Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет98/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   106
Р. Нұрғали,
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының 
корреспондент мүшесі


«ҚАРАКӨЗ»
(
Қойылу тарихы
)
1925 жылы жазылып, сол жылы жарияланған конкурста бірінші 
орын алған пьеса, Семейде драмалық труппаның сахнасына 
қойылады. Тұңғыш рет кітап болып 1926 жылы Семейде басылып 
шықты. Трагедияның 1959 жылы қайтадан өңделген нұсқасы 1960 
жылы «Қараш-Қараш» атты жинаққа жарияланды. Әуелгі (1926) 
нұсқада Қаракөз бен Сырым немере, 1959 жылғы өңдеуде бұлар алты 
атадан барып туысады. Жеті атаға дейін қазақтың қыз алыспайтын 
дәстүрі осы нұсқада ескерілген.
Трагедияның соңғы нұсқасында пролог пен эпилог қысқартылған, 
жаңа кейіпкерлер қосылған. «Жар-жар», «Беташар» да ықшамдалған. 
Трагедияның соңғы нұсқасының көркемдік шоқтығы биік, тілі де 
шұрайлы, бірталай өз ге рістерге түскен. Бұл туралы автордың өзі: 
«Жалпы пьеса тақырыбы бей мез гіл заманда жолсыз өмір кешіп, ерте 
тартқан қайғы-зардың уызынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы, 
асықтық пен ақындық құмарлығында елтілген уыз жас жайы.
Пьесаның ендігі айқындалған идеясы бойынша: азаптан туған 
ақындық, қан-қайғыдан туған қаза, жекебастың күй-шерінен баста-
лып барып көп мұңдар, жылаулар күйіндегі азапты ұғынуға беттеген 
шабытты көрсетпек. Кесірлі кер заманның қайғы-қасірет қазасынан 
туған ызалы шабытты бейнелемек» («Қараш-Қараш», 1960. 239-б.).
Трагедияға қатысатын кейіпкерлерге де ептеген өзгерістер 
енгізілген. Алғашқы нұсқадағы Қойсары, Тойсары болып, «Мөржан 
– (семіз бәйбіше), Жарылғап, Жабайдың шешесі, 65 жаста» деген жол-
дар екінші нұсқада – Жарылғаптың шешесі, 70-те» деп өзгертілген. 
Алғашқы нұсқадағы Наршаның әкесі Тұрсын, Кәмшат – қызметкер 
қыз соңғы нұсқада қысқартылған. Соңғы нұсқадағы пьесаға 
жүргізілген кейбір өңдеулерге автордың амалсыз барғанын айтқан 
дұрыс. Мұндағы жаңа кейіпкерлер – егінші шал мен балықшы шал 
трагедияның алғашқы нұсқасында жоқ. Шығармадағы «таптық тарты-
390


391
сты» күшейту ниетімен коммунистік идеологияның күштеп енгізген 
бұл кейіпкерлерін асыл дүниеге жамалған жамаудай ерсі көрген теат-
рлар қабылдамай, қойылым бірер жүргеннен кейін оны алып тастап 
отырған. Көне заманның салт-дәстүрін орынсыз дәріптеген «зиянды 
шығармалар» қатарына қосылып, трагедия ұзақ уақыт театр репертуа-
рынан түсіп қалғаны мәлім.
Трагедияның екі нұсқасында да бір-бірінен айырмашылықтар 
бар. Кейбір диалогтар мен сөздер редакцияланған, жекелеген 
көріністер қайта жазылған, кейіпкерлер сөздерінде де өзгерістер 
бар. Диалогтардың көркемдік қуаты, ішкі тартысы күшейтіліп, әбден 
ширатылған.
Мұндай редакциялау мен өзгертулер трагедияның өн бойы-
нан кездесіп отырады. Автордың ой-өрісі кеңейіп, білімі молай-
ып, жазушылық шеберлігі әбден қалыптасқан тұста жүргізілген 
өңдеулер трагедияның көркемдік мазмұнын тереңдетіп, оны әлемдік 
классикалық дүниелердің деңгейіне көтерді.
«Қаракөз» – Мемлекеттік Қазақ драма театрының сахнасына 1926 
жылдың сәуір айында Құрманбек Жандарбековтің режиссурасымен 
қойылды. Мұнда режиссер мен орындаушылар өздерінің өмірлік 
бай тәжірибесіне, ескі ауыл тірлігіне жетік, халық мұрасынан тамыр 
тартқан табиғи дарынына сүйенді. Сондықтан да олар сахнадан тари-
хи дәлділікті, тұрмыс-салт дәстүрін берік сақтауға тырысты. Әсіресе, 
автор көзін тауып ұтымды пайдаланған ауыз әдебиетінің «Жар-жар», 
«Беташар», айтыс өлең-жырларының үлгілерін көркем де шебер 
орындауға күш салды. Ол қойылымға ерекше ажар, көркемдік көрік 
беріп, көрерменді өзіне еріксіз баурап әкетті. Мұнда декорация пьеса 
мазмұнына қарай жасалып, оқиғаның өтетін орнын, табиғат көріністерін 
жарық сәулелер арқылы нанымды бейнелеуден сахна алаңына жан біте 
бастаған. Сол сияқты кейіпкерлердің характер ерекшеліктеріне қарай 
киім-кешек, сахнада ұстап тұтынатын (реквизит) заттар да тарихи 
бедердің сақталуын көздеген. Бұлардың барлығын ойынға қатысушы 
артистер, режиссер өздері жасап, өздері басқарған. Спектакльге 
байланысты жұмыстардын бәрін өздері атқарған қатысушылар на-
турализм элементтерімен бірге, тарихи-этнографиялық дәлділікке 
ұмтылған. Трагедияның алғашқы нұсқасының өзі драматургиялық 
жоғарғы талапқа жауап беретін көркем дәрежеде жазылған. Пьесаның 
осы биік көркемдік құндылығына алғашқы актерлеріміздің шабытты 
өнері қосылып, қойылымда «...беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп, 
ерте татқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар...» наным-
ды суреттелген. Спектакльдің табысты болуы режиссерлік шешімінің 


392
дұрыстығымен бірге, ең алдымен Каракөз, Сырым және сал-серілер 
рөлдеріндегі актерлердің шеберліктеріне тікелей байланысты.
Каракөз бен Сырымның сахналық бейнесі нағыз көркемдік 
жинақтылыққа жеткен. Екеуі де Ромео мен Джульетта немесе ре-
нессанс дәуірінің басқа қаһармандары сияқты феодалдық заманның 
қатыгез заңына, мызғымас дәстүріне қасқайып қарсы шыққан, сонан 
туатын қауіп-қатерді біле тұра бас тәуелсіздігі, махаббат бостандығы, 
ән-өнер еркіндігі үшін табанды күрес жүргізген асыл жандар. Бұлар 
– Шекспир қаһармандарындай адамгершілік, еркіндік, махаббат туын 
жоғары ұстаған өз заманының оза шыққан қызы мен ұлы. М. Әуезов 
кейіпкерлерінің осы ізгі қасиеттерін Қаракөз рөліндегі Зура Атабаева 
мен Сырымды ойнаған Құрманбек Жандарбеков жете түсініп, еркін 
меңгерген. Актриса Қаракөз бойынан инабаттылық, ізеттілікпен бірге, 
«малмен байлап, батамен матауға» көнбейтін, жалын атқан жігерімен, 
асқан ақылымен, жібектей мінезімен, жан сұлулығымен өз ойына, 
көздеген мақсатына, асыл арманына асыққан арудың характерін тани 
білген. Спектакльдің алғашқы сахналарында жеңгесімен ауыл сыр-
тына шыққан Қаракөз – Атабаева жүзінен бірде қуаныш, енді бірде 
абыржу сезілгендей. Сырымды көргенде бойын торлаған үрей сейіліп, 
жүзі жайнап сала береді. Наршаның аулына еріксіз аттанғалы отырған 
Қаракөз дүниенің бәрін ұмытып, махаббат ләззатына бөленгендей. 
Жаңа ғана шымылдық ашылғанда, Асан сал (Е. Өмірзақов) ымырт 
қараңғылығын дірілдетіп салған «Баянауыл басынан бұлт кетпес» 
әнінің мұңлы әуені аяулы арудың көңіл күйі іспеттес. Шарықтап 
барып баяу аяқталатын бұл ән ғашық болған екі жастың жүрек 
сыры, махаббат сөзі болып қабылданады. Сонымен бірге бұл ән 
тым-тырыс самарқау тартқан дала тірлігіне келетін тағдырдың тағы 
бір тартысының белгісі сияқты. Ән артынан іле-шала мойнына су 
құйылып, еңсесі түсіп, қабағы салбырап кеткен Наршаны ортаға алып 
«жұбатып» келе жатқан түсі суық топтың сенері мен сенімі күш пен 
зорлық сияқты. Бұлардан кейін шығатын Ақбала мен Дулаттар да осы 
қатерді сезгендей Қаракөзді сөзін бітіруге асықтыра түседі. Дулаттың:
Жас өмір сылдыр-сылдыр әлі-ақ өтер,
Қызығың бірі қалмай бәрі кетер.
Бүгінгі алмадайын, Қаракөзім,
Сол күнде күйің не боп, күнің не етер?
Қарағым, көп күрсінбей сөзің бітір,
Күткен көп үйге қайтар кезің жетер, –
деген сөзінде қалыңмалы алынған, ұзатылып бара жатқан ауыл сыр-


393
тында бөтен біреумен сыр ақтарысып, махаббат қылын шертісуі 
– бітіспес дау, ата-баба дәстүрін бұзу, оралғы заңды аттап өту, за-
ман қайшылығын туғызатын құбылысты ұқтыратын мағына жатыр. 
Бірақ,
5
оны елеп жатқан Қаракөз жоқ. Ол махаббат үшін жаралған, 
сол махаббат құшағында. Қайта, әуелгіден қазіргі Қаракөз салмақты, 
қымсынбай, ештемеден сезіктенбей өзін еркін ұстайтын дәрежеге 
көтерілген. Қаракөздің «Бізді қосқан желік пен құмарлық емес..., 
сүйгенім! Сырым болмаса мен жалғызбын дер ме едім», т. б. монолог-
тар актрисаның шебер айтуынан терең мазмұн, өзіндік мағына тауып, 
героиня характерінің өсу процесін, өмірге оймен, сыншылдық сарын-
мен қарайтын жанның саналы қадамын танытқан. Актрисаның ойға 
шомған сәттегі кескін-келбетінен, ширақ қимыл-қозғалысынан қазақ 
қызының қайғылы тағдырын айтатын монологтағы ызалы үнінен 
Қаракөздің еркіндікке ұмтылған жолы айқындала бастайды.
«Қаракөз» трагедиясы туралы бұрын да, кейін де мол жазылып, 
көптеген пікір айтылды. Бүгінгі зерттеушілер де трагедия табиғатын, 
автордың драматургиялық шеберлігін жан-жақты тексеріп, пікір та-
ласын тудыратын ештеме қалдырмаған сияқты. Әйтсе де бұрынғы 
жазылған сындарда әйелдер бейнелерін, әсіресе Қаракөз әрекетің 
құптамаған пікірлер болған. Трагедияның соңғы қойылымдарына 
байланысты сын-рецензиялардан да «мұнда әдет-ғұрып, салттың ба-
сым, қанша бұлқынғанымен өресі тар қыз»
*
деген топшылауларды 
кездестіреміз. Немесе... «Сырыммен мәңгі құшақ қосып, тартып берер 
дәрмен жоқ Қаракөз бойында»
**
сияқты пайымдаулар Қаракөз бойы-
нан өз махаббаты мен еркіндігі үшін күрескерлік дәрмен, батылдық 
жоқ дегенге саяды. Біз Қаракөз бен Сырымды өз заманының озық 
жандары дегенде, олардың бойындағы характер ерекшелігін, қимыл-
әрекетін, жоғары адамгершілік қасиетін, ақыл-ойын, парасаттылығын 
айтамыз. Осы бір ерекшеліктері арқылы олар өз ортасынан биік бо-
лып көрініп тұр. Махаббат теңсіздігіне, әділетсіздікке қарсы шығып, 
өз бостандықтарын қорғау – ол заманда екінің бірінің қолынан келе 
бермейтін ерлік құбылыс. Н. А. Островскийдің «Найзағайындағы» Ка-
терина әрекетінен асып бара жатқан батыл қадам көрмейміз. Кабани-
ха немесе басқа алпауыттармен Катерина табанды күрес жүргізбейтін 
сияқты. Солай болса да, Катерина – өз қоғамының озық адамы. Де-
мек, ол өз әрекетімен, ақыл-парасатымен, істеген ісімен сол қоғамның 
әлеуметтік өміріне қайшы келді. Ол өз ықтиярымен емін-еркін өмір 
сүре алмайтынын біліп, өзін-өзі өлімге байлады. «Қараңғы түндегі 
*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет