Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет61/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106
ҮШІНШІ АКТ
Үшінші сурет 
Наршаның ауылы. Келінді тосып отырған жиын.
А с а н . Келін келе жатыр, жақындап қалды. Енесі мен абы-
сын, қайнаға, қатарыңды түзей бер!


275
Т е к т і . Қатарымды түзеймін деп Қарагөздің алдында мен 
сызылушы ма едім? Енді Қарагөз бізге сызылсын! «Жар-жар» 
айтамын деп өлеңші ағасына ойындағы бар арманын айтқызған 
жоқ па еді?
Т о й с а р ы . Ол үшін кекті болсаң, келінің қолыңа келе жа-
тыр ғой, жазығын мойнына алып жаяулап (
Күледі.
)
Т е к т і . Қалай емексіткеніңмен, Сырым айтқан сөзді не қып 
ұмытайын! «Е, тәңір, игілігін көрсет!» деп жүрген баламнан, 
«Мен менсінбеймін, ырза емеспін!» деген сөзді есітіп алып
енді мен немен жұбатайын өзімді? Тіпті сол жұқалағандарыңа 
ырза емеспін әуелі.
Н а р ш а . Олай болса, Асан сенің өкпеңді қазір-ақ алдыңнан 
өлеңмен білдірейін деп тұр. Оны қалай көресің?
Т е к т і . Ол қай өлең? Беташар ма?
А с а н . Тіпті беташарды да қазір айтамын.
Т о й с а р ы . Айтам десең – айт. Қарагөздің жанына еріп 
Сырым да салдарымен келе жатқан шығар. Шымылдық ішінде 
бар болса, оның да бетін аш! (
Күлкі.
)
Н а р ш а . Мен білген Сырым болса, осы шымылдық ішінде 
сол да бар.
Үлкен шымылдықты екі жағынан екі келіншек ұстап әкеле жатады. 
Шымылдықтың ар жағында, Қарагөздің қасында Сырым да келеді.
(
Асанға.
) Сырым ойын-сауықтың перісі болып кетсе де, 
өткеннің қаруын бір қайырып қалшы.
С ы р ы м (
Қарагөзге
)
.
Өз елім дер елім жоқ, туысқан-туған 
менде жоқ; осы сені қуантқан жерде қуанып, сені уатқан жерде 
уанып жүрсем, жетпей ме? Тек мына шымылдық осы күйінде 
алдымда желбіреп отырсын да! Ақыретке апарса да соның 
жетегімен өте берем.
Д у л а т (
қасындағы келіншекті сүйіп
)
.
Мына қалқалармен 
қайда барсақ та арман емес. Шұбата бер шымылдықты.
А с а н (
өлеңдете сөйлейді
)
.
Уа, қызыл жібек шымылдық бет пердеңіз,
Асыл келін олжалы, жек көрмеңіз!
Қасында жігіт болса, бас жақсысы,
Бөтенсіп әлдекім деп шет көрмеңіз!
(
Күлкі.
)
Бет пердең толқынады майда желдей,
Қуанттың ел-жұртыңды келер-келмей.


276
Болғанда жасау басы – басты жігіт
Ел жоқ-ау Қарагөзді берген елдей!
Қ а р а г ө з (
Сырымға
)
.
Сөзін жесір жібермей жауап бер!
С ы р ы м (
өлеңдете сөйлейді
)
.
Қызыл гүл дауыл ұрып жерге соқты,
Ақ тоты бүгін саған тұтқын бопты.
Айдынның ақ құсындай қарағыма
Кез қыпты құзғындайын бассыз топты!
Қарагөз Қарауылдың ақ маралы 
Болғанда бетке сұлу, ой саналы.
Жеңбесе бойын тежеп өз көңілін,
Ешкімнің әкелген жоқ айла-амалы.
Кісі түгіл жасаусыз келсе дағы 
Сендерде сырт беретін күш шамалы!
Т о й с а р ы . Сырым сөйлесе, шеттігіне іліндіріп сөйлейді-
ау! Өрге айдамаса, көңілі көнши ме! Асан, Сырым екеуің әлі 
де талай шекісерсің! Енді мына қуанышын күтіп отырған ата-
ененің алдында Қарагөздің бетін аш!
Ж а р ы л ғ а п . Елдің баяғыдан жол қып айтып жүрген сөзін 
айтшы! Осы қоспа сөздерің мірдің оғындай болып, құлағымызға 
жат тиіп жүр. Тіпті біз елемесек те, мына құдағиларыңды 
жүдететін көрінеді.
А с а н (
беташарды бастайды
)
.
Келіннен енді сөйлейін,
Көп дабырлап шуламай.
Құлағыңды саласың,
Қатесі болса сөзімнің,
Осы отырған әлеумет 
Сынға салып қарасын.
Құлағың сап тыңдап тұр,
Келінжан, менің тілімді!
Әдет жолын үйренбек,
Жас кісіге білімді,
Ақылсызға айтқан сөз
Дала кеткен шығын-ды. 
Бәрі саған керек іс 
Тыңдасаң, келін, жырымды.
Жырға қосып айтамын 
Бар өсиет сырымды.
Бұрынғы күнің – балалық,
Ержеткен күнің – бүгін-ді.
Келін боп келген қиын іс 


277
Жаңа өспірім балаға.
Қызмет қыл иіліп
Ата менен анаға.
Өзіңнен үлкен адамның 
Бетіне тікке қарама!
Үлкен кісі келгенде 
Қатарласып отырмай,
Кейін отыр панада.
Лажы болса шығып тұр,
Қайтқанынша далаға.
Бұрынғыдай ойламай,
Сабыр етіп шыдам қыл 
Аштық пенен тоғына;
Отырған адам көзінше 
Әр жеріңді қасыма.
Жаулығыңды шұбатпай,
Дұрыстап ора басыңа.
Астынан шығып жүрмесін,
Ие боп жүр шашына,
Біреу жаман айтты деп,
Болымсыз іске жасыма.
«Пәлен сүйдеп айтты» деп
Жарыңа сөзді тасыма.
Естісең де жаман сөз 
Жүргенің жақсы жасыра.
Сендерге енді келейін:
Қарт-қария, аталар,
Жапсарласа отырған 
Жастары үлкен аналар –
Ақылы артық даналар,
Біздерге енді қуаныш –
Жасы кіші балалар.
Бұрынғының бір жолы –
Келінді көрген адамнан 
Көрімдікке мал алар,
Қайын енеге бір сәлем!
Шымылдық төмендейді. Қарагөз қасындағы үш-төрт келіншегімен бірге 
иіліп сәлем етеді. Шымылдық түрілгенде, Сырым жолдастарының қасында. 
Келін сәлем еткен соң, шымылдық қайта құрылады.
Т е к т і . Тәңір жарылғасын, абыройлы, бақытты бол, балам!
А с а н (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет