Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет43/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   106
Күрсінеді.
)
А с а н (
теріс қарап
)
.
Ай, кәпір, түрің жаман екен (
басын 
шай қап
), білмеймін...
Шымылдық.
4-СУРЕТ
Жарық айлы түн. Тұрсын ауылының сырты, тоғай, өзен; алысырақта 
күзетшінің әні естіледі.
Ә н :
Көл жағалай бітеді көкше құрақ,
Ән салмағың қайда еді, қалқа шырақ.
Үйінде Әкімбайдың жиылыс боп,
Біржан салған ән еді жайма-шуақ.
Аяғын шырқап қайырып тоқтайды, айтақтап ысқырып қояды. Тым-ты-
рыстан соң сахнаға жақындап, мұңайып айтылып келе жатқан ән естіледі, бұл 
қойшы әнінен бөлек.


231
І көрініс 
Сырым шығады. Сырымның әні.
Ә н :
Мен қандай, осы күнге шалшы қандай?
Жүруші ем жас күнімде қаршығадай.
Егер де осы аурудан жаным қалса,
Болар ем ескі апанды аршығандай.
(
Жүдеп келіп үндемей отырады, әндетіп ысқырады.
)
ІІ көрініс
Аздан соң Дулат шығады.
С ы р ы м (
Дулатқа қарап
)
.
Өзгелер қайда жүр, аттар дайын 
ба екен?
Д у л а т . Дәулеткелді мен Қоскелді аттарды дайындатып, 
кешегі ақ қайыңның түбінде тосып отырамыз деп кетті (
Тым-
тырыс
.) Бірақ бұл күнге дейін бір жұмысты бұл қалай деп сұрап 
көрген жоқ едім, осы жолы осы жұмыстың лайығын сұрайын 
деп тұрмын, өзге болған жүрістің жолы бір басқа, мынау өмірді 
жұрт не дейді осы?
С ы р ы м . Осыны шын айтып тұрмысың? (
Қадалып 
қарайды.
)
Д у л а т . Шын айтам... Сен істеген істен бой тартып 
қалмаймын; істеймін, бірақ жөнін ұғындыршы!
С ы р ы м . Қоскелді мен Дәулеткелді сұрамай-ақ істеп жүр 
ғой, соларда ең болмаса сұрау білетін ақыл бар ғой. Сен олар-
дан тартымды, сақ кісі болғаның ба? Неменесіне бүліндің (
Тым-
тырыс
), сұрасаң айтайын... Сең жұрт айтқан лайығын іздесең, 
менің бір ісімнің лайығы жоқ. Қарындасыма кұмар болудың не 
лайығы болушы еді. Естуге құлақ, көруге көз ұялатын іс деп 
үрікпейтін кісі болар ма?
Д у л а т . Өсектеймін, жаман атқа ұшыратамын деген жұрт 
аузына келгенін айта береді ғой. Мен оны айтпаймын. Өзімізше 
не деп жориық – соны сұраймын.
С ы р ы м . Менің ісімді бұл жүрген елде ақтайтын ешбір жан 
жоқ. Бірақ сонда да мен адам емеспін, мен Қаракөзге жаулық, 
жаттық қылып жүргенім жоқ. Жолында жаным шықсын деп 
сүйгеннен басқа жазығым жоқ.


232
Д у л а т . Білемін.., ол жайды білемін ғой, біз осы жасқа 
келгенше талайдың талаймен жақындасқанын көрдік; өз басы-
мыздан да көпті атқардық. Бірақ сен екеуіңдей жалындап үзіліп 
тұрған жандарды көргенім жоқ. Болар деп ойлаған да жоқпыз.
С ы р ы м . Біздің осы көңілімізде не арамдық бар? Не жаттық 
бар? Қаракөздің басын мен сияқты болып әкесі сүйді ме екен, 
Мөржан мендей болып сүйе ме екен? Жасында жетім болып 
еді, жүрегі қаяулы, көзі жасты еді. Осының риза, наразылығын 
білейік, ренжітпейік демес пе еді олар; жан ашығаным, жақсы 
көргенім осы дейтін шығар. Олай болса, Қаракөзге тыңдатшы? 
Солардың әкелігін сүйе ме екен, менің жанашыр достығымды 
сүйе ме екен? Бұл күндегі әке-шешесінен менің көңілім әлде-
қайда ақ, әлдеқайда таза.
Мен бұл күнде Қаракөздің дүниеде таппаған досымын... 
Арамдық қай жерде, арамдық қай жерде?.. Қаракөзбен жақын 
болғанда, басқа жақынға жат болдың, арам болдың десе, міне, 
Құдай, міне, аруақ; осы арқылы бір туысқанымды жек көріп, әлі 
ешбіріне жат болмағаны ма... (
Күрсініп.
) Бірақ керегі не? Бұған 
сенетін де кісі жоқ; шынымен осылай болар-ау деп ойлайтын 
да жан жоқ. Мен ел-жұртқа жатпын. (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет