Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет59/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106
Күйеулер тәжім етеді.
) Енді Қарагөзім де 
бір, сен де бірсің. Екеуің де қара өзегімді қақ жарып шыққан 
баламсың. Келші бермен! (
Наршаның маңдайынан сүйеді.

Өмір-жастарың ұзақ болсын, қарағым!
Т е к т і . Құдағидың мейірімі түскен бала еді Қарагөз. Нар-
ша екеуі тек ақ батанды ақтайтын болсын!
Ж а р ы л ғ а п . Кемпір шешенің содан артық не тілегі бола-
ды? Бәріміздің де тілегіміз сол болсын!
Т о й с а р ы . Ақ батасын беріп, адал тілеуін тілеу – ата-
ананың міндеті. Көл болған көп тілеуін тілеу, орындау – адал 
туған ұл мен қыздың борышы.
М ө р ж а н . Балаларым, кеудеңде санаң болса, үлкеннің 
тілеуі де, батасы да осы болар!
Ж а р ы л ғ а п . Кәне, ойындарыңды бастаңдар!
Д а у ы с т а р . Иә, енді ойын басталсын!
– Ойын басталсын!
– Жаршылар, шығыңдар, кәне!
– Қыз-келіншек күтіп тұр!
Күлкі. Салдар мен ел жігіттері бөлініп шығады.
Жар-жар болса, жаршы біз, 
Айтысам деген, ақын қыз,
Бой көрсетсін тығылмай, 
Сауығыңа мақұлмыз.
Тәтті ауыздан дем кетпей,
Қысылып маңдай терлетпей, 
Айтысам десең, бастаймыз.
Тыңдаушыны шөлдетпей!...
Қыздар сыбырласып, жібек шәлі жамылып, төртеу-бесеуі топтанып, 
босағаға таман келеді. Сахнаға көп жолдасымен Сырым шығады. Бәрі сәнді 
салдар.


269
А с а н (
өлеңдете сөйлеп
)
.
Д а у ы с т а р . Салдар, салдар келеді! (
Жол беріседі.
)
А с а н (
Сырымға
)
.
Қай топқа қосыласың?
Ж а р ы л ғ а п . Қай топқа қосылғаны несі? Бұл еркек емес 
пе, еркекке қосылады да.
М ө р ж а н . Оны істесе, Сырым бола ма?
С ы р ы м (
өлеңмен сөйлейді
)
.
Күлген кісі күлер,
Күлмегенің түнер.
Тілі орамды ілер,
Мұндайда ақын бір түлер.
Түлегенде не дер –
Оны Сырым білер.
Жалғыз-ақ топтан тілек бар:
Тентек атты Сырым ғой,
Не сөз айтса албырта 
Қайнамасын жігер!
Д а у ы с . Әй, байғұсым-ай! Жүрек шерін тарқатар көсем-
серкем осы да!
Сырым жолдастарымен үйге кіреді. Үлкендер ұнатпайды.
М ө р ж а н (
Жарылғапқа
)
.
Осы сияқты ыбылыс-жынның 
жүрісін көрмесем деп ем! Бүгінгі күн тағы кез келтірді ме?
Ж а р ы л ғ а п . Оның дағы жүргені аруақтың арқасы шығар. 
Қайтуші едің жатша қуып, жатбауыр қып қайтесің?
М ө р ж а н . Мен қойдым... Бірақ бұл жүрген жерден береке 
шықпайды. Айтпадың деме!
С ы р ы м (
Қарагөзге
). Қалқашым, мен бүгін текке қалам 
деп келгем жоқ. Баласы жауға тұтқын боп, өзіне оқ тиген жара-
лы жыртқышың – мен бүгін. Сені қамаған топты қуанта алма-
сам, ұрыспа!
Қ а р а г ө з . Мен сөзімді айтқанмын, Сырым. Именерім жоқ. 
Өзің біл!
А с а н (
тобымен «жар-жар» бастайды
)
.
Жар-жар айта біз келдік, еркем, сізге, жар-жар!
Айтысқан сөз жарассын сіз бен бізге.
Қуанышты тойыңды құттықтаймын,
Тілеу тілеп алдыннан үй мен түзге, жар-жар!
Еркелетіп өсірген бетін қақпай,
Жар атын да айтпаған зорын таппай,


270
Көп тілеулес ағайын ортасында
Бетін аштық сол сөздің келген ашпай, жар-жар!
С ы р ы м (
өз тобымен
).
Жар жақсы деп жаршылар көп айтады, жар-жар!
Өмір көркі жарменен деп айтады.
Жігіт айтса – күлкімен айтар сөзін,
Қыз жыласа уайым жеп айтады, жар-жар!
Мен жырласам – жылаймын қайғымды айтып, жар-жар!
Іштегі өртті тығамын айтпай қайтіп?..
М ө р ж а н (
шыдамай айқайлап
)
.
«Кер кеткеннің аузынан 
ке сел ді сөз шығады» деп, Сырым айтып тұрған сөз ғой мына-
ның бәрі...
Т о й с а р ы . Ұрыспаңыз, бәйбіше, бұ да біралуан сөз шығар. 
«Жар-жарда» әйел, бала «ырза болдым» деген сөз сөйлеуші ме 
еді, тәйірі? (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет