су және сумен қамтамасыз ету гигиенасының мәселелерін дайындау жөніндегі гигиеналық мектептің және ғылыми бағыттың негізін қалаушы. Ол ауыз судың және сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың сапасын стандарттау жөніндегі, сонымен қатар, судың құрамындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалаудың негіздері жөніндегі отандық құжаттарды дайындаушылардың бірі болды. «Ағынды суларды суаттарға жіберудің санитарлық шарттары» деп аталатын еңбегі үшін Ф.Ф. Эрисман атындағы жүлдеге ие болды.
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы
В.А. Рязанов
(1903-1968жж)
Академик атмосфералық ауаны санитарлық қорғау сұрақтарын дайындаумен айналысты, А.Н. Сысин атындағы жалпы және коммуналдық гигиена ғылыми зерттеу институтын басқарды. Оның «Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау» монографиясы осы бағыттағы теориялық негіздер мен практикалық шараларды бірінші рет баяндаған іргелі еңбек болып табылды.
Қазақстан аумағында гигиенаның пайда болуы мен дамуы да, ғасырлар тереңіне кетеді және өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақтардың едәуір бөлігі көшпелі, мекендейтін ортасының физикалық-географиялық ерекшеліктеріне тұрақты түрде бейімделуін қажет ететін, өмір сүру салтын жүргізді. Ол денсаулықты сақтаудың және аурулардың алдын алудың өзіндік әдістерін қалыптастырды.
5. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы.
5. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы.
Қазақстанның мәдени орталықтарының бірі Отырарда (бұрын Фараб болған) атақты ойшыл, ғалым-энциклопедист, философ және дәрігер, қыпшақ жауынгерінің ұлы Әбу Насыр Әль –Фараби (870-950 жж.) дүниеге келді және бастапқы білімін алды. Әль-Фарабидің мұрасы 160 трактаттарды құрады, олардың бір бөлігі медицинаға арналған. Әль-Фараби жеке бас гигиенасын сақтауды, тұрғын үйді таза ұстауды, қызуы көтерілген науқастардың ыдыстарын бөлек ұстауды ұсынды.