Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет8/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106
фарс
деп атайды.
Германияда бұған ұқсайтын ойындар 
фастнахтшпиль
деп аталған. Бұлар орта ғасырдан кейін туатын жаңа заман 
театрының басы сияқты, я болмаса дін театры мен дүниелік 
театр дың ортасындағы өткел, саты сияқты. Күлкі ойындар-
ды жасаушы артистер шіркеуден біржолата алыстай бастады. 
Көбіне, дін атынан лағынет оқылып, қуғын да жасалады. Бірақ 
әрбір елде көпшілік солардың ойынынан өзінің өмірін көріп, 
әдет-салтын сезген соң, күлдіргі ойыншылардан айырылмай-
тын болды. Күлдіргілердің қолында жазылған арнаулы театр 
кітаптары болған жоқ. Көпке жайылған күлдіргі әңгімелерді 
алып, соларды көрсетуді салт қылған. Мәселен, немістің 
бір фастнахтшпилі – «Кәрзеңке» әңгімесі. Мұның қысқаша 
оқиғасы: бір мырза өзінің қызметкерін дүкенге арақ әкелуге 


25
жібе реді. Қызметкер көшеде келе жатса, бір ерлі-қатынды кісі 
ұрсысып тұр екен. Ұрсысқан себебі– қатын қолына ұстап келе 
жатқан кәрзеңкені:
– Енді сен алып жүре бер, – деп байына береді. Байы алмай-
ды.
Қатыны:
– Алмасаң қой, – деп тастап кетеді. Байы соған ашуланып 
қатынын ұрады.
Осы оқиғаны қараймын деп бағанағы қызметкер кешігіп 
қалып, үйге келгенде, мырзасы: «Неге кешіктің?» – дейді. 
Қызметкер көргенін айтады. Мырза сол арада: «Байынікі 
дұрыс, мен де алмас едім», – дейді.
Мырзаның қатыны:
– Алар едің, мен алғызар едім, – дейді.
Байы:
– Иә, алғызар едің, өйтетін болсаң, мен де сені сойып салар 
едім.
Қатыны:
– Мені ме?
Байы:
– Сені.
Қатыны:
– Қайтіп ұрасың? Кәне, ұрып көрші, – дейді.
Сонда байы:
– Мә, олай болса, – деп қатынын сабайды.
Қызметкер өзінің қатынына келгенде, малшы қатын: «Бай 
мен бәйбіше неге ұрсысты?» – дейді. Қызметкер көргенін ай-
тады. Бұл арада қызметкердің қатыны да әлгіні істейді. Сонан 
соң байы ұрады.
Мінеки, осындаймен басында шіркеуден шыққан театр ел 
өміріне қарай жылжи бастап, осыдан кейінгі сатысында Еуро-
па мемлекеттерінің барлығында жаңа заманның театрларын 
туғыза бастайды. Бұдан кейінгі театр әрбір елдің өзді-өзінің 
театры болады. Өзінің әдет-салтын, өзінің ұғым-сезімін өзгеден 
бөлек пішінде, өз бетімен қалыптайтын жолға түсе бастайды.
Еуропа театрының ұзын-ырға тарихына қарасаң, грек теа-
трынан соңғы дәуірлерде екі түрлі ағым байқалады.


26
Мұның бірі – елдің өз әдет-салтынан туған емес, өзгеден 
алған үлгі сияқты, көпке бірдей ортақ болған ағымдар.
Екінші – әр елдің өзінің әдет-заңынан, өзінің дін сауығынан, 
өзінің ұрығынан өсіп шыққан ағым.
Орта ғасыр театрларын алсақ, алғашқы ағым шіркеу драма-
лары, шіркеуден шыққан өнер болады. Шіркеуден шыққан те-
атр барлық христиан жұртына ортақ үлгі еді.
Сондықтан француз, неміс, ағылшын халқы – барлығы да 
сол өнерді көптің салты сияқты қылып қолданады. Бірақ осы-
мен қатар орта ғасырлардың аяқ кездерінде жоғарыда айтылған 
әр елдің әдет-ғұрпынан туған театрдың белгісі көріне бастаған.
Орта ғасырдан соң жаңа заманда театрда тағы да жаңа ағым 
болды.
Мұның бірі – анық шеттен келген үлгі, грек театрының 
үлгісі. Ескі трек өнеріне еліктеуден туған түр.
Екіншісі – жоғарыдағы француздың фарсы, немістің фаст-
нахтшпилі сияқты әр елдің өз әдетінен туған белгілерді ұл-
ғайтып, кестелеп, соның бағытымен өскен бытовой театр . 
Өмірден туған, халықтың ұғымына жақын күндегі дін сауығы-
нан дән алған.
Жаңа заман театрындағы алғашқы ағым 
театр өнерінің
сән-
салтанат жағына (гуманистическое классическое направление) 
бет бұрған дәуірі
деп аталады.
Бұл бағыт дін сандырағынан айығып, таза өнер дегенге 
бас июден туған. Қайдан шықса да өнерді ғана қадірлеп, соны 
ғана ұстатпақ болған мақсаттан туған. Бірақ дін жұғынын 
жоғалтумен бірге салтанатты театр әр елдің өмірінен де алыс-
тап кетіп, елдің әдет-заңына, ақыл-сезіміне жанаспайтындай 
болды. Сондықтан көпшіліктің, халықтың өнері болмай, санама 
жақсылардың, ақсүйектердің, білімділердің ғана өнері болуға 
айналды. Бұл заманға шейін қай түрде болса да қалың елдің 
қызығы болған театр енді көптен қол үзіп, сытылып шығуға 
айналды. Салтанатты театрды қызықтаушы қолдаушылар кім 
болғанын білсек, бұл түрдегі театрдың елмен қатынасы аз 
болғанын да білеміз: Жаңа замандағы салтанатты театр барлық 
Еуропа мемлекеттерінде ылғи ғана патшалар сарайында
ақсүйек алпауыттар сарайында жасалатын болды.


27
Әрине, ондай театр бұрынғы көп елдің ортақ өнері бола ал-
мады. Ескі грек трагедиялары өз заманында, өз топырағында 
қан шалық жанды, қызықты өнер болса да, қаншалық халық ел-
дің жан тамырына тиіп, көптің жүрегін бір мұздатып, бір ысы-
туға жараса да жаңа заман театрына келгенде, бұрынғы қол-
қа-бауыры араласқан түбірінен айырылып қалды. Салтанатты 
театр сарайдың ғана қызық сауығы, жақсылардың ғана салта-
наты болып қалды.
Бірақ қалың елдің сезім-тілегі салтанатты театрдан қана-
ғаттана алмаған қалпында шөгіп қалған жоқ. Бұл өзінен шы-
ғып, бірден жол қарап, әдет-заңынан, өз өмірінен жаңа түр 
туғы зуға талаптанады. Сол ізденудің себебінен елдің бұрынғы 
дін сауығынан болсын яки өмір қалпынан болсын, жаңа театр 
қайта тууға айналды.
Бұл театр тағы да көптің, қалың елдің театры болды. Жаңа 
замандағы салт театрының басы фарс, фастнахтшпильде бар 
деп едік. Соларға туыс, жақын бір үлгі Италиядан шықты. 
Италияда да сарайдың салтанатты театры болған. Бірақ ол 
қаншалық көркейіп, гүлденіп тұрса да, жоғарғы ретпен, онан 
жем ала алмаған. Көпшілік жаңадан күлкі ойындар шығарады.
Италияның комедиясын ойнаушылар артистік өнерін кәсіп 
қылған, кәдуескі, қалыптанған ойыншылар болатын. Бұлар 
қаладан-қалаға қыдырып жүріп ойнайды. Әңгімелер елдің 
салтынан, әдет-ғұрпынан, сол замандағы өмірінен, әңгіменің 
ішіндегі адамдары сол замандағы көп халыққа тегіс белгілі 
болған күлкі адамдар болады. Бұл комедияның өзгеден ерекше 
жері – ойналатын оқиға туралы жазылған кітап жоқ. Оқиғаны 
құраушы кісі, белгілі адамдардың өміріндегі керекті халдерді 
алады да, солардың ортасындағы оқиға неден басталады, немен 
бітеді, сонысын ғана белгілейді. Әңгімеге қанша адам араласа-
тынын, қашан кіріп, қашан шығатынын айтады. Содан соңғы 
іс пен сөздің барлығы ойнаушылардың өз өнеріне тапсырыла-
ды. Қалжың сөз, күлдіргі іс, ақыл өсиет, талас-тартыс болса, 
барлығына лайықты сөз, лайықты мінезді ойнаушылардың 
өздері сахнада жанынан шығаруға керек. Сондықтан ол коме-
дияның ойыншысы өзі ақын, өзі жазушы сияқты болуға керек.
Комедиялардың екінші айырмасы – бұлардың қай түрдегі 
ойындары болса, барлығына бірдей үнемі араласып жүретін, 


28
үнемі жоғалмайтын арнаулы типтер (алуаны бөлек адамдар) 
болады. Бұлардың бірі, мәселен, әйелқұмар, ішкілікқұмар, кәрі 
шал, өзі аңқау болады, бала-шағасы, малшы-қосшысы болса, 
түгелімен мұны алдап күлкі қылып жүреді.
Екінші, тағы бір шал, ол анадан оқымысты, құрғақ даныш-
пан, ылғи керексіз, орынсыз жерде білмей, керек сөз айтамын 
деп күлкі болып жүретін адам. Сөзінің барлығы сырт қарап 
тұрған кісінің беті көрінбейді деген сияқты қырындық болады.
Бұдан соңғы бір алуан адамдары – қызметкер, мұның бірі – 
қалжыңқой, тапқыш қу, күлдіргі, екіншісі – аңқау, ақы мақ. 
Комедияның ішінде осы адамдар үнемі болады. Әрбір ойын-
да бұлардың өмірінде кездескен әртүрлі оқиға, әртүрлі жаңа 
әңгімелер ойналады.
Ойынның түпкі адамдары өзгермейтіні болған соң, әлгі-
лердің әрқайсысына арналған белгілі киім және бір белгілі ма-
ска болады. Сондықтан бұл комедияны кейде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет