Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет7/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106
хор
», «
оркестр
», «
сахна
» 
дегендер – барлығы сол грек театрының қосқан аттары бола-
тын. Кейінгінің барлығы алған үлгі – грек үлгісі.
Грек жұртынан соң тарихта үлкен орынға ие болған көрнекті 
ел – Рим халқы. Бірақ бұл елдің барлық жаратылыс қалпында, 
мінез салтында гректерге ұқсамайтын бір зор айырмасы бар 


22
еді. Ол айырмасы – қиял мен сезімге бай емес, салқын ақыл мен 
іске қолайлырақ болған. Қиялдан келетін пайдадан да қолына 
түсіп, көзіне көрінетін пайданы артығырақ көрген пысықтық, 
ширақтық жағы басымырақ болған ел. Сондықтан оларда театр 
өнері гректікіндей болып дәуірлеп, гүлденген жоқ. Гүлденбеген 
себебі – елдің қалпы мен салтында театрды туғызатын шарт 
болмағандықтан. Римде сезім-қиялды тарбиелейтін траге дия-
ның орнына көңіл көтеріп күлдіруге жарайтын күлкі ойындар 
«комедиялар» көбірек орын алған. Бірақ сондай дінді жасаушы-
лар ел кезінде төмен саналатын болған.
Сондықтан Римде бері келген заманда театр әуелгі грек 
жұртында болған асыл қасиеттерінің барлығынан айырылып, 
көбінесе цирк түріне айналып кеткен. Римнің ақсүйектері, қара 
халқы – барлығы да циркте тұтқын құлдардың жекпе-жек-
ке шығып бірін-бірі өлтіргенін, сүзеген бұқамен алысып қаза 
тапқанын, яки піл, жолбарыс сияқты жыртқыш хайуандармен 
алысып өлгендерін қызық көріп, соларды қарауды салт қылып 
кеткен. Әрине, жалпы театр өнеріне бұл сияқты салттан пәлен 
дерлік жақсы үлгі жамалған жоқ.
Театр өнерінің үшінші дәуірі орта ғасыр театры болады. Бұл 
театр христиан дінінің шіркеулерінен туған.
Ол заман – елдің діні өте күшті болған заман; ел тіршілігі, 
елдің әдет-салтын, мінез-ғұрпын түгелімен дін кісені мықтап 
тұсап алған заман; бүкіл дүниені, бір тарының қауызына 
сыйғызғандай, дін уысына түгел сыйғызып, ешбір сезікті ша-
шау шығарып, шет жайылдырмайтын заман болған. Сондықтан 
бұл кездегі театр түгелімен діннен туып, дін жолында қызмет 
етсе, елге жат нәрсе болып саналмаған. Орта ғасырдағы шіркеу 
драмалары сол замандағы ірі мемлекеттердің барлығында да 
болған. Әсіресе, гүлденген жері – Испания, Франция, Италия. 
Бұл замандағы шіркеу драмаларының жалпы аты – 
мистерия

Көрсетілетін әңгімелерін алмасақ, сыртқы үлгісінің барлығы да 
ескі театрынан алынған. Ойналатын оқиғалары гректікі сияқты 
ескі дін әңгімелері болып, дін мейрамдарында ойналады. Ой-
налатын жері бас кезінде ылғи шіркеуде болатын. Ойнаушылар, 
көбінесе дін адамдары болған. Сондағы мақсат – дін нанымын-
ша хақиқат деп саналатын уақиғаларды ел көзіне іс жүзінде 


23
көрсетін, сонымен діндар жұрттың көңіліне дін уағызын, дін 
мақсұтын ұғындыру мақсатымен ойналатын. Мистериялардың 
ішінде көп ойналатын драмалар: Адам пайғамбардың, Ғайса-
ның, Ғайса шәкірттерінің яки Мариямның өмірі, я болмаса 
солардың тіршілігіне қастық қылған, жаманшылық істеген 
бұзық адамдардың өмірінен алынған әңгімелер болатын.
Театр алғашқы кезде шіркеудің ішінде жасалатын болған. 
Сахнаның бір жағы ұжмақ, бір жағы дозақты көрсететін. Жауап-
тылар ұжмаққа жіберіліп, дозақы күнәкәрлер болса қолма-қол 
дозағына баратын. Шіркеу драмасын ойнайтын артистер алған 
міндетін дұрыс атқарып, репетицияға адал келіп тұруына – 
інжілді кеудесіне ұрып ант береді екен. (Тегі, біздің артистердің 
салдыбалақтығы ол заманда да болса керек.)
Мистериялардың өз заманында бағасы халыққа өте зор 
болған, ел өте қадірлеп қатты қызықтаған. Бұл да өзінше 
заманының халық театры болған. Мистерия ойыны көпке та-
рап, қалың ел түгел қызықтайтын болған соң, берірек келген 
заманда шіркеуден шығып, сырт жерде ойналатын болды. 
Қалың елдің түгел қызықтағанының белгісі – үлкен қалалардан 
ойын болардың алдынан маңайдағы ауылдардың халқы бар 
жұмысын тоқтатып, қалаға ағылатын болған. Қалада ойын бо-
лардан бірнеше күн бұрын салт атты жаршылар жүріп, көше-
көшеде сыбызғы тартып, белгі беріп, өлеңмен сауын айтады. 
Ойын күні қала халқы түгелімен театрға жиналатындықтан, 
барлық үйлердің қақпалары жабылып, сауда-саттық, қызмет 
атаулы тоқтап, қаланың шеттерінде талан-тараж болмас үшін 
мықты күзет қойылады. Ойын мұнда да күндіз болады.
Сондықтан ойын күні жұрттың бәрі күн шықпастан театрға 
жиылып келіп, орын алысады. Бұл уақыттағы драмалар күніне 
сегіз сағаттан ойналып, кем болғанда үш күнге созылады. 
Кейбір драмалар он, жиырма бес, қырық күнге шейін созы-
латын да болған. Театрға жиналған халыққа: «Дауыстама!» – 
деп айқайлап тұратын қарақшылар болады. Дауыстап, тәртіп 
бұзғандар болса, ұстап алып дозаққа жіберетін әдеті бар. 
Сондықтан кейбір көрушілер ықтиярсыз, ойда жоқтан артистің 
міндетін атқарып кететін де болған.
Ойын басталардың алдында бар халық артистермен қосылып 
намаз оқып алады. Онан соң ойынның уақытында Ғайса, Ма-


24
риям сияқты құрметті жандар Құдайға құлшылық қылып, 
сажда қылған уақытта, театрда отырған халықтың барлығы да 
орындарына жалп-жалп жығылып, қоса сажда істейтін.
Орта ғасырдың шіркеу туғызған театрының жайы – осы. Бұл 
театрлар әрбір елдің ұлт театры болмаса да, жеке елдің әдет-
салтынан тумаса да, жалпы христиан дінін тұтынған елдердің 
бәріне бірдей ортақ болған салт-санадан туғандығы анық.
Сондықтан көпшіліктің тіршілігімен, сезім-тілегімен нық 
байланысы барлығында дау жоқ.
Бірақ шіркеу драмасы өзінің негізі мен қалпын мәңгілікке 
сақтап қала алған жоқ. Қауымның ақыл-сезімі өсіп, бойжете 
бастаған сайын театр әуелі шіркеудің іргесінен шығып алып, 
содан кейін біраз заманда дін таңбасынан да айығып, серги бас-
тады. Ел әрі-беріден соң театрға үнемі дін мақсатымен қарамай, 
бір жағынан, өнер есебінде сүйетін болып, екінші жағынан
көңіл көтеретін сауық-қызық есебінде де қадірлейтін болды.
Сондықтан орта ғасырдың аяқ кезінде шіркеу драмасы ның 
негізгі пішіні әр елде әртүрлі болып бұзыла бастайды. Театр да 
дін әңгімесі ойналмай, әр елдің әдет-салтын көрсететін жеңіл 
күлкі, мысқыл-мазақ сияқты қызықты нәрселер ойнала баста-
ды.
Шіркеу театрынан жаңа бұтақ шығып, жаңа бір ағымның 
белгісі басталады. Французда шіркеу драмасынан шығып, жаңа 
түр болып жайылған күлкі ойындарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет