Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет77/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   106
Б. Құндақбайұлы


319
САКУ-ДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ
Мақала көлемді түрде жазылып, «Кедей айнасы» журналына 
ұсынылады. Бұл тұста Мұхтар Әуезов Ленинград университетін 
бітіріп, Ташкенттегі Қазақ Халық Ағарту институтының директо-
ры Сәкен Сейфуллиннің тікелей бұйрығы бойынша орыс және қазақ 
әдебиеті тарихынан сабақ беруші оқытушы қызметке орналасады. 
Орта Азиялық Коммунистік Университеті (САКУ) тыңдаушыларына 
ақылы сағатпен дәріс оқитын.
САКУ – Түркістан өлкесіндегі партия, комсомол кадрларын дай-
ындайтын оқу орны болатын-ды. Бұл Кеңес үкіметінің соңғы жылда-
рында өмір сүрген Жоғары партия мектебі, комсомол мектебі сияқты 
оқу орындарының ең алғашқы ашылған үлгісі еді. Бұл партиялық оқу 
орын орысша, САКУ (Средне-Азиатский Коммунистический Универ-
ситет) деп аталып, онда Түркістан өлкесіндегі жергілікті өзбек, қазақ, 
қырғыз, түрікмен, қарақалпақ, тәжік ұлтының өкілдері мен әртүрлі 
келімсек халықтардың жастары оқыды. Осы оқу орнында М. Әуезов 
сабақ беруі себепті, САКУ-дің оқушылары мен оқытушылар құрамын 
жақсы білген. Сондықтан да ол «Кедей айнасы» журналының өтініші 
бойынша көлемді «САКУ-дің оқушылары мен оқытушылары» деп 
аталатын очерк типтес мақаласын жазып ұсынады. Бірақ журналдың 
редакторы ақын Зиябек Рүстемов журналға түскен мақалалардың 
көбейіп кетуіне байланысты бұл мақаланы «... ұзын жазылған мақала 
екен, басқа мақалалар болғандықтан, жалаң санын ғана алып бастық. 
Басқарма. 1928» деген арнайы ескерту жасап, қатты қысқартқаны 
көрініп тұр.
Мақала осы қысқартылған қалпымен де Түркістан өлкесі мен 
Қазақстанда 1920 жылы ресми түрде тұңғыш ашылған Түркістан 
Мемлекеттік университеті жанында ашылған Бүкілодақтық Кіндік 
Атқару Комитетіне қарасты В. И. Ле нин атындағы Орта Азиялық 
Коммунистік университетінің (САКУ) сол кездегі оқушылары мен 
оқытушыларының партиялық, әлеуметтік, ұлттық құрамы мен 19 бен 
30 арасындағы жастық құрамы жөнінде нақтылы әрі қызықты дерек-
мағлұмат беруімен де құнды.


320
Мұхтар Әуезовтің Елу томдық академиялық шығармалар 
жинағының 3-томына алғаш рет «Кедей айнасы» деп аталатын 
(Бүкілодақтық Кіндік Атқару Комитетіне қарасты В. И. Ленин 
атындағы Орта Азиялық Коммунистік Университетіндегі қазақ 
студенттері) журналының 1928–1929 жылғы 4-5 санында (49–50-бет) 
жарияланған түпнұсқасы негізінде өзгеріссіз сол қалпында басылым 
көріп отыр.
1. Ең тұңғыш жоғары оқу орындары САКУ мен САГУ-дің 
арасындағы айыр машылықты қазіргі жас буын, жаңа қауым жете біле 
бермейді. Бұлай болуы заңды да, өйткені аталмыш жоғары екі оқу 
орнының өзіндік ерекшелігін олар дың пайда болу, даму, өзгеру тари-
хына көз жібермесе екінің бірі біле бермейді.
а) САГУ-ді (Средне-Азиатский Государственный Универси-
тет) ашудың идеясы Ресей империясының Түркістан өлкесін отар-
лап, жергілікті халықты езіп-жаншуына қарсы 1868 жылы Әндіжан 
көтерілісіне байланысты туындаған болатын.
Ресей отаршылдарының ортасында Түркістан жерінде универси-
тет ашу идеясы көтерілгенде екі ұдай пікір таласы туындады. Бір жағы 
университет ашу арқылы жергілікті халықты еліктіріп, культрогерлік 
тәсілмен билеп-төстеудің қамын ойластырды. Өйткені Еуропаның от-
аршыл мемлекеттері отарланған жерлерде бұл тәсілді өз мүдделері 
тұрғысынан жүзеге асырған мысалдар бар болатынды. Екіншілері 
Түркістан халықтары ортасында университет ашудың уақыты пісіп 
жетілген жоқ, сол себепті әуре болудың қажеті жоқ деген пікірді 
ұстанды. Соңғы пікірді, тіпті, академик В. В. Бартольдтың өзі қолдап 
шықты.
Егер өткен тарих көшіне назар аударар болсақ, Түркістан жерінде 
XI ғасыр басында көне Үргеніште (Хорезм қаласында) 1010 жылы 
академия ұйымдастырылған болатын-ды. Оны ұйымдастырып жүзеге 
асырған Хорезм шахы Абуллабас Мамун болуы себепті, бұл жоғары 
оқу орны «Мамун академиясы» деп аталып, оның қабырғасынан Әбу 
Райхан Бируни, Ибн Сина, Хорезми тәрізді ұлы оқымысты ғалымдар 
шықты. Ал Еуропа жеріндегі Ғылым академиясы Англияда 1162 
жылы, Ресейде 1724 жылы (университет 1753 жылы) дүниеге келген 
еді.
XVIII ғасырда Самарқанд пен Бұхарада 70, Ташкентте 18 медресе 
қызмет атқарған. 1898 жыл мен 1913 жыл аралығында осы жерлер-
де 7665 мектеп, медресеге жетсе, не себепті бұл жерде университет 
ашуға уақыт әлі пісіп жеткен жоқ деп дау айтудың түбі халықтың 
ұлттық санасының оянып кетуінен сескенуден басқа еш нәрсе де емес 
еді.


321
Міне, Түркістан өлкесінде университет идеясы Ұлы Қазан 
төңкерісінен кейін жергілікті жерде қайта көтеріліп, 1918 жылы 
5 көкекте Ташкент қаласында «Народный университет» ашылып, 
ректорлығына А. В. Попов сайланды. Осымен бірге «Мұсылман 
халық университеті» ашылып, ректорлығына Мунауар Қарт 
Абдуратидханұлы сайланды. Осы университеттің «Народный универ-
ситет», «Халық университеті» деген екі газеті болды.
1919 жылы 30 тамыз айында Түркістан Мемлекеттік Университеті 
(ТурГУ ) ресми түрде Үкімет тарапынан ашылды. 1920 жылы 7 
қыркүйек айында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің декретінде 
«Түркістан Мемлекеттік Университеті РСФСР халық комиссарлар 
Кеңесінің қарауында болады», – деп жазылды.
1920 жылы 22 желтоқсан айында Түркістан Мемлекеттік 
университеті жергілікті өкімет қарауына алынып, жергілікті бюджет-
ке
 
телінді. Университет ректорлығына 24 жастағы коммунист А. Ф. 
Солькин ректор болып тағайындалды.
1923 жылы 17 шілде айында Түркістан Мемлекеттік университеті 
Орта Азиялық Мемлекеттік университет (САГУ) деп аталып, ректо-
ры А. А. Знаменский болды. Осы жылы ректордың ұсынуы бойынша, 
Тұрар Рыскұлов университет ғылыми Кеңесінің мүшесі болып сай-
ланды. М. Әуезов пен Т. Рысқұловтың алғашқы таныстығы да осы 
жылы басталып, М. Әуезов Ленинград университетіне арнайы жолда-
ма алып, оқуға кетті.
САГУ-дің алты факультетінде 2671 студент оқыды. Оның 1076-ы 
орыс, 368-і еврей, 38-і армян, 7-уі ғана өзбек болуында көп мән жатыр.
1927 жылы САГУ-дің ректоры болып профессор Городецкий таға-
йындалды. Студенттердің саны 4107 кісіге жетті. Оның 8% өзбек, 6,4% 
қазақ, 3,9% түрікпен, т. б. болды. Ал 1928 жылы жергілікті ұлттардың 
саны 223 кісіге әрең жетті.
1930 жылы жергілікті ұлттан шыққан оқытушылар саны 6%-ке, 
яғни 
28
кісіге жетті. Университет бойынша 11-ақ аспирант болды
соның бірі Мұхтар Әуезов болатын-ды.
ә) САКУ (Средне-Азиатский Коммунистический университет им В 
И. Ле нина) САГУ-дің жанынан ашылған партия, комсомол мектептері 
еді. М. Әуезов өзінің «САКУ-дің оқушылары мен оқытушылары» деп 
аталатын «Кедей айнасы» журналында басылым көрген мақаласында 
осы жоғары партия, комсомол мектебіндегі оқушылар мені 
оқытушылар құрамын әр қырынан алып, талдап көрсетуге мән бере 
қарайды.
М. Әуезов САКУ-дің ішіндегі әйелдер курсы, баспа қызметкері 
(журналистер) курсы, комсомол университеті, олардың сыртқы 
оқушыларына дейін назар аударады.


322


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет