді (кіріп-шығады, палатаның ішінде жүреді, кітап оқиды). Осы жағдайда ұйқы тудыратын дәрілерді жиі қолдану тез үйренушілікке әкеледі. Сонымен қатар ұйқы тудыратын дәрілерді қолданған кезде әлсіздік, басының ауруы, таңертеңгі уақытта басының «сынуы», іш қату байқалуы мүмкін. Ұйқы туды-ратын дәрілерді дәрігер қажет болған жағдайда тағайындайды. Мейірбике науқасқа дәрілік шөптерді ұсына алады (мысалы, сасық шөп тұнбасы 10-15 мл-ден ұйықтар алдында 40 мин бұрын), 10-20 тамшы «Валокордин», бал араласқан жылы сүт (1 ас қасық) және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет