203
С ы р ы м . Мені тойымсыз қылып жүрген құмарлық болса,
Қарауылдың өзге қызы мен қызығы жетпеп пе еді? Сені қара
түнде қауіп үстінде ажалдан айырғанда,
ақ боранда даладан
тапқанда, енді айырылмастай болып табыстық деген жоқ па
едік?
Қ а р а к ө з . Оның несін айтасың,
мен мұның бәрін өтірік
деп тұрмын ба? Мен сол уәдені, сол түнді ұмыттым ба? Маған
да сен болмасаң, өзге кісінің басы қайғы болар ма еді? Сен
болғандықтан менің қайғым жанымды жеп жүрген жоқ па?
С ы р ы м . Сырым сені жалықтырған шығар әлде? Сы-
рым сал... Оның қонарын сай біледі, көшерін жел біледі. Оны
сүйетін туысқан жоқ. Ағайыны жатша қуып жау санайды. Ол –
жал-құйрығы келте біткен тұлдыр. Ол – жаманатты тентек. Ол
шешесінің теріс батасын алған. Теріс батаға кездескен жол-
сыз... Сондықтан оны тастаса да түк етпейтін шығар... Әлде
осыны ойлаймысың? Маған барыңды айтып кет.
Өмір бойы
осы қинау жеткен жоқ па? Неге келдің? Мені неге келтірдің?
Баяғы қорғаншақтық болса, мені неге шақырдың?..
Қ а р а к ө з . Сағындым, көргім келді, сондықтан шақырттым.
Әйтпесе менен бір ой шығады дедің бе?..
IV көрініс
Салдар кіреді.
Д ә у л е т к е л д і
Қ о с к е л д і
(
Бәрі қосылып
)
Д у л а т
Ақбала! Мен қайтейін қабағыңды? (
Толқыма
)
Әлі де ұмытқам жоқ баяғыңды.
Келген сайын ұрысып дарытпайсың,
Қашан түзу басасың аяғыңды?
Ақбала!
Мен кенейін тамағымды,
Сендей қайтіп ұмытам қарағымды.
Елжіреттің, еріттің, қызықтырдың,
Кәнеки, көтере бер тамағыңды.
Үш сал жан-жағынан құшақтап келіп сүйіп, ойнап, сырласып өтіп кетеді.
С ы р ы м . Сені көзім көріп тұрғанда, мен зорлыққа көне ал-
маймын. Сен мен үшін, мен сен үшін жаралғанмын. Еркем, мен
жатқа бере алмаймын. Сен менен кетсең, құшағым бірге кетеді.
204
Менің серіліктен айырылғаным – тірідей өлгенім, шала жанып
сөнгенім, сенсіз маған дүние тұл, өрттен қалған денем күл...
Өртеймін десең, өзің біл. Болмаса, сенсіз қалған Қарауылдың
жайлауы көр емес пе?.. Сен кеткен соң жарық айлы түн,
жұлдызды жарық кеш неге керек?.. Қалған дүние, қалған өмірді
көргенімше – екі көзім көр болсын... (
Достарыңызбен бөлісу: