Ф.Ф. Эрисман гигиена және санитарлық іс сұрақтарына қызығушылығынан гигиеналық әдіснамасы бойынша, М. Петтенкофердең екі жылдық сынақ ісін өтіп, білімін толықтырады, содан соң ол ары қарай өзінің еңбегін гигиена маманы ретінде жалғастырады. Ол мектеп гигиенасы, халықтың тұрғын үй жағдайлары, ауыз судың сапасы мен тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, фабрика жұмысшыларының тамақтану жағдайы туралы және басқа да сұрақтарды терең және жан-жақты зерттеумен айналысады. 1872-1877 жж. Ф.Ф.Эрисман кеңінен белгілі болған «Гигиена жөніндегі нұсқау» деген бірінші еңбегін жазады. Ал 1877 жылы «Кәсіби гигиена немесе ой және дене еңбегінің гигиенасы» деген екінші күрделі еңбегі жарық көреді.
Ф.Эрисман
(1842 -1915жж)
Алексей Петрұлы Доброславин 28 жасында гигиенаның профессоры болды, ал 1871 жылы Ресейдегі бірінші Петербургтің медико-хирургиялық академиясының гигиена кафедрасын басқарды. Ф.Ф.Эрисманмен бірге Ресейде эксперименттік гигиенаның негізін қалады. А.П. Доброславин санитарлық ұсыныстардың бәрі де ғылыми-эксперименталдық тұрғыдан негізделуі, ал, гигиена мамандардың жұмысына зертханалық әдістер белсенді түрде енгізілуі қажет деп санады. Осы мақсатта ол гигиеналық зертхананы ұйымдастырды. Онда тұрғын үй гигиенасы, тамақтану, сумен қамтамасыз ету, мектеп гигиенасы және т.б. жөнінде жан-жақты эксперименталдық жұмыстар жүргізілді. Бұдан басқа, оның ынтасымен Петербургте тағамдық азықтарды зерттеуге арналған санитарлық зертхана құрылады, «Денсаулық» деп аталатын бірінші гигиеналық журнал ашылады