Гимнастика сабағында дайындық бөлігін ұйымдастыру және өткізу тәсілдері Орындаған: Р.Құрметбек Алматы 2023 Мектепте гимнастикамен айналысудың негізгі формасы – гимнастика сабағы



Дата24.03.2023
өлшемі26,47 Kb.
#76013
түріСабақ
Байланысты:
Гимнастика сабағында




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

ЭССЕ

Тақырыбы: Гимнастика сабағында дайындық бөлігін ұйымдастыру және өткізу тәсілдері


Орындаған: Р.Құрметбек


Алматы 2023


Мектепте гимнастикамен айналысудың негізгі формасы – гимнастика сабағы. Гимнастика сабақтарының негізгі мақсаты – денсаулықты нығайту, білімді, өмірлік маңызы бар дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиелердің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту. Оның міндеті:  дене тәрбиесі саласындағы білімдерді қалыптастыру;  жеке дене белсенділігі деңгейіне қойылатын талаптарды үнемі арттыру аясында денсаулықты нығайту;  ағзаның жаттыққандығын қамтамасыз ететін қозғалыс-қимылдарына, іскерліктер мен дағдыларға және дене мен ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің қажетті деңгейлеріне үйрету;  дене дайындығының деңгейін арттыру және дене қасиеттерін тәрбиелеу.
Осы пәннің мақсат – бағытының арасынан дене тәрбиесінің атқаратын әлеуметтік мақсаттағы бағыты айрықша ерекшеленеді. Бұл төмендегідей мәселелерді қамтуы керек:  қозғалыс тәжірибесінің жинақталуы саласындағы таным негіздерімен (арнайы, кәсіби - қолданбалы сипаттағы) қаруландыру;  жарыстар ұйымдастыру және өткізу дағдыларын қалыптастыру;  жаттығу техникаларын, сондай-ақ талғампаз, әдепті қимылқозғалыстар жәрдемімен жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете білу мүмкіндіктерін аша түсу;  дене тәрбиесіне деген әлеуметтік көзқарасты, ұстанымды нығайту. Гимнастика сабақтарын ұйымдастыру мектепте мақсатты, гигиеналық жағынан негізделген, сауықтыру-қозғалыс режимін орнықтыруға себепкер болуы керек.
Сабаққа қойылатын ең маңызды талаптар төмендегідей:  жынысын, жасын, дене дайындығын ескере отырып, әр оқушының үлгеріміне жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз ету,  сабақтың қимыл-қозғалыстарға негізделуі мен жоғары тығыздығына қол жеткізу;  дене жаттығуларының қайсыбір түрлерін оқушылардың табысты меңгеруіне (дербес ізденістеріне) жағдай жасау;  негізгі дене сапаларын (күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік, ептілік ) көрсеткіштерінің өсуіне себепші болатын оқу материалдарына көбірек көңіл бөлу.
Оқу процесінің сапасы денеге түсетін жүктемелер қарқындылығы мен оның көлемін есептей отырып, топқа берілетін тапсырмаларды ойластырып жоспарлауға байланысты болмақ. Гимнастикалық сабақтар өз педагогикалық мақсаттарына байланысты келесі түрлеріне бөлінеді: оқу сабақтарына, жаңа материал үйретуге арналған; жаттықтыру сабақтарына, алдынғы материалды бекіту; аралас сабақтар; жаңа материал үйретумен қатар алдында өткенді жетілдіру және нығайту; бақылау сабақтарына, оқушылардың үлгірімін тексеру үшін. Гимнастика сабағы гимнастикалық залдарда немесе арнайы жабдықталған және бейімделген ғимараттарда өткізілу керек. Құрғақ, жылы және желсіз ауа райы кезінде гимнастика сабақтарын пайдалы ашық гимнастикалық аландарында өткізуге. Гимнастика сабақтарында өтетін оқу материалы дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламасының көшірмесінде көруге болады(1 қосымшасы).
Гимнастика сабағының құрылымы Гимнастика сабағы үш бөлімнен тұрады: кіріспе – дайындық, негізгі және қорытынды. Кіріспе – дайындық бөлімі. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты – оқушыларды ұйымдастыру және олардың ағзаларын негізгі оқу жұмысына дайындау. Сонымен қатар, кіріспе – дайындық бөлімінде білім беру мақсаттары шешіледі, соның ішінде оқушылардың дұрыс мүсін дағдыларын қалыптастыру, қозғалыстардың үйлесімділігін жетілдіру, саптық жаттығуларын үйрету т.б. Кіріспе – дайындық бөліміне таңдап алынатын жаттығулардың белгілі түрлері ең алдымен сабақ мақсаттарына, шұғылданушылардың құрамына және сабақ өткізу жағдайларына байланысты. Кіріспе – дайындық бөлімнің дәстүрлі сызбасы: сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сабақтың негізгі мақсаттарын хабарлау, саптық, жүру, жүгіру және жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Жалпы дамыту жаттығулар заттармен(доп, гимнастикалық таяқ, секірткіш, гантель) және затсыз, бір орында тұрып немесе сапта келе жатып, жұпта, гимнастикалық сатыларды немесе орындықтарды пайдалана, ойын немесе жарыс түрінде өткізуге болады.
Ең бастысы, таңдалған жаттығулар шұғылданушылардың ағзасына жан – жақты әсер тигізу керек. Жеткілікті тығыздығын қамтамасыз ету үшін ЖДЖ кешеніне кіретін жаттығулар оқушыларға таныс және қол жітерлік болу керек. Жалпы дамыту жаттығулар кешенің құрастыру кезінде басшылыққа белгілі ережелер алу қажет. Жаттығулар орындау кезектілігі келесі: үстінен төмен қарай немесе керісінше. Яғни, мойын, қол және иық, тұлға және аяқ бұлшық еттеріне арналған. Қозғалыс амплитудасын және қарқындығын біртіндеп арттыру. Жаттығулар қайталау санын анықтау кезінде балалардың дайындық деңгейін және қыздар мен ұлдардың 17 функционалдық мүмкіндіктерін есепке алу керек. Қыздар мен ұлдарға берілетін жүктеме IV сыныптан бастап ыңғайластырылады. Жаттығулар орындау үшін оқушыларды алшақ тұрған колоннаға, шеңбер немесе қатарға тұрғызады. Жалпы дамыту жаттығулар кешенін өткізудің төрт негізгі тәсілі бар: бөліп – бөліп(әдетті), өтпелі, толассыз және ойын. Бөліп – бөліп тәсілін қолдану кезінде әр кезекті жаттығуды орындаудың алдында, оны түсіндіру үшін жаттығулар арасында үзіліс жасалады. Әр жаттығу белгілі бастау қалпынан орындалады, оны түсіндірген кейін «Бастау қалпын – ұста!» деген команда беріледі. Жаттығуды бастау үшін «Жаттығуды бас – та!» деген команда беріледі, осы жерде керек болса қозғалыс бағыты белгіленеді. Мысалы, «Жаттығуды оң жаққа бас – та!» Жаттығудың орындауын аяқтау үшін «Тоқта!» деген команда беріледі. Орындалатын жаттығулар туралы хабарлау үшін келесі әдістер пайдаланады: ауызша айту, көрсету, аралас(айту мен көрсету), бөлшектеу. Ауызша түсіндіру кезінде ең бірінші жаттығудың бастапқы қалпы, ал содан кейін қимыл – қозғалыстардың орындау кезектілігі түсіндіріледі. Көрсету әдісін пайдалану барысында бастапқы қалпы түсіндірген кейін жаттығу орындап көрсетіледі. Аралас әдісі бұл жоғары айтылған екі хабарлау түрінің үйлесуі, яғни ауызша түсіндірумен қатар көрсету. Жаңа немесе техника жағынан күрделі жаттығулар туралы хабарлау кезінде бөлшектеу әдісін қолданылады. Сол үшін мұғалім жаттығу құрамына кіретін әр қозғалыс әрекеті түсіндіріп, оны оқушылармен бірге орындап тұрады. Мысалы, Б.қ. – негізгі түру, бастау қалпыны ұста. Бір – таянып отыру, бірді істе. Екі - таянып жату, екіні істе. Үш – оң аяқ жоғары, үшті істе және былай әр әрекет түсіндіріп бірге орындайды. Толассыз тәсілін қолдану кезінде барлық жаттығулар үздіксіз орындалады. Осы тәсіл сабақтың тығыздығын және оқушылардың белсенділігін арттырады. Толассыз тәсіл көбінесе жоғарғы сыныптың жеткілікті жақсы даярланған оқушылармен қолданылады.
Жаттығулар кешені қарапайым және таныс жаттығулардан құрастырылады. Олардың кезектілігі бір жаттығудан келесіге женіл ауысуын қамтамасыз ету керек. Ауысу «Жаттығуды бастауға болады!» деген команда бойынша орындалады. Осы кезде жаттығуды атап айтады. Өтпелі тәсілі оқушылар жүріп келе жатқанда қолданады. Осы тәсіл арқылы әртүрлі жаттығулар жүріспен үйлестіруге болады. Бұл тәсіл да сабақтың тығыздығын арттырады. Жаттығуды аяқтау үшін «аяқта!» деген команда беріледі. Ойын тәсілі жаттығуларды орындау кезінде ойын сюжетін қосумен сипатталады. Мысалы, сыныпты екі топқа бөліп жаттығулар орындау кезінде белгілі сигнал(шапалақ, ысқыру т.б.) бойынша алдына ала белгіленген тәсілмен(жүгіріп, секіріп немесе т.б.) өз орындарын ауыстыру керек. Ойын тәсілі жоғары эмоционалдық әсермен ерекшеленеді.
Оқушылардың дене шынықтыру деген қызығушылығын сақтау және арттыру үшін мұғалім барлық тәсілдер мен әдістерді қолдана білу керек. Кіріспе – дайындық бөлімнің ұзақтылығы сабақ мазмұны мен мақсаттарына және оқушылар контингентіне тәуелді. Яғни, негізгі бөлімінде берілетін жүктеме, шешілетін қозғалыс мақсаттар, балалардың дайындығы, жасы және жынысы осы барлығы өз әсерін тигізеді. Орташа алғанда бұл бөлімнің ұзақтылығы – 10-15 минут. Негізгі бөлімі. Сабақтың негізгі бөлімінде осы сабақтың қозғалыстар үйрету мен оқушылардың дене сапаларын тәрбиелеумен байланысты негізгі мақсаттары шешіледі. Бұл бөлімін жоспарлау кезінде есепке келесі ережелер алу керек: негізгі бөлімнің басында ең күрделі білім беру мақсаттар(қозғалыстар оқыту) шешіледі және де нәзік үйлестіру талап ететін қозғалыстар орындауы іске асырылады. Үлкен энергиялық шығымдармен байланысты жаттығулар бөлімнің аяғында беру қажет. Оқу материалды меңгерудің тиімділігі әртүрлі гимнастикалық жаттығулардың дұрыс кезектілігіне байланысты. Біркелкі жүктемесі бар жаттығуларды бір бірінен кейін қоюға болмайды. Мысалы, таяну қалпында орындалатын жаттығулардан кейін асылу қалпындағы жаттығулар беру керек. Бөлек жаттығулардың орындау кезектілігін анықтау кезінде олардың өзара әсерін(жағымды және теріс әсер) есепке алу керек. Сабақта берілетін жаңа материал шамадан тыс шықпау керек. Оқушылар білмейтін жаттығулардың саны, олардың техникалық күрделілігіне байланысты. Сондықтан, бір сабақта 1-2 жаңа техникалық элемент оқытуға орынды. Оқу материалды тым артық түрлендіруге болмайды. Бұл жағдайда шұғылданушылардың назары бытыраңқыланып кету мүмкін, ал оның салдырында оқыту нәтижесіне теріс әсер тию мүмкін. Әдетінше, бастауыш сыныптарда сабақтың негізгі бөліміне төрт әртүрлі жаттығу енгізеді, ал ортаншы және жоғары сыныптарда – екеу-үшеуі. Оқушылардың әрекетшілігін ұйымдастыру тәсілдері балалардың дайындығына және санына, оқу мақсаттарына, керек-жарақ бар болуына байланысты әр түрлі болу мүмкін. Күрделі емес жаттығулар үйрету немесе қайталау кезінде негізгі бөлімді фронталды тәсілін қолдана өткізуге орынды. Бұл тәсіл бойынша барлық оқушылар жаттығуларды бір уақытта орындайды. Әдетінше, оны жалпы дамыту жаттығулар өткізу кезінде және күрделі емес акробатикалық, еркін және би жаттығулар үйреткенде қолданады. Мектеп тәжірибесінде негізгі бөлімді өткізудің ең таралған тәсілі топтық тәсіл(сыныпты топтарға, бөлімшелерге бөлу) болып табылады. Бұл әрекетшілік ұйымдастыру тәсілдің өзге түрлері бар: бөлек топтар бір уақытта әртүрлі құралдарда жаттығулар орындау мүмкін және олар кезекпен бір құралда жұмыс істейді( бұл топтық – ауысым тәсіл).
Бірінші жағдайда топтар саны осы сабаққа белгіленген құралдардың санына сәйкес келу керек. Әр топта 8-10 оқушы болғаны дұрыс. Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың дайындық деңгейін еске алу керек. Күрделі емес жаттығулар үйрету кезінде топқа жақсы және нашар даярланған оқушыларды қосу орынды. Әлсіз оқушылар мықтыларға қарап жақсы жасауға тырысады, ал мықтылар оларға көмектесе алады. Күрделі жаттығулар оқыту кезінде оқушылар басқаша топтастырылады, яғни мықтылар бөлек, әлсіз бөлек. Себебі, әлсіз оқушыларға көбірек дайындық жаттығулар беру керек. Егер оқытушыда жақсы дайындалған көмекшілері болған жағдайда, осы ұйымдастыру түрінің тиімділігі айтарлықтай көтеріледі. Топтық – ауысым тәсілі қолдану кезінде оқушылардың санына және оқу материалдың сипатына байланысты сыныпты екі, үш немесе одан көп топқа бөліп тастайды. Топтарды балалардың жынысына қарап құрастырады. Жаттығуды түсіндіріп көрсетуден кейін, оны бірінші топ(барлықтары бірге)орындайды, ал содан кейін келесі топ оған кіріседі. Өзара көмек ұйымдастыру үшін бір топтың әр оқушысы басқа топтың оқушысына тіркеледі. Олар бір біріне көмектеседі, қателерін айтады, яғни мұғалімнің көмекшісі міндеттерін атқарады. Бұл тәсілді күрделі емес жаттығулар оқыту кезінде пайдаланады, бірақ ол үшін гимнастикалық құралдардың саны жеткілікті болу керек. Жоғары сыныптарда толассыз тәсіл қолданады. Бұл тәсіл бойынша оқушылар жаттығуларды белгілі кезектілікпен әр түрлі құралдарда жасап тұрып ауысады. Мұғалім жаңа жаттығу үйретілетін құралдың жанында орналасады, ал қалған құралдарда оқушылар алдында өткенін қайталайды. Құралдардың саны және тапсырманың мөлшері барлық құралдарды өту үшін сабақ уақытты жеткендей болу керек. Оқушылардың дене сапаларын тәрбиелеу үшін жоғары айтылған тәсілдер және де «айналмалы жаттығу» деген тәсілінің түрлі нұсқалары қолданады. Сабақ тиімділігі көбінесе жүктемені дұрыс мөлшерлеуіне байланысты. Артық жүк тиелу мен шамадан тыс қажуды ескерту үшін шұғылданушылардың ағзасына жан-жақты әсер тигізетін түрлі жаттығулар қолдану қажет. Сабақтағы жүктеменің реттелуі жаттығулар орындау ұзақтылығы мен қайталау санын өзгерту, қозғалыс амплитудасы мен қарқындығын және де бұлшық еттер ширығу дәрежесін түрлендіру, әртүрлі сипатына ие жаттығулардың ұтымды кезектестіру, қайта қалыпына келтіру амалдарын (тыныс алу жаттығулар, массаж т.б.) дер кезінде пайдалану арқылы іске асырылады. Ескерту керек, сабақ барысында оқушыларға физикалық жүктемесімен қатар психикалық жүктеме тиеді, ал ол баланын ағзасында өте манызды өзгерістердің(кей кезде теріс) себепші болу мүмкіндігіне байланысты, оларды да реттеу керек. Орташа алғанда негізгі бөлімнің ұзақтылығы – 25-30 минут. 20 Қорытынды бөлімі Қорытынды бөліміне аз уақыт бөліп берсе де, бұл бөлімінде едәуір манызды міндеттер шешіледі: 1. Тез қайта қалыпына келтіру. Белгілі, қарқынды қозғалыс әрекетшілдік шаршатады, ал оның салдарында оқушылардың жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Сондықтан олар кесте бойынша болатын келесі сабақта дұрыс жұмыс істей алмайды. Сонымен қатар, гимнастикалық жаттығуларды орындауы белгілі қауіп-қатерлілікпен байланысты, ал осы жағдайдың негізінде оларда психикалық қажу қалпы пайда болу мүмкін. Осы барлық теріс әсерлерден аман болу үшін қайта қалыпына келтіру тездетілген процесін қамтитын шаралар қолдану қажет. 2. Сабақты қорыту және алдағы сабаққа нұсқама беру. Қорытынды жасау кезінде мұғалім сабақтың барлық тараптарына өз көзқарасын білдіріп (шұғылданушылардың тәртіптілігіне, белсенділігіне, сабақ нәтижелеріне) және де өзіндік жұмыс тапсырмаларын беру қажет. Жоғары айтылғанды орындау үшін келесі тәсілдер қолданады: 1. Тыныштандыратын жаттығулар: жүріс, жеңіл жүгіріс, босаңсыту және тыныс алу жаттығулар. 2. Назар аудару жаттығулар: музыкалық тапсырмалар, ыңғайлы ойындар т.б. 3. Эмоционалдық жай-күйін көтеретін ойындар: ойындар мен эстафеталар, би жаттығулар т.б. Орташа алғанда бұл бөлімнің ұзақтылығы – 3-5 минут. 2.2 Сабақ ұйымдастыру мен беру тиімділігін бақылау Сабақ ұйымдастыру мен беру тиімділігін бағалау үшін педагогикалық – дәрігерлік бақылаудың келесі әдістері қолданылады: сабақтың хронометраж, тамыр соғу жиілігін өлшеу және педагогикалық талдау. Хронометраждың негізгі мазмұны қандай - болса да әрекетті орындауына жұмсалған уақытты анықтау. Көбінесе оны жалпы және моторлық тығыздығын анықтау үшін пайдаланады. Жалпы тығыздық ұтымды пайдаланған уақытын және сабақтың жалпы ұзақтығының арасындағы қатынасымен анықталады. Ұтымды пайдаланған уақыт деп түсіндіру, жаттығулар көрсету мен орындауына, оқу материалының мәнін түсіну және демалу үшін бөленген уақыты айтады. Моторлық тығыздық қозғалыс әрекетшілдікке бөленген уақытын көрсетеді. Моторлық тығыздық сабақ түріне, оның негізгі мақсаттарына тәуелді. Мысалы жаттығу сабақтарының моторлық тығыздығы оқу сабақтарына қарағанда жоғарлау. Сонымен қатар, моторлық тығыздық сабақ мазмұнға және өткізу әдістеріне байланысты. Жалпы дамыту, еркін, акробатикалық, т.б. осындай жаттығулар үйрету кезінде фронталдық әдісін терең қолдануға келеді. Ал гимнастикалық құралдағы жаттығуларын 21 бергенде осы әдісті қолдануға ыңғайсыз. Сондықтан, бірінші жағдайда сабақтың моторлық тығыздығы жоғарлау. Осындай сәтте, гимнастикалық құралдағы жаттығулардың моторлық тығыздығын жоғарлату үшін келесі шаралар қолдану келеді: - Ұзартылған құралдарды пайдалану; - Белгілі жаттығуды оқыту кезінде құралды дұрыс таңдау. Мысалы, аралас таяну және асылу қалыптарын темір аспада емес, бөренеде ыңғайлы үйретуге; - Қосымша құралдарды қолдану. Мысалы, тепе-теңдік жаттығуларын бөренеде үйретумен қатар, осы кезде гимнастикалық орындықтарды қолдану; - Толассыз әдісін қолдану. Моторлық тығыздық сабақ тиімділігінің манызды көрсеткіші. Бірақ оны жоғарлатуға ақылмен талаптану керек. Әр белгілі жағдайда оның орнықты көлемі болады. Одан шығып кету кезінде сабақтың педагогикалық тиімділігі төмендейді. Сабақтың жалпы және моторлық тығыздығын есептеп шығару үшін сабақ кезінде әрекетшілдіктің келесі түрлерінің уақытты анықталады: 1. Жаттығуларды орындау, 2. Жаттығуды көрсету және түсіндіру кезінде байқау мен тыңдау, 3. Демалыс, өз кезегін тосу, 4. Сабақ ұйымдастыру әрекеттері, 5. Бос тұру. Хронометраждау қандай болса да оқушыны байқаумен іске асырылады. Байқау әділетті болу үшін осы топқа ең әдеттегі (тіпті) оқушыны алу керек. Хронометраж нәтижелерін арнайы хаттамаға жазып алады (2 қосымшасы). Тамыр соғу жиілігін өлшеу (пульсометрия) деп берілген жүктемеге ағзаның реакциясын тамыр ұстау арқылы анықтауды айтады. Жүректің соғуын, қол білезігінің бас бармақ жағындағы тамырды, біріктірілген үш саусақпен ұстау арқылы тексереді. Тамыр соғу жиілігін өлшеу үшін алдын-ала төмендегідей көрсетілген хаттама дайындалады. Оқушылардың арасынан ортаншы деңгейдегі оқушы таңдап алынып, сабақ басталмас бұрын оның жүрек соғысы тамырын ұстау арқылы анықталады. Сабақ бойы осы оқушының жүрек соғысын 3 минуттан асырмай, немесе жаттығу жасар алдында және жасағаннан кейін өлшеп отырады. Көрсеткіштердің бәрі пульсометрия хаттамасына жазылып отырады(3 қосымшасы). Сабақтың соңында жүрек соғысының көрсеткіштерінің қисығы анықталып сызылады және талдау жасалады Талдау жасағанда жүктеменің дұрыс немесе қате берілуіне көңіл бөлінеді. Мектептегі негізгі медициналық топтағы оқушылардың жүрек соғуының жоғарғы шекарасы минутына 170-180 рет (жақсы дайындалған оқушылардың жүрек соғуы 22 200 ге дейін жетуі мүмкін). Ортаншы қарқындылық жұмыс жүректің минутына 140-160 рет соғуы және төменгі қарқындағы жұмыс 110-130 рет соғуына тең болып саналады. Сабақтағы жүктеменің мөлшері төмен болса ағзаға ешқандай пайдасы болмайтынын, ал шамадан тыс жоғары болса денсаулыққа зиянын тигізетінін есте сақтауымыз керек. Сабақ бойы жүрек соғуының өте жоғары көтерілуі 2-3 рет қайталануы мүмкін Педагогикалық талдау. Сабағының педагогикалық талдауын өткізу үшін сабақ алдында және оның барысында келесі мәліметтер жазып алу керек 1. Жалпы мәліметтер (мектеп, сынып, өткізілген күні, уақыты, өткізу орны, сабаққа қатысушылардың және қатыспаушылардың саны). 2. Сабақ өткізетін орынның материалдық-техникалық жағдайы бағалау (тазалығы, желдетілуі, құрал саймандардың дайындығы, олардың орналасуы, таратылуы және жиналуы) 3. Оқытушының және оқушылардың сабаққа дайындығы (оқытушының сабақ мазмұнын дайындауы, әдістердің, ұйымдастыру түрлерінің оқушылардың жасына, сабақтың жағдайына сай келуі). 4. Сабақтың міндеттері мен әдістемелерінің ерекшеліктері (сабақтың типі, түрі, міндеттері, амалдар мен әдістерді дұрыс қолдану, сабақтың құрылымы). 5. Сабақтың мазмұны (сабақтың мазмұнының бағдарлама материалына сай келуі, игерілген материалды тексеру және оны бекіту, үй жұмыстарын беру, жүктеменің дұрыстығы). 6. Оқыту және тәрбиелеу әдістері пайдалана білу дағдылар (сабақты түсіндіру логикасы, тапсырма беру, сөз пайдалану әдістерін кеңінен қолдана алу, терминологияны дұрыс қолдана алу, саптың алдында өзін ұстай алу, бұйрық беру, дұрыс, дәл уақытында көрсете алу, толық және бөліп үйрету әдістерін қолдана алу, оқушылардың жасына, жынысына жеке бастың ерекшеліктеріне байланысты жүктемені беруді бағалау, ойындарды, дайындық жаттығуларын тиімді қолдану). 7. Оқытушының әрекеттері (педагогтың жетекшілік ролін сақтауы, оқушылардың әрекеттерін бақылау, оқушылардың жеңілден ауырға ауысуын қамтамасыздандыру, жас-жыныстық ерекшелігін ескеру, оқытушының дауыс және қозғалыс дайындығы, киім киісі). 8. Оқушылардың әрекеттері (оқушылардың сабақтың міндеттерін, мұғалімнің талаптарын, қойылған сұрақтардың сипаттамасын түсінуі, сабақта жұмыс жасау ынтасы, өзін-өзі бақылау). 9. Сабақтың нәтижесі. Сабақтың міндеттерінің орындалуы а) білім беру; б) денсаулықты жақсарту; в) тәрбиелеу; 23 10. Қорытындылау және ұсыныстар Сабақтың жалпы қалай өткені туралы, жақсы және дұрыс емес жақтары. Мұғалімнің сабақты әрі қарай жетілдіруі және кемшіліктердің алдын алу әрекеттері.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет