Гетероциклді қосылыстардың классын бес және алтымүшелі гетероцилді қосылыстар құрайды



бет4/4
Дата16.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#108114
1   2   3   4

Алкалоидтердің негіздік қасиеті

  • Алкалоидтар негіздік қасиет танытады. Олар өсімдік құрамында органикалық қышқылдардың тұзы ретінде кездеседі; медицинада олар күшті минералды қышқылдың тұзы түрінде қолданылады. Бұл негіздің суда нашар еріп, ал алколоидтың тұздары суда, физиологиялық еріткіште. Қан сары суында жақсы ерумен байланысты.
  • Алкалоидтардың негіздік қасиет, олардың құрамындағы бір не бірнеше азот атомымен байланысты және азот көбінесе қанықпаған және ароматты жүйеде болады. Мұндағы азот атомы бөлінбеген электрон жұбы есебінен негіздік сипат көрсетіп, қышқылдармен хлорид, бромид, сульфат, оксальт сияқты тұздарды түзеді.

Алкалоидтардың өсімдіктерден бөліп алу тәсілдері

  • Алкалоидтарды өсімдіктерден бөліп алу тәсілдерінің негізінде, олардың тұздарының судағы. Ал алкалоид – негіздердің органикалық еріткіштерде (хлороформ, диэтил эфирі, бензол) жақсы ерігіштігінде жатыр.
  • Алкалоидтарды бөлудің екі негізгі тәсілдері бар
  • Тұз түріндегі экстаркция

Тұз түріндегі экстракция

  • Алкалоиды бар өсімдік шикізатын шарап қышқылымен қышқылданған сумен немесе этил спиртімен өңдейді. Осыдан өсімдіктегі барлық алкалоидтар тұз түрінде ерітіндіге өтеді. Ерітіндідегі алкалоидты бөліп алу үшін, оны сілтілейді де, түзілген негіз - алкалоидты органикалық еріткіштермен бөліп алады.бұл операция (қышқылмен өңдеу, содан соң сілтілеу) бірнеше рет қайталанады. Мұнан кейін, еріткішті айдап, қалған алкалоидтар қоспасын басқа тәсілдермен жеке – жеке заттарға бөлуді жүргізеді.

Негіз түріндегі экстарция

  • Өсімдік шикізатын сілті ерітіндісімен өңдейді. Әдетте, бұл мақсатта аммиак, гидрокарбонат немесе натрий карбонаты пайдаланылады. Түзілген алкалоид негіздерді органикалық еріткіштермен шаймалайды. Содан кейін тазартуды іске асыру үшін алкалоидтарды иұздарға, одан негізлерге айландырып, осы процессті бірнеше рет қайталайды.

Қорытынды

  • Гетероциклді қосылыстардың көпшілігі биологияда, медицинады, ауыл шаруашылығында маңызы зор. Олар маңызды табиғи өнімдердің құрамына енеді. Мысалы, қандағы гемде және өсімдіктердегі хлорофиллде, нуклеин қышқылдарында, көптеген дәрумендерде, антибиотиктерде, және алкалоидтарда кездесуі мүмкін. Бүкіл фармацевтикалық химияны гетероциклді қосылыстардың химиясы деуге болады.
  • Әдетте, өсімдіктерде бір – біріне ұқсас бірнеше алкалоидтардың түрлері кездеседі. Көпшілігі биологиялық әсерімен танылады, ағзада көп мөлшерде болуы улы болып саналады, ол аз мөлшерде дәрі ретінде пайдаланылады. Алкалоидтар өсімдіктер құрамында әдетте органикалық қышқылдарының – қымыздық, алма, шарап, лимон қышқылдарының тұздары түрінде кездеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет