аспаптармен(потенциометрлер) өлешенеді. Табиғи сулардың құрамын
зерттегенде pH пен Eh-тың нақты шамасын білудің маңызы зор.
26. Судың сапасы туралы түсінік.
судың халық шаруашылығында пайдаланылу мақсаттарын (ауыз су
ретінде ішуге, тамақ, қағаз, тоқыма, былғары өнеркəсіптерінің
техникалықкалық су ретінде, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға
жəне т.б.) ескере отырып, оның физикалық, химиялық жəне
бактериологиялық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар жиынтығы.
Судың сапасы - судың сапа көрсеткіштерінің адамдардың қажеттеріне
немесе технологиялық талаптарга сай келу дəрежесі. Олар ауыз сумен
жабдықтау, тынығу, балық шаруашылығының мүқтаждары, ирригация, əр
түрлі өнімдер өндіру секілді максаттарда пайдаланылатын су үшін
белгіленетін нормативтік талаптар түрінде білдіріледі. Тікелей адам
тұтынатын судың сапасы жəне табиғи суқоймалардағы судың сапасы
болып сараланады. Соңғылары сапробтылык (қоректік затгектердің,
организмдер топтамаларының болуы, судың мөлдірлігі) дəрежесі
бойынша бағаланады. Мысалы, олигосапробтық суқоймалар, əдетте, таза
не аз ласталған деп есептеледі, қоректік заттектер аз, мөлдір болады, ал
эвтотрофтық суқоймалар барынша ластанған, қоректік заттектері мол
жəне лай болады.
Достарыңызбен бөлісу: