Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет60/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106
Асанға.
) Кәне, сендер неге тұрсыңдар? Айтыңдар!
А с а н (
тобымен
)
.
Лайық шығар айтқаның ойда барды, жар-жар!
Не күйдірді, не жақты, көңілді алды?
Қандай шермен жас жүрек қапаланды,
Нені сүйіп, не нәрсе қайғы салды, жар-жар!
Сөйтсе дағы мына күн – тілеу күні, жар-жар!
Қызық ет деп тосады ендігіні,
Қуанышты халайық арасында,
Шығуына орын жоқ зардың үні, жар-жар!
С ы р ы м (
тобымен
)
.
Қуанышты күн болса – тілеу болар,
Тілететін тілекті тіреу болар.
Қуаныштың орнында қайғы болса,
Көңіл баяу, көз мұңды жүдеу болар, жар-жар!
Бүгінгі күн түрленген қынаулымын,
Айналамда көз де көп сынаулымын.
Іштегі дерт сонда да шықсын сыртқа,
Ырзалық жоқ мен зарлы жылаулымын, жар-жар!
Үлкендер қобалжиды.
М ө р ж а н . Уа, мынау менің баламның сөзі емес! «А, Құдай, 
оң сапарын бер, жолымды қыл!» – деп тілек тілеудің орнына, 
менің балам мұны айтпайды, бүйтіп азбайды. Жаңағы сөз – Сы-
рым сияқты жынның сөзі. Оның адал ниет ақ батамен жұмысы 
бар ма? Шығарт бүлікті қарағымның қасынан! Ойын деп тұр 
ма, баламның тілек тілейтін сапарын?! Нені көкіп тұр өзі?!


271
Н а р ш а (
өз тобына
)
.
Шығар сөз шығып қалған соң, бүр-
кенгенмен бола ма? Қайғылы – жалғыз Қарагөз емес, Сырым 
да қостайды екен. Екеуі қосылып айтқаи соң, тыңдамасқа бола 
ма? Асан, айтқыза бер, арманымыздан шығып тыңдап қалайық.
С ы р ы м (
Карагөзге
)
.
Атқан оғым тиетін жерлеріне тиіп 
жатыр. Менің ендігі жұбанышым осы дағы (
Өлеңмен сөйлейді.
)
Жаралауға жарасаң, –
Мұратыңа жеткенің!
Сайрап жүрген ол бұлбүл 
Ерігі жоқ болды құл.
Ойланып артқа қарасаң –
Енді болдың сен де тұл!
Ерке тоты кеткенін
Аза салып қайғы қыл!
Жырла да жыла соны біл!..
А с а н (
жалғыз сөйлейді
)
.
Тағы айтамын жылаудың орны бар-ды:
«Жар» үстінде шығармас іште зарды.
Ауру асыл болғанда, ойламас па,
Уақыт тығыз болғанда, орын тар-ды, жар-жар!
С ы р ы м .
Басалқа сөз, өсиет кеңшілікте, жар-жар!
Ежелден менің басым кемшілікте.
Жиын-той бәрімізге бірдей болса, –
Мен де ортақ қолға тиген теңшілікке, жар-жар!
М ө р ж а н . Жә, тоқтат енді, бүйтіп айтқан «жар-жарың» 
құрысын! Сол Сырымға қосылып тұрған әйел кім? Соны 
айтыңдаршы жалғыз-ақ маған?
Т е к т і . Қой енді, мұнан арғыны тыңдар менің де жайым 
жоқ! Қарагөз айтса да, Сырым айтса да – жетер осы сыйымыз.
Т о й с а р ы . Ендігі ойынын балалар мен жастар өздері ой-
най берсін. Біз үй жағымызға барайық.
Бұлар Асанмен бірге шыға береді. Сахнада, Мөржан, Жарылғап, Жабай, 
Сырым қалады.
М ө р ж а н . Ей, Сырым, бермен кел! Кел алдыма! Жөніңді 
айтшы осы сен! Көзіме айт! Мына Жабай – сенің әкең, 
Жарылғап – Қарагөздің әкесі. Мен Қарагөз бен Жарылғаптың 
шешесімін. Сенің өзің түгіл, әкеде де шеше орнындамын. Исі, 


272
садағаң кетейін, Өсер аулында – Құдай кешсін айыбымды, 
аруағымның атын атап отырмын келін басыммен, – арылайын 
деп отырмын, – сенің ішіңде жүрген қандай шер-шеменің бар 
осы? Атап берші сол арманыңды?
С ы р ы м . Менен не тілейсіз, бәйбіше? Нені айтқызбақ бо-
ласыз?
М ө р ж а н . Барыңды айт деймін! Сен кім? Саған осы 
Қарагөз кім, соны айтшы?
С ы р ы м . Мен – Қарауылдың жігіті, Қарагөз – Қарауылдың 
қызы, ардагері де аяулы сұлуы.
М ө р ж а н . Сол-ақ па айтарың? Одан бергі атаң – Өсердің 
атын ұмытып тұрсың ба?
С ы р ы м . Уа, ұмытқам жоқ, өлсем – ұмытармын ба, шеше! 
Отыз ауыл Өсердің он қос жылқысы бар, соның, кем қойса, бес 
қосын осы Қарагөздей асыл ару, балапан балаларын сатудан 
жиған! Соны айтайын ба?
М ө р ж а н . Тілің кесілсін сенің! Малды ауыл бопты, со да 
жаман боп па?
С ы р ы м . Жаман деуге кімнің аузы барыпты? Осы отырған 
семіз бәйбіше – дәл өзің жылатып берген қыздың саны да 
Қарагөзбен тоғыз бопты. Соны айтайын ба?
М ө р ж а н . Бар Өсерден танығаның, тапқаның солақ па? 
Өзің қайдан шықтың, көргенсіз?!
С ы р ы м . Ә... аталас дейсіз ғой! Арғы баба Өсерден бері 
Қа рагөз екеуміздің арамыз алты ата. Санап берейін бе оны да 
әлде?..
М ө р ж а н (
Жарылғап пен Жабайға
). Естідіңдер ме 
мынаның сөзін, бұл заманның сұмдық бастар ұлының тілін?!
Ж а р ы л ғ а п . Апа-ау, алты ата екені рас емес пе? Соны 
айтқаны да сұмдық па?
М ө р ж а н . Сұмдық!.. Мен мынау Жабайдың шешесін 
«Ақжеңеше» дейтұғым. Әкесін «Момын қайнаға» дел келем... 
Төрі түгіл, отының басынан ұзап көргем жоқ олардың. Бес ата, 
алты ата айырушы ма еді сендерді?!
С ы р ы м . Аталас болса қайтеді? Алты атада қыз алып, қыз 
да беріспеуші ме еді?
М ө р ж а н . Жеті атадан бері қай қазақ қыз алысып еді. 
Сұмдық қой мынау! Не пәле, не қаза көрдім мен бүгін! Кірсемші 
мен қара жерге!


273
С ы р ы м . Ой, жарықтық бәйбіше, мұсылмандық шариға-
тыңыз алты ата түгіл, немерені де қосады. Арада малмен 
шырмап, «бата» деп матап отырмасаңдар, Қарагөз маған, мен 
Қарагөзге бұйырған болсақ та кәпір қауымында өтпес ек қой!
М ө р ж а н . Тілің құрсын, жолың құрсын сенің!
С ы р ы м . Менің жолым ендеше ол да емес. Сол қырсық 
бата, қарғыс қалың мал жылатып зарлатқан Қарауыл қызының 
тегіс қара өзегін қақ жарған қам-қайғысын жыр еткен, жар ет-
кен Сырыммын мен! Қарагөз тұсында да солай еттім, солай 
еттім, міне!
М ө р ж а н . Жабай, Жарылғап, көрдіңдер ме мынаның 
сұмдық тілін, сорақы тілін?! Осы тілін кеспесең, аруақ атсын 
екеуіңдіі бірдей! Мен тіріде жаңағы Сырым аузынан шыққан 
сұмдықты енді қайтып Өсер баласы естімейтін, білмейтін етіп 
жерге тық! Тыйылмаса, тартынбаса – мына тұрған Сырымды 
бірге тық, бірге көм!
Ж а р ы л ғ а п . Сырым, естір сөзді сен де естідің, біз де 
естідік. Исі Өсердің асқар таудай ақ шашты, аруақты анасының 
аузынан естідік. Жабай, сен екеумізге де бұл сөз жеткен болар, 
не дейсің?
Ж а б а й . Мені тірі отыр деп отырсың ба осы күйде? Сырым-
ның тағы бір өлтіргені десеңші мені! Кәрі әже, айтқаныңнан, 
аузыңнан садаға кетейін! Лебізіңмен өлейін. Міне, менің қос 
қолымның еркі өзіңде, құлдық, ана!..
М ө р ж а н (
Сырымға
)
.
Қуарған ұл, кет енді аулымнан! 
Қарамды көрме, жолама! (
Тұрып кетуге айналады.
)
С ы р ы м . Бәйбіше, мен жалған сөз айтқам жоқ. Жарылсаң 
да және айтам: айтылған сөздің бәрі рас!
Нарша шығады.
Н а р ш а (
Сырымға
)
.
Сырым, сенің жалынды сөзіңді 
ажалдыға кез келсін деуші еді жұрт. Бірақ шарай топтың 
көзінше пұшпағынан ілінген ажалды киік мен болам ба? Аза-
лы, қайғылы – жалғыз Қарагөз емес, сен де арманда дейім бе, 
мен не дейін?
С ы р ы м (
салқын
)
.
Шырағым, мені шенеп қайтесің? Жол 
мен жөннен адасқан әуре жанмын мен. Менің елім – жылаған 
қыз бен соның көз жасын жырлаған жігіт; тіл алсаң – мені 
қажама! Сенімен шиеленіспей-ақ қояйын.
18–1247


274
Нарша кетеді. Жабай шығады.
Ж а б а й . Әй, Сырым, бері кел!
С ы р ы м (
тақап
)
.
Не айтасың?
Ж а б а й (
ашулы
). Не айтатыным сол: әке-шеше болып 
айтқан сөзім даритын болса, сен мына бейбастықты істемес едің 
ғой! «Әке не дейді?» деп қымсынудан кеткен екенсің. Жатқа 
істеген ісің белгілі еді. Бүгін күйінген кісі боп келіп, Қарагөзге 
де мынаны істедің бе? Басқан із көрінбейді екен деме!
С ы р ы м . Әке, атаң Өсер болғанмен, бұл ауылдың малды-
сы да, әлдісі де емес ең. Қайта сол Жарылғаптан «қонысымды 
ап қойды, пішенімді жеп қойды» деп өзін де тізе көріп, опық 
жеуші ең неше рет! Тек Өсердің Жарылғаптай жуанының шы-
лауында, ығында кеткен басың бар ғой, сорлы әке! Соныңды 
істеп тұрсың ғой!
Ж а б а й . Керегі жоқ ондай әреке сөзіңнің! Мен Өсер намы-
сын айтам, осы жөнінде тағы айтам: әйтеуір ізденген бір пәлеңе 
ұрынғалы бара жатырсың! Тек бірақ аяғыңды байқап бас! Аяй-
ды екен деп ойлама! Біліп қой осыны!
С ы р ы м . Сол ма?
Ж а б а й . Сол... Сол, айттым – болды! Жеткен жерің – сол, 
ұғар болсаң! (
Кетеді.
)
С ы р ы м (
өлеңмен сөйлейді. Толғау
)
.
Қайғы басқан қаяулы 
Жарасын ашсам, жақпайды.
Ұрсады маған бай аулы,
Шер жесе де шығарма,
Болмаса жаза таяулы,
Маған да қалған күн қараң.
Аттысы атпен шапқанда 
Жаяуы қуды жаяулы.
Шымылдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет