Гидрология рубержка


 Су ресурстары жəне оның халық шаруашылығындағы маңызы



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата05.11.2022
өлшемі180,29 Kb.
#47756
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Гидрология рубержка

17. Су ресурстары жəне оның халық шаруашылығындағы маңызы
Су ресурстары - шаруашылықта əртүрлі мақсаттарда пайдалануға
болатын жер асты жəне жер үсті суларының мөлшері (негізгі көзі болып
табылатын Тұщы су ресурстары ерекше маңызға ие
болып табылады өзен сулары):
Оның халық шаруашылығындағы маңызы.
Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатын əркім жақсы
біледі. Жергілікті тұрғындарды, кəсіпорындарды сумен қамтамасыз ету,
судың ағын күшін пайдалану су көлігін дамыту, жер суару жəне де басқа
маңызды мəселелерді шешу əрқандай өлке аумақтардың су қорларын
пайдаланумен тығыз байланысты.
Үстіміздегі ғасырдың басына дейін өзендеріміз бен көлдерімізді негізінен
тек су жолы ретінде жəне жер суару үшін қолданып келгеніміз белгілі.
Ескеретін жайт: өзендер мен көлдердің энергетикалық қуат қоры да өте
мол.


Бұрынғы КСРО өзендерінің жалпы қуат мүмкіндіктері шамамен 280 млн
кВт болса, ал АҚШ – та – 80 млн кВт, Канадада –30 млн кВт,Норвегияда
–10 млн кВт, Францияда – 6 млн кВт, Италияда – 8 млн кВт. КСРО – да су
қуатының қорларын қарқынды түрде пайдалану 1921 жылғы ГОЭЛРО
жоспарынан басталды. 1926 жылы сол электр станциясы, ал 1932 жылы
Днепр ГЭС –і іске қосылды. Осы кезде Беломор – Балтық каналы, Москва
атындағы канал, Волга – Дон кеме қатынайтын канал, Рыбинск жəне
басқа да ірі су қоймалары салынып бітті. Сонымен бірге жақсарту
(мелиорациялық) жəне су көлігін дамыту жөніндегі жұмыстар басталды.
Су шаруашылық құрылысы əсіресе соғыстан (1941-45 ) соң зор
қарқынмен өрістеді. Бұл жылдары ондаған аса ірі СЭС –тер (Нева,
Өскемен, Храм, Минчегаур, Цимлян, Кахов, Нижний Новгород, Кама,
Волга) іске қосылды. Осы жұмыстардың нəтижесінде КСРО – дағы
көптеген өзендер мен көлдер өзінің табиғи қалпын өзгертті.
Сібір су қуатының қорларын игеруге байланысты су қуатын пайдалану
құрылысының жаңа кезеңі басталды. Иркутск жəне Братск СЭС –сі іске
қосылды. Ангарадағы Усть- Илим СЭС –інің құрылысы, Енисейде
Краснояр СЭС –і тұрғызылды, ал өзеннің жоғарғы саласында одан да зор
Саяно – Шушенск СЭС –інің құрылысы басталып кетті. Обьта,Амур
алқабында аса ірі су қуатын пайдалану құрылыстарын салу іске
асырылды, су жолдарын жақсарту жөнінде көп жұмыстар істелінді.
1971 жылы КСРО – да электр қуатын өндіру 800 млрд кВт сағ- қа жетті, ал
барлық электр станцияларының бірлескен қуаты 175 млн кВт – тан асып
кетті. Су электр станцияларының электр қуатын өндіру 128 млрд кВт
сағ-қа (16 пайыз), жетті, ал олардың қуаты 33,5 млн кВт- қа ұлғайды, яғни
барлық электр станциялардың жалпы қуатының 19 пайызына теңелді.
Сатылы СЭС электр қуатын берумен бірге терең су жолдарын дүниеге
əкелді. Днепрде, Припятьтың сағасынан Қара теңізге дейін, Волга мен
Камада жалпы ұзындығы 4800 км су жолы т.б. іске қосылды. КСРО – ның
еуропалық бөлігінде біркелкі терең су жолының жүйесін құруға қол
жеткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет