Гімелер, аудармалар


ЖАЛПЫ ТЕАТР ӨНЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ



Pdf көрінісі
бет5/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
ЖАЛПЫ ТЕАТР ӨНЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ
Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. 
Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай 
түрдегі өнерді алсақ та, сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, 
бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да бо-
лымсыз кішкене ұрықтан жайлы топыраққа көміліп, белгілі 
шартпен бағылып-қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-
өнген. Ана жатырында баланың бітуі сияқты сәті келген сағатта 
тіршілік белгісін бастап, тоғыз-тоқсан құбылып, ащы толғақ, 
ауыр азап ішінде туады. Олай болса, әрбір өнердің иесі болған 
ел сол өнерді туғызып өсірген анасы есебінде. Әрбір өнер өзінің 
туып-өсу жолында, анайы
*
топырағы сияқты болған еліне 
міндетті. Ел тіршілігінің өткен күні сол өнердің бойы өсуіне 
қажет болған шарттың барлығын берген болады. Сондықтан 
елдің өз денесінен жаралған өнер әуелгі кезінде, өз елінің әдет-
салтын, ұғым-нанымын, мақсұт-тілегін өзгеден бөлек пішінде, 
сол елдің өзіне ғана хас болған суретте қабылдайтын болған. 
Бұл халден тысқары жолмен өскен ешбір ел жоқ. Қай өнерді 
алсақ та, әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері карай 
басқан сатысында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының 
ортақ теңізіне барып құяды.
Бүгінгі күнде қазақ елі бір туыстың үстіне жетіпті. Қазақтың 
театры туатын мезгіл болды деген пікірге келіппіз. «Өзімізден 
бірдеме жасалса екен» деген тілекті де тілейтін болдық. 
Сондықтан біз жаңағы айтылған жалпы сөзді екі салаға бөліп, 
соның екі тарауына да ойланып қарап, көз салуымыз керек.
Жоғарғы айтқан жалпы пікірдің ішінде әрбір жұрттың өнері 
әуелі әр елдің тіршілік қалпындағы белгілі шарттарынан туа-
*
Анайы – өзіндік, тума деген мағынада.


17
ды. Әуелгі туысында ұлт өнері болып туады дедік. Бұл халдің 
анығын білу үшін қазірде біз көтеріп отырған театр мәселесі 
өнерлі елдердің өмірінде қандай сатыдан өтті, театрдың өсіп-
өрбіген тарихы не айтады? Соның тәжірибесі біздей елге 
қандай сыбаға ұсынады, соған көз салу керек. Мәселенің екінші 
жағы қазақ елінің өз қалпында театрға арналған қандай ұрық, 
қандайлық мүмкіндік бар, соны тексеруге арналу керек.
Осы жікке қарап мәселені мен екі бөлімге бөлемін. Біреуі 
Еуропа театрының тарихынан азырақ мағлұмат беру болады. 
Екіншісі қазақ топырағында театр өнерінің мүмкіндігі қандай, 
соған арналады.
Еуропа театрының тарихы өте кәрі заманнан басталады. 
Театр өнерін алғашқы туғызған ел – грек жұрты. Грек театры-
ның басы осыдан екі жарым мың жыл бұрын басталған. Енді 
жоғарыда айтылған сөз бойынша театр тарихын қарағанда, осы 
өнердің грек топырағында тууына қандай шарт, қандай халдер 
себеп болды? Сол шарт, сол себептерден туған грек театры 
қаншалық дәрежеде ел театры болды?
Осы мәселелермен танысуымыз керек. Екінші, осымен 
бірге қарастыратын мәселе – жалпы театр өнері гректе, я басқа 
жұртта белгілі заманда қандай халде болды? Өнер есебіндегі 
маңыз-мағынасы қандайлық еді? Театр тарихының қай буыны-
на жетіп еді, сол жағынан қарау керек. Қай жұрттың театрын 
алсақ та, барлығын да осы сияқты екі түрліден қарайтын бола-
мыз. Осы әдіспен қарасақ, кейінгі қазақ театрына келген заман-
да да біздің жалпы пікір, мақсатымыз анығырақ, ұғымдырақ 
болар деймін.
Гректің театры – көпшіліктің театры, халық театры деп са-
налады.
Себебі, бұл театрды туғызған жалпақ елдін әдет-салты мен 
ұғым-нанымы, жалпақ елдің бәріне бірдей ортақ мүлік болып 
саналатын ескілікті грек театры, бір жағынан, елінің ұлттық 
пішінін айқын көрсетіп, екінші жағынан, жалпақ елге бірдей 
болған діни әдеттен туған.
Ілгері-соңғы заманда тарих жүзінде аты шыққан елдердің 
ішінде грек жұртындай ақындық қиялы бай, ақындық өнері мол 
ел болған емес. Гректің дінінің өзі ақындық қиялының туынды-
2–1247


18
сы сияқты. Бұл көп құдайға табынған ел болатын. Сондықтан 
дүниені түсінуі де, жасырын сырын ұғуы да түгелімен сол 
көп құдайдың сыр-сипатын ұғынумен бірге ұғынып, сонымен 
бірге білетін. Дүниедегі ерекше көзге түсетін денелі зат пен 
денесіз заттар болсын, яки адамның табиғатына біткен неше 
түрлі жақсылық, жаманшылық салахияты
*
болсын – осының 
барлығының өзіне арнаулы жеке-жеке құдайы бар. Ескі дінді 
көп құдайды құр санап айтқанмен, дін тұтушы адамның 
көкейіне толық сурет қонбайды. Ақыл жолында бала күйінде 
жүрген адам құдайын танымауға мүмкін. Ұғынса, таныса да 
шала ұғынып, көмескі күйде түсінуге мүмкін. Сондықтан әрбір 
қүдайлар жайынан арнаулы әңгімелер айтылатын. Не қызықты, 
не қайғылы ертегілер – мидодер жасалатын. Мұның мысалы 
қай түрдегі дінде болса да бар. Мұсылман дінінде хазірет Ғали, 
Хасен, Хұсайын, Сейітбаттал
**
әңгімелері – соларға ұқсаған 
дін ертегілері. Бері келген заманда ел білім-мәдениет жолында 
ілгері басқан соң ақыл-санасы да қадам басып бойы өсіп, артқы 
күні балалық күні сияқты ескіріп, татымсыз, мағынасыз нәрсе 
сияқты болып қалды.
Сондықтан ескінің дін деп, хақиқат деп таныған нәрсесін 
кейінгі есі кірген адам көргенде жансыз әңгіме, ертек деп қа те 
түсінетін болған. Бергі заманды қай елдің ертегісі болса, бар-
лығы да бір заманда шын нанымнан, шын деп түсінген ұғымнан 
туып, артынан өзі үстірт сөз сияқты болып саналатын болды.
Бірақ грек жұртының жоғарыда айтқан көп құдайға табынған 
дәуірі – дін жолында өзінше ең өрлеп, ең тереңдеп тұрған 
дәуірі болатын. Ол күнде құдайлар жайындағы әңгімелерінің 
барлығы да жалпақ елдің ортасында ешбір қалтқысыз, ешбір 
күдіксіз анық сеніп, анық қадірлеген әңгімелер болатын. Сол 
әңгімелер бойынша бір елдің ішінде әрбір құдайына арнаған 
белгілі күндерінде арнаулы тойлар, ел мейрамдары болатын. 
Дін әдеті грек жұртының ел әдеті, ел салты, ғүрып-заңы сияқты 
болып кеткен.
*
Салахият – ерекше деген ұғымды береді.
**
Ғали – Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, кейде оны Әзіретәлі дейді немесе 
Ғали Арыстан деп те атайды. Хасен, Хұсайын балалары.
Сейітбаттал – діни қиссалардың кейіпкері.


19
Гректің құдайларының шынында адам бойындағы әр түр лі 
салахияттың әрқайсысына арналған иесі Құдай болатын де-
дік. Сондай құдайлардың ізгілік құдайы, сұлулық, өнерлілік 
құдайы, яки жаманшылық, қастық құдайы болса, тағы бір 
құдайы қызық, сауық, ішкілік құдайы болатын. Бұл құдайының 
аты – Дионис. Дионис – аспан мен жердегі судың, діннің 
құдайы. Судан болып, өсімдік шығарып, жаңа туыс туғызатын 
қасиет иесі.
Қызық-сауық құдайына жыл сайын арнаулы күндерде құрбан 
шалып, той қылып, жалпақ ел мейрам жасайтын. Бұл мейрам 
әм сауық құдайына арналған соң түгелімен сауық, қызық күні 
болу керек. Қүдайға құлшылық, тілек ретінде әуелі құрбан ша-
лады. Құрбандығы теке болатын. Сол текені шалып тұрып, ай-
наласына бар халық жиналып, Дионистің өмірі турасындағы 
әңгімелерді өлең қылып айтатын. Сол өлеңнің ішіне адам ба-
ласына істелген жақсылығы үшін сиынып, қасиеттеген сөздері 
де кіретін. Мейрамның дін әдетіндегі парызы – осы. Осы 
біткен соң жалпақ елдің ішіндегі той, ойын, би, ән-күй баста-
латын. Дионистің мейрамына шалатын құрбандығы теке бола-
тын. Себебі баяғыда бір теке виноград жемісін жеп алып, мас 
болғанның белгісін көрсетіпті. Мұны көрген адамдар текенің 
неден мас болғанын ойлап келіп тапқан. Бірақ бізге осы сыр-
ды тапқызған Дионистің өзі ғой, олай болса, бұдан былай 
Дионистің мейрамына құрбанға теке шалайық деп, соны салт 
қылып әкеткен.
Текені грекше «трагус» дейді. Сондықтан Диониске құрбан 
шалған жерде айтатын өлеңді де теке жайындағы өлең деп ата-
ған. Өлең грекше – «оде». Бері келген заманда осы сөздерден 
әлгі «трагедия» деген сөз шыққан. Бүгінгі заманда біздің қанды 
оқи ға деп жүргеніміз сол Еуропа тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет