Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет101/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Қуандықов К.
Тұңғыш ұлт театры. Алматы, 1969. 53-бет.
402


іші айлы түннің көгілдір нұрына бөленген. Ішкі шілтер жібек перде, 
түрлі түсті жарықтардың ғажайып тоғысулары сахнаға шексіз кеңістік 
береді. Сол дала төсіне біткен жартас басында қабыса біткен қос ақ 
қайыңдай болып сал Сырым мен Қаракөз айым ынтық зар құшағында 
тұр. Назды әуен екі мұңлықты дала құшағына алып кетті. Үкілі домбы-
раларын көлденең ұстаған салдар да әлгілерді жоғалтқандай жартасқа 
шығады. Бұлардың ізінше келген тағы бір жиынның түстері де суық, 
қарақшылардай аймақты тіміскілей шолып, олар да өте шықты»
*

– дейді. Келтірілген осы жолдардан спектакльдің ой-тұжырымы 
айқындалып, алдағы тартысқа араласатын қаһармандардың кескін-
бедері де белгіленіп, сахнадағы атмосфера толық анықталады. Және 
музыкалық кіріспе қойылымға тұтас поэтикалық саз беріп, оның 
көркемдік мазмұнын тереңдете түскен.
Режиссурадағы нақтылық пен айқындық орындаушылардың 
өз рөлдерін дұрыс ұғып, жан-жақты меңгеруге жетелеген. Актри-
са Жібек Бағысова Қаракөз бейнесін лирикалық жинақтылыққа 
көтерген. Ол ойнаған жас ару рөлінде ізеттілік, инабаттылық, нәзіктік 
мол. Ол дүниенің бәріне таңырқай қарайды, оған бәрі де қызық, әрі 
жұмбақ сияқты. Қаракөз – Бағысованың суда жүзген аққудай әсем 
қимыл-қозғалысы, ажарлы кескін-келбеті, күлімдеген сүйкімді жүзі, 
мөлтілдеген ойлы қарақат көзі автордың:
«Қаракөз Қарауылдың ақ маралы,
Болғанда бетке сұлу, ой саналы», –
деп келетін тамаша сипаттамасының жанды көрінісі елес беріп өтеді. 
Сонымен, Қызылорда театрындағы Қаракөз өмірге, болашағына 
қызыға, кейде үрейлене қарайтын жанның нанымды сахналық бейнесі 
болып шыққан.
Қойылымға жазылған сында «Ж. Бағысоваға қызулық, драма-
тизм жетіс пейді», – деген пікір айтылды. Сахналық бейне жасаудағы 
актердің шығар малық даралығы мен ерекшелігі ескерілетін қағидаға 
әрі оның жетекші рөл атқаратынына сүйенсек, Ж. Бағысова ойнаған 
Қаракөзден күрескерге қажет қызулық, драматизм іздеу артықтық 
ететін сияқты. Әділетсіздікке шыдамай, кіршіксіз махаббат пен бас 
бостандығы жолындағы күресте өздерін құрбан еткен Баян, Еңлік, 
Ақтоқтылармен Қаракөзді қатар қоюға болмайды. Ол өзінің махабба-
тын қорғауға дәрменсіз, ата жолын аттап кете алмай, арманына жете 
алмай жынданатынын ескерсек, Ж. Бағысова жасаған бейнеде темпе-
рамент, драматизм жетіспейді деу негізсіз сөз, дәлелденбеген пікір.
*
Сонда, 54-б.
403


Бұл спектакльде мұнан басқа да көңілге қонымды шыққан рөлдер 
бар. С. Рақышев орындаған Сырым, автор суреттегендей, «жаланған 
ер, жалындаған ақын, салтанатты сал» болып шыққан. Актердің 
драмалық дайындығымен бірге, домбыра тартып, тамаша әнші болуы 
– сал бейнесінің әр қырынан ашылуына себепкер болған. Және ән, 
өлең қойылымға лирикалық бояу ғана беріп қоймай, оқиға барысы-
на, сахна мақсатына қарай әртүрлі мағынада орындалуы арқылы ха-
рактер ерекшелігін ашатын басты бейнелеу құралдарына айналған. 
Сондықтан С. Рақышевтың өршіл де екпінді әні Сырымды бір сәт 
күрескер бейнесіне көтерсе, енді бірде Сырымның Қаракөзге айтатын 
қасіретті күйі мен шерлі халін танытады.
Сол сияқты Сырымды мұнан кейін ойнаған Шайтұрсын Әбдібаев 
та драмалық актер дарыны мен әншілік өнерді негізгі нысанаға 
бағындыра білуден нақты шығармалық нәтижеге жеткен. Басқа салдар 
рөлдеріндегі Т. Айнақұлов (Асан), С. Шотықов (Дулат) сияқты талант-
ты актерлердің шебер әншілігі де қойылымға көркемдік көрік берген. 
Бұлардың төгілтіп салған әндері көрерменнің делебесін қоздырып, 
трагедия тартысын ширата түскен. Сонымен бірге, орындаушылардың 
сахнадағы еркін қимылы, ақындық өжеттігі, шабытпен ойнауы сал-
серілер бейнелеріне үйлесімді шыққан.
Ақын-драматург Ә. Тәжібаев трагедияны талдай келіп: «Дәл осы 
«Қаракөзде» қазақтың айтыс поэзиясы өте қызықты пайдаланылған, 
әсіресе «Жар-жар» мен «Беташар» түріндегі дәстүрлі өлең жары-
стары драмалық тартысты дамыту құралы етіп меңгерілген», – деп 
жазды. Тәжібаевтың осы ойын Қызылорда театры шебер дәлелдеп 
берді. Тұрмыс-салттық өлеңдерді сахнадан орындау тәсілі трагедия 
тартысын шиеленістіріп, оның ішкі драматизмін күшейте түскен. 
Кейбір театрларда «Жар-жар» мен «Беташар» астарындағы әлеуметтік 
мазмұнды, тартыс мағынасын аңғара бермеген. Мұны олар тойда ай-
тылатын күлдіргі өлеңдер деп қана ұғып, біраз қысқартыңқырап алған.
Турасын айтқанда, Қызылорда театрының шығармашылық тобы 
өз мүмкіншілігін шеберлікпен пайдаланып, «Қаракөз» спектаклін 
жоғары көркемдік дәрежесіне жеткізе қойған. Астаналықтардың 
олардың өнерін өте жылы қабылдауы осыдан да.
М. Әуезов атындағы Академиялық Қазақ драма театры 
«Қаракөзді» 1963 жылы А. Л. Мадиевскийдің режиссурасымен қойды. 
Қойылымның бас талуы, жалпы сахналық шешімі басқа театрлар-
дан мүлде бөлек. Композитор Н. Тілендиевтің сазды музыкасымен 
шымылдық баяу ашылғанда, ішкі шілтер пердеде Мұхтар Әуезовтің 
бейнесі көрінеді. Бұл – сәтімен табылған көріністе өз трагедиясының 
404


сахналық қойылымын көре алмай кеткен ұлы жазушыға көрсетілген 
құрмет пен ілтипат. Залдағы көрермен жұрттың ду қол соғып, 
қошемет көрсетуі жүрекке жылы әсер етеді. Онан әрі қарай трагедия 
кейіпкерлерінің әрекеті басталып кетеді. Сахна қара көлеңке, кешкі 
ымырт мезгілі. Ауыл сыртындағы жартасқа қарай Асан, Матай, Нарша 
беттеп келеді. Асан (Ә. Жолымбетов) ыңылдап әндетіп келеді, бірақ 
көңілге түйген бір жай іштей мазалап келе жатқан сияқты. Соған ойы 
бөлініп, басқалардан оқшау тұр. Наршаның (Ғ. Сүлеймеиов) әнмен де, 
көңіл күймен де жұмысы жоқ, жүзінде реніш, қабағында кейіс бар.
Қалың малы төленіп, арадағы әңгіме әбден пісіп жетілсе де, 
Қаракөздің уайымы мұның ішін жегідей жеп, діңкесін әбден құртқан 
сыңайы бар. Махаббат дертіне шалдығып, жан күйзелісіне душар 
болған Наршаға қасындағы екі досы ақыл беріп, жігерлі қимыл 
жасауға итереді. «Е, салмайсың ба тыйымды, тартқызбайсың ба ондай 
қырсық мінезіне сазайын», – деген Асан – Жолымбетовтың зілді сөзі 
спектакль тартысын ширықтырып әкетеді.
... Сәлден кейін басына шапан жамылып шыққан Қаракөз
(З. Шәріпова) бен Ақбала (X. Жиенқұлова) жан-жағына ұрлана 
қарайды. Әлгілердің пиғылын, қолға түссе, айықпас дауға душар 
болатынын біледі. Сондықтан Қаракөз қимыл-қозғалысы жедел
аңсаған жанымен жүздесіп, тілдескенше асығып, алқынып тұр. 
Өңінде қобалжу бар, үлкен толғаныс үстінде. Осы күйдегі қыз Сы-
рымды көргенде оған қарай асыға ұмтылады. Біріне-бірі ынтық 
екі жас махаббат құшағына енеді. Төменде Дулат бастаған салдар 
Ақбаламен әзілдесіп, өздерінше қызықтап жатады. Академиялық дра-
ма театрының сахнасында «Қаракөз» қойылымы осылай басталған. 
Және бұл автор идеясына, шығарма рухына сай келген. Режиссер тра-
гедия кейіпкерлерін өздерінің сахналық мақсаттарына қарай қарама-
қарсы екі топқа бөлінетінін, бұлардың арасындағы бітіспес тартыстың 
шиеленісте өтетінін барынша айқындай түскен. Әрі бұл тартыс 
шымылдық ашылмастан бұрын әлдеқайда ерте басталғанын сездіреді. 
Осы тұста характерлердің сахналық эскиздері де сызылып қалады.
Мұнан кейінгі көріністе режиссер анықтап алған ой-тұжырымын 
шашау шығармай, жүзеге асыруға ұмтылады. Спектакль туралы сын 
мақалада былай деп жазылған: «... режиссер түсінігінше, Қаракөз 
бақытты махаббат жолында ашық айқасқа шыққан, ата жолын ат-
тап өткен ару, Қаракөз – ІІІәріпова сахнаға алғаш шыққанда-ақ 
ешбір жаннан қаймықпайтын, кеудесінде ғашықтық оты лаулаған 
қалыпта көрінеді. Сырыммен алғашқы кездескен сәтте де, онан соңғы 
405


көріністерде де ол батыл қимылға баратын болып есте қалады»
*
. Ак-
триса мен режиссер Қаракөздің Сырымға деген махаббатын, аңсап 
қауышқан қос ғашықтың жүрек лүпілін, оқиғаны, дамуына қарай 
туып отыратын көңіл толғаныстарын нанымды ашқан.
З. Шәріпова – Қаракөздің қуанышы мен реніші көңіл күй 
өзгерістерінен, толғаныстан туатын ішкі драматизмді айқын аңғартып 
отырады.
Сырым рөлін Н. Жантөрин мен Ш. Мусин кезектесіп ойнайды. 
Екі орындаушының екеуі де актерлік ерекшеліктеріне қарай сахналық 
характердің өздеріне жақын, қонымды белгі-бедеріне көңіл бөлген. 
Н. Жантөрин өз геройының аңсаған асыл арманын, адал махаббатын, 
соған жету жолындағы табанды күресін, көздеген мақсатына жетпей 
қоймайтын төзімділігін, айтқанынан қайтпайтын қайсарлығын, әрі 
қару ұстай білетін батырлық кескінін де толық ашқан. Ал Ш. Му-
син Сырым бойындағы ақындық шабыт, салдық өнерге, лирикалық 
сезімге ден қойған. Бұл қаһарман бейнесінің төл қырынан көрінуге 
мүмкіндік жасаған. Қысқасы, екі актердің екеуі де кейіпкер дүниесіне 
толық еніп, әрқайсысы өз мүмкіншіліктеріне қарай дара сахналық 
бейне жасаған.
Спектакль туралы мақалада: «...Осы екі дарынды артист те 
Сырымның тағы бір қырын – әншілігін жеткізе алмай жатқаны аян.
«Мен келдім зарға толып, күнім саған,
Бір ауыз сөзің бар ма айтар маған»,–
деген жолдармен басталатын Сырымның ең соңғы қоштасу әнін аса 
шерлі үнмен, көкірегі қарс айырылып, ет жүрегі езіліп, аңыратып айта 
алмайды. Трагедияның шарықтау шегінің биігі бұл. Осы ән үстінде 
Қаракөз де Сырымды танып: «...Иә, иә осылай, осылай болатын... 
ән... ән» деп барып үзіліп кетеді»
**
деген пікірдің жаны бар. Демек, ән 
бұл сахнада қойылымға ұлттық колорит беретін қосымша компонент 
емес, кейіпкер өмірінде үлкен өзгерісті, психологиялық толғанысты, 
тартыс жүйесін ашуға қажет әрі солардың әрекетіне тікелей байла-
нысты. Әрине, бұл ерекшелік драмалық әр актердін бойынан табыла 
бермейтіні хақ. Сыншы ойы жүзеге асса, спектакльдің ұтары да дау-
сыз еді.
Бұл кемшілік басқа ақын-салдар бейнелеріне де ортақ. Ән мен өлең, 
ойын-сауық, той-думан дегенде «жарғақ құлағы жастыққа тимейтін» 
халықтың бір кездегі еркесі мен сәні болған ақын-салдар өнері сахна-
*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет