Гидрология рубержка


 Гидрология ғылымы салалары, зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата05.11.2022
өлшемі180,29 Kb.
#47756
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Гидрология рубержка

18. Гидрология ғылымы салалары, зерттеу объектілері
Гидрология — табиғи суларды жəне оларда болатын құбылыстар мен
процестерді зерттейтін ғылым саласы. Жер туралы ғылымдар санатына
жатады. Геофизикамен, географиямен (көбіне физикалық географияның
бөлігі деп қарастырылады), сондай-ақ геология жəне биология
ғылымдарымен тығыз байланысты. Гидрология пəніне гидросфера
суының барлық түрлері: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, батпактар,
топырақ жəне жер асты сулары, сондай-ақ атмосфера сулары жатады.


Зерттейтін нысандары бойынша гидрология құрлық гидрологиясы жəне
мұхитты зерттеу болып бөлінеді. Гидрология XVII ғасырда қалыптаса
бастады.
19. Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен
ауырлық күшінің əсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер
шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады. Су булары
ауа ағындарымен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады.
атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа қайта оралса, бұл құбылыс
- кіші немесе мұхиттық айналым болады. Мұхит пен атмосфераға қоса
құрлықты қамтитын су айналымы - үлкен немесе дүниежүзілік су
айналымы деп аталады. Дүниежүзілік су айналымына қатысып, құрлыққа
жауған судың біразы өзендер арқылы (жер бетінгі ағын) мұхиттарға
қайтадан ағып барады. Қалған бөлігі топыраққа сіңіп, нəтижесінде
топырақтағы суды өсімдіктер сіңіріп, қайта буландырады. Ал одан қалған
су бөлігі топыраққа тереңірек сіңіп, сулы қабатпен (жерасты ағын) қайта
мұхитқа оралады. Құрлықтан мұхитқа қосыла алмайтын су көздері де бар.
Оларды ішкі "ағынды" немесе "ағынсыз" сулар деп атайды. Бұл аумаққа
түскен жауын-шашын толық буланып кетеді. Атмосферадағы судың
(ылғал) 87%-ға жуығы дүниежүзілік мұхит суынан булануға ұшырайды.
Жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы да болады. Құрлықтан
буланған су (ылғал, газды күй) мұхитқа жетпей тұрып, бірнеше рет жауын
күйінде жауып, осылай құрлық ішінде де кіші су (ылғал) айналымы жүреді.
Табиғаттағы су (ылғал) айналымы — күн энергиясы мен ауырлық күші
əсерінен туындай отырып, жер шарына тəн ылғалдың (судың) толассыз
қозғалысын камтамасыз ететін тұйықталған процесс: ауа ағындарымен
аспанға көтерілген Əлемдік мұхит айдыны мен құрлық бетінен буланған
ылғал (су) түйіршіктері конденсацияға ұшырайды да жауын-шашындар
түрінде жер бетіне (Əлемдік мұхит жəне кұрлық бетіне) қайтадан оралып
(жауып) отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет